Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 639 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 3 тамыздағы
№ 639 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 35-тармағы.

      3. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 57 қаулысы.

      4. "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 435 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 395 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 842 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады