Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 736 қаулысы

      Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар мен Қостанай облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген

Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Жітіқара қаласы – Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде облыс орталығы Қостанай қаласынан 220 километр қашықтықта орналасқан аудан орталығы. Өңірдің экономикалық-географиялық жағдайы қолайлы. Ресей Федерациясы Челябі облысы Бредин ауданының шекарасына дейінгі қашықтық 23 километрді құрайды.

      2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жітіқара қаласының халық саны 35298 адамды құрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық – 19684 адам (55,8 %). Жұмыссыздық деңгейі 4,7 %-ды құрайды.

      2022 жылы 1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 11,9 жағдайды құрады (2021 жылы – 16,7 жағдай), аналар өлім-жітімі бойынша 1 жағдай тіркелді (2021 жылы – 0), сәбилер өлім-жітімі көрсеткіші 1000 тірі туғанға – 5,9 жағдай (2021 жылы – 19,1 жағдай).

      2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаждар кезектілігінде 741 отбасы тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 11, әлеуметтік жағынан осал отбасылар – 435, жетімдер – 145, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері – 150 отбасы.

      2022 жылы 90 пәтер берілген, оның ішінде 2 пәтер – көп балалы отбасыларға, 32 – жетім балаларға, 52 – толық емес отбасыларға, зейнеткерлер мен мүгедектерге, 4 – бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне берілген, оның ішінде кезекте тұрған 65 азаматқа 11-шағын ауданның № 18 үйін күрделі жөндеу есебінен тұрғын үй берілген.

      Моноқаланың экономикалық мамандануы индустриялық бағытқа ие. Өңір хризотил-асбест, алтын қоспасы бар кен өндіруге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге маманданған.

      Өнеркәсіп құрылымында ең көп үлес салмақ тау-кен өнеркәсібіне тиесілі.

      Тау-кен өндіру секторының ірі кәсіпорындары – қала құраушы болып табылатын "Қостанай минералдары" АҚ және "Комаров тау кәсіпорны" ЖШС қаланың өнеркәсіптік әлеуетін айқындайды.

      "Қостанай минералдары" АҚ – хризотил-асбест өндіру және байыту жөніндегі Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы. Кеннің баланстық қоры кәсіпорынның жұмысын пайдалануға (100 жылдан астам) жеткілікті.

      "Комаров тау кәсіпорны" ЖШС пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу қызметін жүзеге асырады.

      Бұдан басқа, өңірде құны 1100 миллион теңге болатын және 140 жұмыс орны құрылған "Жітіқара ауданында дайын өнім – доре қорытпасын ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және 450 мың тоннаға дейін кенді қайта өңдеу" "зәкірлік" жобасының өтініш берушісі болып табылатын "Брендт" ЖШС ірі кәсіпорны жұмыс істейді.

      Ауданның өңдеу өнеркәсібін металлургия, азық-түлік кәсіпорындары мен басқа да өнеркәсіп салалары құрайды.

      Бұл ретте жақын арада шешілуге тиісті мына проблемалар бар:

      1. Жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтер тарифтерінің жоғары болуы.

      Қазіргі уақытта орталық қалалық қазандық жабдықтары 2 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынады, объектілерді жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау күзгі-қысқы кезеңде ғана жүзеге асырылады. Табиғи газ бен электр энергиясы құнының жоғары болуына байланысты жазғы кезеңде ыстық сумен жабдықтауға едәуір қаржы қаражаты талап етіледі. Меншікті электр станциясын орнату электр энергиясын сатып алу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сағатына 5 Гкал көлемінде жылу энергиясын өндіру газ тәріздес отынды сатып алу шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыру электр энергиясы мен жылу энергиясының өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді, энергия үнемдеуде оң нәтиже береді. Жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру және коммуналдық көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өсуін тежеу үшін 2023 – 2024 жылдары "Орталық қалалық қазандықтың өз қажеттіліктерін өтеу үшін газ тұтынатын энергетикалық қондырғы салу" жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірленді, 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-0400/22 сараптаманың оң қорытындысы бар.

      2. Жылумен жабдықтау желілерінің жоғары дәрежеде тозуы. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 78,5 километрді, тозуы 61,1 %-ды құрайды.

      Қазіргі уақытта қаланың жылу желілерінің ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты (25 жылдан астам) құбырлар айтарлықтай металл коррозиясына ұшыраған, нәтижесінде құбырлар бетінің тұтастығы бұзылып, ол жылытылған судың едәуір шығынымен қатар авариялардың жиі болуына себепші болып отыр. Бұған жол бермеу үшін ескі тозығы жеткен құбырларды полиуретанды көбік оқшаулағышы бар жаңа болат құбырларға ауыстыра отырып, жылу желілерінің учаскелерін реконструкциялау, сондай-ақ авариялық жағдайларды болдырмау және жөндеу арасындағы режимді сақтау үшін су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізу қажет, бұл Жітіқара қаласының тұтынушылары мен әлеуметтік сала объектілерін үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша жылумен жабдықтаудың тозуы
61,1 %-дан 59 %-ға дейін төмендейді.

      3. 12-шағын ауданда су бұру желілерінің жоғары дәрежеде тозуы, су бұру желілерінің болмауы.

      Су бұру желілерінің ұзындығы – 76,6 километр, тозуы 76 %-ды құрайды, 52,6 километрден астам желіні реконструкциялау талап етіледі.

      Қаладағы жалпы ұзындығы 1500 метр бәсеңдеткіш құдықтан бастап кәріздік тазарту құрылыстарына (бұдан әрі – КТҚ) дейінгі Д600 миллиметрлік кәріз коллекторы 1961 жылы салынған. Су бұру темірбетон құбырларынан жасалған. Пайдалану мерзімінде (60 жылдан астам) бетон құрылымын жоғалтып, физикалық тұрғыдан бұзылуға ұшырады. Агрессивті ортаның әсерінен кәріз құбырлары жұқарып, істен шығуда, құбырлардың өткізу қабілеті бұзылуда. КТҚ-ға келетін ағынды сулардың бітеліп қалу қаупі бар, бұл Жітіқара қаласына экологиялық апат төндіреді. Кәріз құбырлары сапалы су бұру нормаларына сәйкес келмейді әрі санитариялық және құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді. Орталықтандырылған су бұру жүйесімен қала халқының 81,6 %-ы қамтылған.

      Су бұру желілерін жөндеу жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүргізу үшін екі коллектор мен КТҚ-ны реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарлануда, бұл олардың сенімділігін, су бұруды үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шаралар су бұру желілерінің тозуын 76 %-дан 73 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

      12-шағын ауданның тұрғындары ағынды суларды бұру үшін септиктерді пайдаланады, бұл қала мен ауданның экологиясына теріс әсер етеді. Бұл проблеманы шешу үшін 2022 жылы ұзындығы 3,1 километр су бұру желілерін салуға ЖСҚ әзірленді. Су бұру жүйесімен қамту 81,6 %-дан 82,8 %-ға дейін ұлғаяды.

      4. Шортанды өзенінің оң жағалауындағы аз қабатты құрылыста орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болмауы.

      Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 182,7 километр. Жалпы ұзындығы 18,8 километрді құрайтын Шортанды өзенінің оң жағалауындағы аз қабатты құрылысқа сумен жабдықтау желілерін салу және Кеңсай шағын ауданын сумен жабдықтау желілерін салу 2,5 мыңнан астам адамды үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді және ауыз суды пайдаланатын халықтың қамтылуын 91,3 %-дан 99,3 %-ға дейін ұлғайтады.

      5. Қаланың жекелеген аз қабатты шағын аудандарында газдандырудың болмауы.

      Газбен жабдықтау желілерінің ұзындығы 139,4 километрді құрайды, халықтың 98,5 %-ы газбен қамтамасыз етілген. Проблеманы шешу үшін: № 1, Кеңсай (тарататын және жеткізетін газ құбыры), Дружба және 11-шағын ауданның аз қабатты үйлерін газдандыру бойынша төрт жобаны іске асыру жоспарлануда. Газбен қамтамасыз етілу 98,5 %-дан 99,2 %-ға дейін ұлғаяды.

      6. Емхананың терапиялық учаскелері кабинеттерін және аудандық ауруханада төсек-орындарды орналастыру үшін алаңның жетіспеушілігі, емханадағы үлкен кезектілік.

      Бұрынғы емхана ғимаратын қалпына келтіру және аудандық аурухананың ауысымына 400 келушіні қабылдауға көшуі амбулаториялық-емханалық қызметті, терапиялық учаскелер кабинеттерін орналастыру және үлкен кезектілік бойынша қазіргі проблеманы шешуге, сондай-ақ амбулаториялық науқастарға арналған төсек-орындарды көбейтуге мүмкіндік береді. Аудан аумағында бұрынғы емхананың ғимараты сақталған, сметалық құны 571,5 миллион теңге болатын емхана ғимаратын және аудандық аурухананың өтпежолын (қасбеттерді жөндеусіз) реконструкциялауға арналған ЖСҚ бар.

      7. Қосымша өрт сөндіру депосын салу қажеттілігі.

      Жітіқара қаласында № 12 өрт сөндіру бөлімі бар. Өрт сөндіру бөлімінің штат саны 42 штаттық бірлікті құрайды. Жауынгерлік есепте тәулік сайын екі өрт автоцистернасы және жеке құрамның 5 адамы болады. Қазіргі уақытта Жітіқара қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімінің аумағында үш шығуға арналған бір өрт сөндіру депосы бар. Өртке қарсы қызмет органдарының объектілерін жобалау қағидаларына сәйкес 20 мыңнан 50 мың адамға дейін халқы бар қалалар мен басқа да елді мекендер үшін өрт сөндіру деполары мен автомобильдер саны 6 шығуға арналған 2 депоны құрауға тиіс.

      Қосымша өрт сөндіру депосын салу қарауылдың төтенше жағдай болған жерге есептік келу уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде өрттің бастапқы даму кезеңінде өршуін оқшаулауға және жоюға, зардап шеккендерді уақтылы құтқарып, эвакуациялауға және өрт салдарын барынша азайтуға әсер етеді.

      Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және бизнестің экономикалық белсенділігін ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы лар

Қаржыландыру көлемі, миллион теңге*

Қаржылан дыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер

1.

Өнеркәсіпте:
өңдеу өнеркәсібі есебінен өнеркәсіптік өндірістегі қиыршық тас көлемін 91,3-тен 150 мың текшеге дейін ұлғайту;
негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 14,7-ден 18 миллиард теңгеге дейін ұлғайту;
хризотил-асбест өндірісін 250 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін ұлғайту.

2.

Кәсіпкерлік саласында:
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің санын 1,8 мыңнан 1,9 мыңға дейін ұлғайту;
сауда желісін 13,1 мың шаршы метрден 14,4 мың шаршы метрге дейін кеңейту;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру – жобалық қуаты сағатына 50 тонна қаптама.

3.

Денсаулық сақтау саласында:
терапиялық учаскелер, физиотерапиялық және оңалту бөлімшелері, балалар мен әйелдерге консультация беру кабинеттерін орналастыру, емханадағы кезектілікті азайту, емхана қуаты – бір ауысымда 400 келуші;
амбулаториялық науқастарға арналған күндізгі стационардағы төсек-орынды 7-ден 15-ке дейін көбейту.

4.

Бұқаралық спорт саласында:
дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың қамтылуын 44,4 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту;
спорттық-бұқаралық іс-шаралардың санын жылына 640-тан 740-қа дейін ұлғайту.

5.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында:
жобалық көрсеткіштер бойынша жылу энергиясының орташа босату тарифін 3,6 %-ға дейін төмендету, электр энергиясын сатып алу құнын 17,4-тен 12,23 кВт*сағат/теңгеге 29,7 %-ға дейін төмендету, қуат тұтынуды 1600-ден 2000 кВт*сағатқа дейін ұлғайту;
желілік судың қозғалыс схемасын өзгерту есебінен отынды 2,4 %-ға үнемдеу (су жылыту қазандықтарын реконструкциялау есебінен);
жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 61,1 %-дан 59 %-ға дейін төмендету;
су бұру желілерінің тозуын 76 %-дан 73 %-ға дейін төмендету;
қосымша 2,5 мыңнан астам адамның үздіксіз сумен жабдықталуын қамтамасыз ету, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуын 91,3 %-дан 99,3 %-ға дейін ұлғайту;
Жітіқара қаласы халқының газбен қамтамасыз етілуін 98,5 %-дан 99,2 %-ға дейін ұлғайту, 335 абонентті газбен жабдықтау жүйесіне қосу.

6.

Қауіпсіздік мәселелері:
қылмыстық әрекеттердің ашылуын 30 %-дан 40 %-ға дейін және әкімшілік құқық бұзушылықтардың ашылуын
4 %-ға дейін арттыру; қарауылдың төтенше жағдай орнына келуінің есептік уақытын екі есеге қысқарту (7 минут).

7.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша:
кездейсоқ үйінділер санын жылына 5-ке дейін қысқарту;
су тасқыны кезеңінде Жітіқара қаласының аз қабатты құрылыстарының (500-ге жуық адамы бар 127 үй) су басу қаупін төмендету;
саяжай учаскелерінің үздіксіз сумен жабдықталуын қамтамасыз ету.

8.

1750-ге жуық жұмыс орнын құру, жұмыссыздық деңгейін 4,7 %-дан 4,4 %-ға дейін төмендету.

I. Экономиканың нақты секторы

1. Өнеркәсіп және инвестициялар

1.

Аршалысай кен орнында
ұсақтау-сұрыптау кешенін салу және граниттер өндіру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

850

БК

2. Кәсіпкерлік

2.

Жітіқара қаласында супермаркет пен отбасылық дәмхана ашу (сауда залының алаңы – 1296 шаршы метр, дәмхана алаңы – 194 шаршы метр, 50 жұмыс орнын құру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

100

БК

10

ЖБ

3.

Астықты тиеп, қаптарға орау желісін іске қосу (жобалық қуаты – сағатына 50 тонна, 5 жұмыс орнын құру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

95

БК

II. Халықты жұмыспен қамту

Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу

4.

Жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыру (жыл сайын кемінде 28 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

34

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

35

2025 жылғы
IV тоқсан

36

2026 жылғы
IV тоқсан

36,6

2027 жылғы
IV тоқсан

37,2

5.

Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру (жыл сайын кемінде 26 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

10,9

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

10,9

2025 жылғы
IV тоқсан

10,9

2026 жылғы
IV тоқсан

10,9

2027 жылғы
IV тоқсан

10,9

6.

Қоғамдық жұмыстарға орналастыру (жыл сайын кемінде 40 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

50,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

50,4

2025 жылғы
IV тоқсан

50,4

2026 жылғы
IV тоқсан

50,4

2027 жылғы
IV тоқсан

50,4

7.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
400 АЕК-ке дейін гранттар беру (жыл сайын кемінде 4 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

5,4

ЖБ
 
 

2024 жылғы
IV тоқсан

5,6

2025 жылғы
IV тоқсан

5,8

2026 жылғы IV тоқсан

6

2027 жылғы
IV тоқсан

6,2

8.

"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру:
2023 жылы – 16 адам;
2024 жылы – 22 адам;
2025 жылы – 27 адам;
2026 жылы – 27 адам;
2027 жылы – 27 адам

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

19,6

ЖБ
 
 

2024 жылғы
IV тоқсан

20,6

2025 жылғы
IV тоқсан

21,5

2026 жылғы
IV тоқсан

21,7

2027 жылғы
IV тоқсан

22,8

9.

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру (жыл сайын кемінде 2 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

0,6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

0,6

2025 жылғы
IV тоқсан

0,6

2026 жылғы
IV тоқсан

0,6

2027 жылғы
IV тоқсан

0,7

10.

"Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру:
2023 жылы – 7 адам;
2024 жылы – 7 адам;
2025 жылы – 7 адам;
2026 жылы – 6 адам;
2027 жылы – 6 адам

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

5

2025 жылғы
IV тоқсан

5

2026 жылғы
IV тоқсан

5

2027 жылғы
IV тоқсан

6

11.

Жұмыс берушілер берген өтінімдерге сәйкес мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту (жыл сайын кемінде
21 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

5,1

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

5,1

2025 жылғы
IV тоқсан

5,2

2026 жылғы
IV тоқсан

5,2

2027 жылғы
IV тоқсан

5,2

12.

Өңіраралық ерікті қоныс аудару (теріс демографиялық үрдістерді нивелирлеу жөніндегі іс-шара)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

7,8

ЖБ
 
 

2024 жылғы
IV тоқсан

8,2

2025 жылғы
IV тоқсан

8,4

2026 жылғы
IV тоқсан

8,7

2027 жылғы
IV тоқсан

9

III. Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір

1. Денсаулық сақтау

13.

Павлов көшесі, 9-құрылыс мекенжайындағы емхана ғимаратын және аудандық аурухананың өтпежолын реконструкциялау (қасбеттерді жөндеусіз)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ

10

РБ

2024 жылғы
IV тоқсан

57,2

ЖБ

504,3

РБ

2. Мәдениет

14.

"Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет сарайы" МКҚК ғимаратын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
МСМ
 

29,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

212

ЖБ

21

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

212

ЖБ

21

ЖБ

3. Бұқаралық спортты дамыту

15.

Шағын футбол алаңын орнату (жыл сайын 1 футбол алаңынан)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

15,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

16,5

2025 жылғы
IV тоқсан

17,4

2026 жылғы
IV тоқсан

20

2027 жылғы
IV тоқсан

21

16.

Спорт алаңдарын орнату (жыл сайын
2 алаңнан)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

31

ЖБ
 

2024 жылғы
IV тоқсан

33

2025 жылғы
IV тоқсан

34

2026 жылғы
IV тоқсан

35

2027 жылғы IV тоқсан

35

4. Жылумен жабдықтау

17.

Орталық қалалық қазандықтың мұқтажын өтеу үшін газ тұтынатын энергетикалық қондырғы салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ЭМ

313

РБ

34,7

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

313

РБ
бюджет

34,8

ЖБ

18.

"Жітіқаракоммунэнерго" МКК орталық қалалық қазандығының ПТВМ-30 № 5 су жылыту қазандығын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ЭМ

7,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

165,4

РБ

18,4

ЖБ

19.

"Жітіқаракоммунэнерго" МКК орталық қалалық қазандығының ПТВМ-30 № 6 су жылыту қазандығын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ЭМ

8

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

178,2

РБ

19,8

ЖБ

20.

"Жітіқаракоммунэнерго" МКК орталық қалалық қазандығының ПТВМ-30 № 7 су жылыту қазандығын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ЭМ

8

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

192,6

РБ

21,4

ЖБ

21.

Жітіқара қаласының Алтынсарин көшесіндегі ЖК-10а-дан ЖК-56-ға дейін ұзындығы 0,320 километр жылу желісі учаскесін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ИИДМ
 

2,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

180

РБ

20

ЖБ

Жітіқара қаласының ЖК-14-тен ЖК-16-ға дейін ұзындығы 0,202 километр
Д 530 миллиметрлік жылу желісі учаскесін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

2,4

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

135

РБ

15

ЖБ

Жітіқара қаласы 11-шағын ауданындағы ЖК-6-дан ЖК-10а-ға дейін ұзындығы 0,428 километр Д 600 миллиметрлік жылу желісі учаскесін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

4,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

260,1

РБ

28,9

ЖБ

Жітіқара қаласындағы Жібек жолы көшесі бойындағы (бұрылыстан ВОС-2 бұрылысына дейін) ұзындығы 0,440 километр Д 19 миллиметрлік жылу желісі учаскесін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

3,1

МБ

2024 жылғы
IV тоқсан

225

РБ

25

ЖБ

Жітіқара қаласы Алтынсарин көшесі бойындағы (жол астындағы өтпежолдар) ұзындығы 0,242 километр Д 325 миллиметрлік жылу желілері учаскелерін реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

2,6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан
 

162

РБ

18

МБ

5. Газбен жабдықтау

22.

№ 1 шағын ауданының газ тарату желілерін салу (1,4 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

37,4

РБ

4,2

ЖБ

23.

Кеңсай және № 9 шағын аудандарына жеткізуші газ құбырын салу (2,4 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

102,4

Рб

11,4

ЖБ

24.

Кеңсай шағын ауданының газ тарату желілерін салу (1,9 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

46

РБ

5,2

ЖБ

25.

Дружба шағын ауданы мен 11-шағын ауданның аз қабатты үйлерінің газ тарату желілерін салу (5 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан
 
 

Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ

5

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

54

РБ

6

ЖБ

6. Сумен жабдықтау және су бұру

26.

Жітіқара қаласының шығыс ауданындағы Шортанды өзенінің оң жағалауы бойындағы аз қабатты құрылысқа сумен жабдықтау желілерін салу (16,8 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

300

РБ

36,5

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

356,7

РБ

36,5

ЖБ

27.

Бәсеңдеткіш құдықтан КТҚ-ға дейін Д 600 кәріз коллекторын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

289,6

РБ

32,2

ЖБ

28.

Шоқан Уәлиханов көшесінен Естай Есжанов көшесіне дейінгі учаске шекарасында Степная көшесінің бойындағы Д 600 кәріз коллекторын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

108,5

РБ

12,1

ЖБ

29.

12-шағын ауданның кәріз (су бұру) желілерін салу (3,5 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, ИИДМ

105,7

РБ

12

ЖБ

30.

Кеңсай шағын ауданының инженерлік коммуникацияларын (сумен жабдықтау, су бұру) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

67,4

ЖБ

31.

Жітіқара қаласындағы КТҚ-ны реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ТКШ Қазорталығы
(келісу бойынша), ИИДМ

35
 

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

35

2025 жылғы
IV тоқсан

2025

РБ

225

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

2025

РБ

225

ЖБ

7. Жолдар және абаттандыру

32.

Қала келбетін жақсарту (бос тұрған ғимараттың бір бөлігін реконструкциялау). Ленин көшесі, 108/1 мекенжайындағы бұрынғы аудандық аурухана ғимаратын реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

7,2

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

 
650

8. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

33.

Жол белгілерін орнату (жыл сайын орта есеппен 80 белгі)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

1,8

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

1,9

2025 жылғы
IV тоқсан

2,1

34.

Қалалық бейнебақылау жүйесі үшін бейнеағынды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 10 бірлік

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

3

 
ЖБ

35.

2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ТЖМ
 

20

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

270

РБ

30

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

270

РБ

30

ЖБ

36.

Соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған ұйымдардың паналайтын жерлерді құруы

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдар

75

БК

37.

Қала әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін құру (радиацияға қарсы жасырын пана базасында)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

20

ЖБ

38.

Қалалық құлақтандыру жүйесін басқару пультін енгізу – 1 жинақ

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

6,65

ЖБ

39.

Дабылды-сөйлеу құрылғыларын енгізу
– 7 жинақ

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі

17,7

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

23,6

9. Экология

40.

Шортанды өзенінің арнасын тазарту

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі,
ЭТРМ

13,7

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

180

РБ

20

ЖБ

41.

Жаңа кездейсоқ үйінділердің пайда болуын болдырмау

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Қостанай облысының әкімдігі
 

4,6

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

4,8

2025 жылғы
IV тоқсан

5

2026 жылғы
IV тоқсан

5,2

2027 жылғы
IV тоқсан

5,4


      Ескертпелер: * Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы берген кезде нақтыланатын болады.

Қолдау көрсетілген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Барлығы

РБ

888,1

3 175,9

2 527,2

2 217,6

0

8 808,8

ЖБ

564,2

1 442,4

767,7

451,7

209,8

3 435,8

БК

850

100

170

0

0

1 120

Жиыны

2 302,3

4 718,3

3 464,9

2 669,3

209,8

13 364,6

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш

      АҚ – акционерлік қоғам

      БК – басқа көздер

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

      РБ – республикалық бюджет

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады