Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 842 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:

      4-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ БТН коды".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады