Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 726 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне берілсін.

      3. Мынадай акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары:

      1) "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне;

      2) "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне;

      3) "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне берілсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 тамыздағы
№ 726 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      "21-208. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-209. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-210-жолмен толықтырылсын:

      "21-210. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 389 және 389-8-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 393-2-жолмен толықтырылсын:

      "393-2. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 395-1 және 395-2-жолдармен толықтырылсын:

      "395-1. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      395-2. "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 398-1-жолмен толықтырылсын:

      "398-1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 қаулысында:

      1, 2 және 4-тармақтар алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады