"Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 647 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларға қолданылмайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үлгі жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.";

      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) жобалық қуаты 50 орынға дейінгі мүгедектігі бар балаларға және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу;";

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша іске асырылатын жобалар.

      8. Нормативтік құрылыс ұзақтығы 36 (отыз алты) айдан аз өнеркәсіптік, өндірістік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салуды (реконструкциялауды) көздейтін жобалар, оның ішінде:

      1) әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілер, тұрғын үй, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, прокуратура, азаматтық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінің, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты, сот-медициналық сараптаманы, өрт, фитосанитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жұмыс істеп тұрған әуеайлақтардың, аэровокзалдардың және аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдары;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірме жолдар;

      5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы;

      6) өнеркәсіптік және өндірістік мақсаттағы;

      7) коммуналдық шаруашылық;

      8) денсаулық сақтау.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады