"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 643 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 28-1) және 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) цифрлық трансформацияны жүргізеді;

      28-2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "48-1) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      52) тармақша алып тасталсын;

      140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "140) жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;";

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      мынадай мазмұндағы 155-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "155-1) республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 167-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "167-4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу бөлігінде олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын және оларды жоспарлау жобасын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) келіседі;";

      184) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "184) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;";

      мынадай мазмұндағы 185-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "185-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 231-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "231-1) атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 327-1), 327-2) және 327-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "327-1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындылары негiзiнде жекелеген аумақтарды (акваторийлерді) төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялау туралы шешім қабылдайды;

      327-2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы мен экологиялық ахуалдың қалыпқа келтірілгенін куәландыратын зерттеп-қарау материалдары негізінде төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      327-3) су объектiлерiндегi немесе өзен бассейндерiндегi және жерасты суларының кен орындарындағы төтенше экологиялық жағдайды жариялайды;";

      мынадай мазмұндағы 391-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "391-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 468-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "468-1) тексерулер арқылы мыналарға:

      орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістер, оның санитариялық жай-күйіне;

      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;

      ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер қаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;

      ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен құрап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;

      ағаш кесу аймағының бөлінуіне;

      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінің сақталуына;

      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне;

      орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына;

      құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      488) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "488) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелерді әзірлейді және бекітеді;";

      493) тармақша алып тасталсын;

      514) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 639-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "639-1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      650) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "650) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады