Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-07-7.13 хаттамасының 2.13-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 748 қаулысымен
  бекітілген

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар

      Кіріспе

      Ағымдағы жағдайды талдау

      Қазақстандық балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасында балалар саны 6,7 млн адам, оның ішінде оқушылар – 3,7 млн-нан астам, мектеп жасына дейінгі балалар – 2,5 млн-нан астам, колледж студенттері – 400 мыңнан астам.

      Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан 15 халықаралық құжатты ратификациялады, оның ең алғашқысы Бала құқықтары туралы конвенция болды. Оның барлық баптары бүгінгі таңда елдің заңнамалық актілеріне имплементацияланды. Балалардың құқықтарын реттейтін 45-тен астам нормативтік құқықтық акт қабылданды.

      Бұдан басқа, 2022 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.

      Кешенді жоспар 3 бөлімнен және 2 кіші бөлімнен тұрады:

      1. "Балалардың зорлық-зомбылықтан, жәбірленуден және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру".

      2. "Балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының профилактикасы және оны түзету".

      3. "Қазақстандық балалардың саламаттылық деңгейін арттыру".

      Осы Кешенді жоспарда көзделген түрлі шараларды іске асыруға 14 орталық мемлекеттік орган және 20 жергілікті атқарушы орган қатысады.

      Оқу-ағарту министрлігі үйлестіру жұмысын жүзеге асырады әрі республикалық және өңірлік құқық қорғау институттарының қызметіне арналған қағидаттар мен тәсілдерді белгілейді.

      Келесі басым бағыттар бойынша барлық мүдделі тараптар қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру қажеттілігі маңызды аспект болып табылады.

      Бірінші. Балалардың зорлық-зомбылықтан және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру.

      Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, агрессия және қатыгездік бүгінде бала өмірінің көптеген салаларында кеңінен көрініс табуда. Зорлық-зомбылықтың салдары құқыққа қарсы әрекеттер жасауға және соңғы жылдары пайыздық көрсеткіші артып келе жатқан қылмыстарға алып келеді. Жасөспірімдер ортасындағы криминогендік жағдай күрделене түсті (2021 ж. – 1529, 2022 ж. – 1735, 2023 ж. 6 айы – 844), кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар санының айтарлықтай өсуіне (13,4 %) жол берілді.

      Сан жағынан төмендеуіне қарамастан, балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар санының көрсеткіші де тұрақты түрде жоғары болып қалуда (2021 ж. – 2088, 2022 ж. – 2005, 2023 ж. 6 айы – 1261).

      Бұдан басқа, 2022 жылы кәмелетке толмаған 719 адам олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың құрбаны болды (2020 ж. – 833, 2021 ж. – 920).

      Бұл ретте бүгінгі таңда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау саласында шешуді талап ететін мынадай жүйелі проблемалар байқалады:

      қолайсыз отбасылармен жұмыстың жеткіліксіздігі;

      көптеген білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогтің болмауына байланысты оның жұмысы әлсіретіп алынды;

      медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізудің құқықтық талаптары жоқ;

      балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына мемлекеттік органдардың ден қою алгоритмі және әлеуетті зорлықшылардың мінез-құлқын түзету жөніндегі шаралар кешені жоқ;

      орталық мемлекеттік органдарда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының бірыңғай есебін жүргізу жүйесі енгізілмеген;

      мектептердің әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтары мектептердегі балалар санын есепке алмай бөлінеді, аталған мамандар жүктемесінің шамадан тыс болуы оқу-тәрбие процесінің тиімділігіне және білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың саламаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер етеді;

      білім беру ұйымдарында жәбірлеудің профилактикасы кешенді бағдарламалары жоқ.

      Екінші. Қазіргі қазақстандық қоғамның аса өткір проблемаларының бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлық пен суицид проблемасы. Республикадағы балалар ортасында бұл құбылыстың жиілігі тұрақты түрде жоғары: 2020 жылы – 144 факт (әрекет жасау – 307), 2021 жылы – 175 факт (әрекет жасау – 373), 2022 жылы – 155 факт (әрекет жасау – 309), 2023 жылдың 6 айы – 95 факт (әрекет жасау – 207).

      Елде суицид жасауға бейім балаларды, олардың психоэмоционалды жағдайын ерте анықтау және олармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі проблемасы өткір тұр.

      Үшінші. Елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуде балалардың саламаттылығы мәселесі маңызды рөл атқарады. Оқытудың тәрбиелік компонентін күшейтудің, балалардың саламаттылығын кешенді қамтамасыз етудің маңызды шешімі білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүргізу бойынша ұсынымдар қабылдау болады.

      Сонымен қатар балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың саламаттылығын қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін ата-ана болу мәселесі жеке қарауды талап етеді. Жүргізілген көп аспектілі талдау ата-аналарға өздерінің ата-ана міндеттерін жүзеге асыруда қолдау көрсетудің өзектілігін көрсетеді.

Р/с

Атауы

Аяқтау
нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру
көлемі
(млн теңге)

Қаржыландыру
көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар санын жыл сайын 5 %-ға төмендету (2023 жылы – 1648 факт, 2024 жылы – 1565 факт, 2025 жылы – 1486 факт);
2) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар санын жыл сайын 5 %-ға төмендету (2023 жылы – 1904 факт, 2024 жылы – 1808 факт, 2025 жылы – 1717 факт);
3) суицид пен оған әрекет жасау санын жыл сайын 5 %-ға төмендету (2023 жылы – 147 факт, 2024 жылы – 139 факт, 2025 жылы – 130 факт, әрекет жасау: 2023 жылы – 293 факт, 2024 жылы – 278 факт, 2025 жылы – 264 факт);
4) педагог-психологтар санын ұлғайту (2025 жылы – қосымша 1000 бірлік);
5) әлеуметтік педагогтер санын ұлғайту (2025 жылы – қосымша 2000 бірлік);
6) балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін, біліктілікті арттырумен қамтылған педагогтердің үлесін жыл сайын 33,3 %-ға ұлғайту (педагог-психологтар (8,5 мың), әлеуметтік педагогтер (4,5 мың), директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, сынып жетекшілері);
7) балалардың құқықтық қорғалу деңгейін (жыл сайын әлеуметтанушылық зерттеу) 3 %-ға арттыру (2023 жылы – 90 %, 2024 жылы – 93 %, 2025 жылы – 96 %);
8) балалардың бос уақытын қамтуды 100 %-ға дейін ұлғайту;
9) оқушыларды құқықтық іс-шаралармен 100 % қамту ("Жеке қауіпсіздік" сабақтары).

1. Балалардың зорлық-зомбылықтан, жәбірленуден және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру

1.1. Қысқа мерзімді шаралар

1.

"Ұлттық білім беру дерек қоры" ақпараттық жүйесі шеңберінде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың амандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлер бөлінісінде интерактивті тәуекелдер картасын әзірлеу

интерактивті
карта

2023 жылғы қараша
 

ОМ, ҚСжАК (келісу бойынша), Еңбекмині,
ДСМ

талап етілмейді

-

2.

"Дағдарысты басқару" әдісі бойынша шұғыл көмек көрсету үшін интерактивті карта негізінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту

ОМ-ге
ақпарат

2023 жылғы желтоқсан

ЖАО

талап етілмейді

-

3.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру ұйымдары жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру

жыл сайын білім беру ұйымдарының кемінде 12000 жұмыскері

жыл сайын желтоқсан

ОМ, ЖАО

2023 жылы – 902 млн теңге;
2024 жылы – 961 млн теңге;
2025 жылы – 992 млн теңге

РБ

4.

Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесін әзірлеу және бекіту

бірлескен
бұйрық
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ, ДСМ, Еңбекмині, ІІМ, АҚДМ

талап етілмейді

-

5.

Мектепішілік есепке алуды жүргізу аясында кейс-менеджмент тетігін (жағдайды анықтаудан бастап проблеманы толық шешуге дейін) енгізу

бұйрық

2023 жылғы желтоқсан

ОМ

талап етілмейді
 
 
 
 
 
 
 
 

-

6.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен жәбірлеуге қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу

ақпараттық науқан

жыл сайын желтоқсан

ОМ, АҚДМ, ЖАО

талап етілмейді

-

7.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайтуға және балаларда психо-эмоционалдық орнықтылықты қалыптастыруға бағытталған бірыңғай тәрбие жұмысы бағдарламасын әзірлеу және бекіту

тәрбие жұмысы бағдарламасы

2023 жылғы қыркүйек
 

ОМ, АҚДМ, МСМ, ІІМ,
Қорғанысмині,
БП (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

8.

Білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту (финдік KiVa бағдарламасының тәжірибесі бойынша)

балаларды жәбірлеудің (буллингтің)
профилактикасы жөніндегі бағдарлама
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ, ЖАО

талап етілмейді

РБ
(көзделген бюджет қаражаты шегінде)

9.

Қауіп төніп тұрғаны туралы сигнал беретін, балаларға арналған тану ым-ишараларының, белгілерінің, сөздерінің бірыңғай тізбелерін әзірлеу және бекіту, оларды қоғам назарына жеткізу

бірыңғай тізбе
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ, АҚДМ

талап етілмейді

-

10.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық, біріздендірілген жадынамалар, ескертпелер, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

жадынамалар, әдістемелік ұсынымдар
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ, ІІМ, ДСМ, ТЖМ, ЖАО

талап етілмейді

-

11.

Балалық шақтың маңызды аспектілері бойынша құлақтандыруға арналған бірыңғай ата-аналар чатын – ақпараттық арнасын құру

мессенджердегі
ата-аналар чаты (арнасы)

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ

талап етілмейді

-

12.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды тергеу бойынша ІІМ жедел бөлімшелерінің тергеушілеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізу

жыл сайын тергеушілердің жалпы санының кемінде
5 %-ы

жыл сайын желтоқсан

ІІМ, ЖАО

-

РБ
(көзделген бюджет қаражаты шегінде)

1.2. Орта мерзімді шаралар

13.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне:
білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары жұмыскерлерінің кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарламағаны үшін жауаптылығын қатаңдату;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің
127-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау бөлігінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттіктерін кеңейту;
білім беру ұйымдарында өткізу режимін енгізу;
"мектепішілік есепке алу" ұғымын бекіту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
 

2024 жылғы желтоқсан
 

ОМ, ІІМ, БП (келісу бойынша), СӘ (келісу бойынша), Еңбекмині,
ДСМ

талап етілмейді

-

14.

Мемлекеттік білім беру ұйымдары жұмыскерлерінің үлгі штаттарына: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагог лауазымын міндетті түрде енгізу;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 40 және одан да көп сынып-жинақтауыштарға арналған педагог-психологтардың штат санын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу.

бұйрық
 

2025 жылғы қаңтар
 
 
 
 
 
 
 
2025 жылғы қыркүйек
 

ОМ, ЖАО
 

-

ЖБ
(көзделген бюджет қаражаты шегінде)

15.

"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына: медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу тетігін бекіту;
облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердің өкілеттіктерін бөлу;
жағдайды басқару (кейс-менеджмент) моделін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2024 жылғы мамыр
 
2024 жылғы желтоқсан
 

ОМ, Еңбекмині, АҚДМ,
ДСМ, ІІМ, ЖАО

талап етілмейді

-

16.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының бірыңғай есебін енгізу

бұйрық
 

2024 жылғы желтоқсан
 

ҚСжАК (келісу бойынша)

талап етілмейді

-

17.

Білім беру ұйымдарында балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәліметтерді жинау әдіснамасын әзірлеу

бұйрық

2024 жылғы қыркүйек
 
 

ОМ

талап етілмейді

-

18.

"Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 175790 болып тіркелген) мектептің профилактика кеңесінің баланы жәбірлеу (буллинг) фактілерін қарауы бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық
 

2024 жылғы қаңтар
 
 

ОМ

талап етілмейді

-

19.

Қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтердің кешенді сүйемелдеуіне бағытталған "Әлеуметтік патронат" жобасын әзірлеу және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 

2024 жылғы
наурыз – әзірлеу;
2024 жылғы
сәуір – желтоқсан – сынақтан өткізу;
2025 жылғы
қаңтар – сынақтан өткізу қорытындысын қарау;
2025 жылғы
ақпан – ендіру

ОМ, Еңбекмині, АҚДМ, ДСМ, ІІМ, ЖАО,
 

-

ЖБ
(көзделген бюджет қаражаты шегінде)

20.

Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің білім беру процесіне "Жеке қауіпсіздік" тақырыбында сабақтар әзірлеу және енгізу

бұйрық
 
 

2024 жылғы қыркүйек

ОМ, ЖАО

талап етілмейді

-

21.

Жол жүру билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салуды құқықтық реттеу

ОМ-ге ақпарат

2024 жылғы маусым
 
 

ИИДМ, ОМ, ҰЭМ,
Астана қаласының
әкімдігі

талап етілмейді

-

22.

Күрделі жағдайларды қарау және шешу бойынша өңірлік психологиялық-педагогикалық консилиумдар құру

ОМ-ге ақпарат

2024 жылғы қаңтар
 

ЖАО

талап етілмейді

-

23.

Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақтарды тоқсан сайын жасау және өткізу

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын қаңтар, наурыз, мамыр, қыркүйек

ЖАО, ОМ

талап етілмейді

-

2. Балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының профилактикасы және оны түзету

2.1. Қысқа мерзімді шаралар

24.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің профилактикасы жөніндегі бағдарламалар мен жобаларға талдау жүргізу

талдау жүргізу және ұсынымдар пакеті
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ, ДСМ, ЖАО
 

4, 442 млн
теңге

бюджеттен тыс қаражат есебінен

25.

Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін әзірлеу және бекіту

бірлескен бұйрық

2023 жылғы желтоқсан
 

ДСМ, ОМ

талап етілмейді

-

26.

Суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың
іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және бекіту

бірлескен бұйрық

2023 жылғы желтоқсан
 

ДСМ, ОМ

талап етілмейді

-

27.

Суицидке әрекет жасаған білім алушылардың
ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту

әдістемелік ұсынымдар
 

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ

талап етілмейді

-

28.

Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына (шатырға шығуды бақылау, орынсыз контентті бұғаттау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану) қол жеткізуді шектеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

ОМ-ге
ақпарат

жыл сайын маусым, желтоқсан

ЖАО, ІІМ, ИИДМ, ДСМ, АҚДМ

талап етілмейді

-

29.

Аутодеструктивті мінез-құлығы бар балаларымен жұмыс істеуге арналған құралдарды енгізу бөлігінде психологтың онлайн-кабинетін жаңғырту

педагог-психологтың онлайн-кабинетінде жұмыс істеудің жаңа құралдары

2023 жылғы желтоқсан
 

ОМ

-

РБ (көзделген бюджет қаражаты шегінде)

2.2. Орта мерзімді шаралар

30.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагог-психологтарды, психологтарды, әлеуметтік педагогтерді даярлау мазмұнының бағдарламасын қайта қарау

педагог-психологтарды, психологтарды, әлеуметтік педагогтерді даярлаудың жаңа бағдарламасы
 

2024 жылғы тамыз
 

ҒЖБМ

талап етілмейді

-

31.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қызметті дамыту моделін қабылдау

бұйрық
 

2024 жылғы шілде
 
 

ОМ

талап етілмейді

-

32.

"Жасөспірімдердің өркендеуіне жәрдемдесу және білім беру мекемелерінің педагог-психологтарын оқыту" халықаралық бағдарлама материалдарының жиынтығын Қазақстан Республикасы үшін бейімдеу

бейімделген материалдар,
курстардан өткен кемінде 8000 педагог-психолог
 
 
 

2024 жылғы наурыз
 

ОМ

8, 885 млн теңге

бюджеттен тыс қаражат есебінен

33.

40 сағаттық апталық жүктеме шеңберінде педагог-психологтың сыныппен жұмыс істеу сағаттарын енгізу бөлігінде білім беру ұйымдарының үлгі бағдарламаларына өзгерістер енгізу

бұйрық

2024 жылғы маусым
 

ЖАО, ОМ,

талап етілмейді

-

34.

Облыстық және (немесе) аудандық психологиялық қызмет орталықтарын құру

жыл сайын 5 жаңа орталық құру
 
 

2025 жылғы наурыз
 

ЖАО, ОМ

2023 жылы – 1 343,8 млн теңге;
2024 жылы – 1 193,84 млн теңге;
2025 жылы – 1 437,64 млн теңге

ЖБ

35.

Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында практикалық психология бірлестіктерін (зертханаларын) құру

әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада кемінде 1 бірлестік (зертхана) ашу
 

2024 жылғы қараша
 

ҒЖБМ

талап етілмейді

-

36.

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына, психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне супервизия ұйымдастыру және өткізу

ОМ-ге ақпарат
 

жыл сайын желтоқсан
 
 

ЖАО

талап етілмейді

-

37.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерін зерделеу және жіктеу бойынша өңірлік ведомствоаралық топтар құру

ОМ-ге ақпарат

2024 жылғы
сәуір
 
 
 

ЖАО

талап етілмейді

-

3. Қазақстандық балалардың салматтылық деңгейін арттыру

3.1. Қысқа мерзімді шаралар

38.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспарды
іске асыру жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту

ОМ-ге
ақпарат
 

2023 жылғы қараша
 

ЖАО

талап етілмейді

-

39.

Қазақстан Республикасында GlobalKidsonline зерттеуін жүргізу (қазақстандық балалардың онлайн-ортадағы тәжірибесін зерделеу)

зерттеу нәтижелері
 

2023 жылғы желтоқсан

ОМ, ЖАО

44, 429 млн теңге

бюджеттен тыс қаражат есебінен

40.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеу

әдістемелік ұсыным

жыл сайын желтоқсан

ОМ

2023 жылы – 37,5 млн теңге;
2024 жылы – 34,1 млн теңге;
2025 жылы – 42,0 млн теңге

РБ

41.

Әрбір білім беру ұйымында ата-ана қауымдастықтарын (аналар, әкелер, әжелер, аталар клубтары) дамыту

білім беру ұйымдарында ата-ана қауымдастықтарын
дамыту

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, ОМ

талап етілмейді

-

42.

Балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу

ОМ-ге
ақпарат
 

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, МСМ, ОМ

2023 жылы – 22 870,23 млн теңге;
2024 жылы – 23 214,635 млн теңге;
2025 жылы – 23 495,218 млн теңге

ЖБ

43.

Балалар- жасөспірімдер спортын дамыту, мектептік спорт лигаларын құру және мектептік спорт клубтары арасында дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыру

ОМ-ге
ақпарат
 
 

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, МСМ, ОМ

2023 жылы – 48 878,783 млн теңге;
2024 жылы – 48 339,729 млн теңге;
2025 жылы – 51 577,685 млн теңге

ЖБ

44.

Кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен 100 % қамту бойынша шаралар қабылдау

ОМ-ге
ақпарат
 

жыл сайын маусым, желтоқсан

ЖАО, МСМ, ОМ

2023 жылы – 81 599,203 млн теңге;
2024 жылы – 92 327,978 млн теңге;
2025 жылы – 1 001 355,68 млн теңге

ЖБ

45.

Жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін қосымша білім берудің жаңа түрлерін ашу

ОМ-ге
ақпарат

жыл сайын желтоқсан

ЖАО

2023 жылы – 21 885,895 млн теңге;
2024 жылы – 42 628,6 млн теңге;
2025 ж. – 48 279,6 млн теңге

ЖБ

46.

Қазақстан Республикасындағы TikTok, Instagram, Facebook, Вконтакте, YouTube платформаларының өкілдерімен балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу

кездесулер хаттамасы

жыл сайын маусым, желтоқсан

ОМ

талап етілмейді

-

47.

"BalaQorgau" балаларға арналған бірыңғай байланыс орталығын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының
Үкіметіне ұсыныстар

2023 жылғы қазан
 

ОМ

талап етілмейді

-

3.2. Орта мерзімді шаралар

48.

Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында өмірге деген оң көзқарасты, табысты мінез-құлық дағдыларын, қазіргі болмысты сыни тұрғыдан бағалау қабілетін және теріс әсерге (қысымға) қарсы тұра білуін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер жасау

5 ролик

2024 жылғы ақпан
 
 

АҚДМ, ОМ, ДСМ, ТЖМ

-

РБ (көзделген бюджет қаражаты шегінде)

49.

Балалардың қоғамдық көліктердегі, вокзалдардағы, әуежайлардағы, адамдар көп жиналатын орындардағы, фильмдердің көрсетілімі алдында кинотеатрлардағы, мектептердегі, ауруханалардағы, балабақшалардағы, колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы, алаңдардағы және т.б. қауіпсіздігі тақырыбын жариялау

ОМ-ге
ақпарат
 

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, ИИДМ, МСМ, ОМ, ДСМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ТЖМ, ҒЖБМ, БП (келісу бойынша)
 

талап етілмейді

-

50.

Балалардың Интернет желісіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-ағарту науқанын әзірлеу және енгізу

ақпараттық-ағарту науқаны
 

2024 жылғы желтоқсан

ОМ, АҚДМ

8, 885 млн теңге

бюджеттен тыс қаражат есебінен

51.

Балалардың құқықтарын қорғау мен саламаттылығын дамыту жөніндегі республикалық жобалардың фестивалін өткізу

республикалық фестиваль
 

2024 жылғы
қараша
 

ОМ

талап етілмейді

-

52.

"Ата-ана бақылауы" бағдарламаларын қолдану бойынша кең ауқымды науқан жүргізу

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын маусым, желтоқсан

ЖАО

талап етілмейді

-

53.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында жалпыға бірдей ағартуды жүргізу арқылы бала – ата-ана қарым-қатынасын нығайту

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын қыркүйек, желтоқсан, наурыз, маусым

ЖАО, ОМ

талап етілмейді

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ҚСжАК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      СӘ – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады