Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 805 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 805 қаулысымен
бекітілген

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Риддер қаласы (бұдан әрі – қала) 1786 жылы құрылған, қаланың әкімшілік аумағы – 3,39 мың шаршы километр. Қала орман, су және энергетикалық ресурстары, полиметалл кендерінің едәуір қоры бар Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Қалалық әкімшілік 1 қаланы, 1 кентті, 9 ауылдық елді мекенді қамтиды.

      Қаланы дамытудың негізгі бағыты түсті металлдарды одан әрі қайта өңдеу және өндіру арқылы полиметалл кендерін өндіру болып табылады. Өнеркәсіп құрылымында тау-кен және металлургия салалары ең үлкен үлес салмақты құрайды, олардың үлесі 80,2 %-ға тең.

      Өңірдің қала құраушы кәсіпорны "Қазмырыш" ЖШС мен оның құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі қолданыстағы бағада 2 есе өсті, бөлшек тауар айналымы 50,3 %-ға, 2018 жылғы деңгейге қарағанда негізгі капиталға инвестициялар 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 2,8 есе, бюджет көлемі 2 есе өсті. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 2018 жылғы деңгейге қарағанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша 96,9 %-ды құрады, 3,1 %-ға төмендеу байқалады.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша қаланың халық саны 52,1 мың адамды құрады, 2021 жылға қарағанда 600 адамға немесе 1,1 %-ға (52,7 мың адам) кеміді, ол 256 адамның көші-қоны бойынша теріс сальдоның және халықтың 344 адамға табиғи кемуі нәтижесінде болып отыр. Жұмыс күшінің саны қала халқының 55,9 %-ын немесе
29,1 мың адамды құрады, оның 25,7 %-ы қала құраушы кәсіпорында жұмыс істейді.

      Қалада 3440 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 3232 бірлік, 2021 жылғы деңгейге қарағанда 18,6 %-ға (2724 бірлік) өскен. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – тіркелгендер санынан 94 %, олар әртүрлі салаларда қызметін жүзеге асырады. ШОК қызметінің негізгі саласы – сауда, өнеркәсіп, көлік қызметтері және тағы басқалар.

      Қалада 16 жалпы білім беретін мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы (музыка мектебі, көркемсурет мектебі, Оқушылар үйі), 17 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 4 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым, 2 колледж жұмыс істейді. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту –– 100 %, 2-6 жастағы балаларды – 95,6 %. Мектепке дейінгі мекемелерге тапшылық жоқ.

      Халыққа медициналық көмекті құрамына емхана мен стационар, 14 амбулаториялық-емханалық ұйым кіретін "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК көрсетеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің 35,3 %-ға, қатерлі ісіктерден – 18,7 %-ға төмендеуі байқалады.

      17,8 мың адам немесе қала халқының 32,2 %-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Спорт объектілерінің саны 67 бірлікті құрайды, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі – 31,8 %.

      Қалада 12 мәдениет объектісі, оның ішінде 6 кітапхана және 4 клуб жұмыс істейді.

      Кешенді жоспардың басты мақсаты экономиканың базалық салаларын, әлеуметтік саланы дамыту, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады, бұл жалпы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мына стратегиялық міндеттерді шешу көзделеді:

      1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өнеркәсіптік әлеуетті арттыру.

      2. ШОК-ты дамыту.

      3. Егіс алқаптарын ұлғайту (ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге ыңғайлы ауыл шаруашылығы алқаптарының жетіспеуі).

      4. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау объектілерін жөндеу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту. 2022 жылы қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 %-ды құрады, жұмыссыздар саны – 1220 адам.

      5. Білім беру объектілерін салу, жөндеу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, бұл білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      6. Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Медициналық көрсетілетін қызметтердің төмен сапасы (кезектер, пациенттерге сапалы диагностика жасау және оларды емдеу үшін технологиялық жабдықтың болмауы (компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография аппараттары және тағы басқалар). Аурухана кешенін салу қажеттілігі бар.

      7. Инженерлік желілердің жоғары деңгейде тозуы байқалады. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 209,2 километр, сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 75 %, кәріз желілерінің ұзындығы – 104 километр, кәріз желілерінің тозуы – 80,3 %. Жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 141,6 километр, жылумен жабдықтау желілерінің тозуы – 75 %. Сондай-ақ туристік объектілер үшін электрмен жабдықтау желілерін жүргізу талап етіледі.

      8. Жол инфрақұрылымын дамыту және аумақтарды абаттандыру. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 2022 жыл бойынша 96,7 %-ды құрады. Тарханка ауылынан "Өскемен – Риддер" жолына шығатын жол салу қажет, бұл Риддер қаласынан облыс орталығына дейінгі қашықтықты 43 километрге (105 километрден 62 километрге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді.

      9. Тұрғын үй салу. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар саны 1565 адамды құрайды, оның ішінде жетімдер – 537, көпбалалы отбасылар – 58, халықтың әлеуметтік осал топтары – 544.

      10. Адамдар мен мүлікті өрттен қорғау үшін өрт сөндіру депосы кешенін салу қажет, құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін, сирена-сөйлеу құрылғыларын, телерадио хабарларын таратуды ұстап қалу жүйесін енгізу талап етіледі.


Р/с №

Атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі, млн теңге*

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1

Өнеркәсіп өндірісінің көлемін 275 миллиард теңгеге дейін (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 193,6 миллиард теңге), оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 260 миллиард теңгеге дейін (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 183,9 миллиард теңге) ұлғайту.

2

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санын 11,3 мың адамға дейін ұлғайту (2021 жылы – 10,5 мың адам), ШОК өндірісі көлемінің 100,3 миллиард теңгеге дейін өсуі (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 87,6 миллиард теңге).

3

Өңірге келетін туристердің жалпы ағынын 35 мың адамға дейін ұлғайту (2022 жылы – 33,3 мың адам).

4

Егіс алқаптарын – 111,5 гектарға, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымын көлемін 21 миллиард теңгеге дейін ұлғайту (2022 жылы – 13,1 миллиард теңге).

5

600 білім алушының білім беру қызметтерін алуына қолайлы жағдай жасау.

6

Қала халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, қала тұрғындарын қымбат тұратын зерттеулермен (компьютерлік томография – жылына 840 зерттеу), облыс орталығына бармай-ақ қамтамасыз ету, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 100 мың адамға шаққанда 336-ға дейін төмендету (2022 жылы – 100 мың адамға шаққанда 387,7), онкологиялық аурулардан болатын өлімі-жітімді 100 мың адамға шаққанда 120-ға дейін төмендету (2022 жылы – 100 мың адамға 147,7).

7

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды қамтуды 19,7 мың адамға дейін ұлғайту (2022 жылы – 17,8 мың адам).

8

Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 69 %-ға дейін (2022 жылы – 75 %), сумен жабдықтау – 70 %-ға дейін (2022 жылы – 75 %), су бұру – 70 %-ға дейін (2022 жылы – 80,3 %) төмендету.

9

Ауылдық елді мекендерде халықтың орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілуін 100 %-ға дейін ұлғайту (2022 жылы – 93 %), "Ботаника" жаңа тұрғын ауданын сумен жабдықтау (15 километр), кәріз (5,96 километр) және электрмен жабдықтау (12,3 километр) желілерімен қамтамасыз ету.

10

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 100 %-ға дейін ұлғайту (2022 жылы – 96,7 %).

11

80 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету (оның ішінде аз қамтылған және көп балалы 20 отбасы).

12

Қызмет көрсету аймағын 100 %-ға дейін қамтамасыз ету (2022 жылы – 66,7 %), адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және өрттерді жоюға қажетті жедел ден қою уақытын 10 минутқа дейін қысқарту (2022 жылы – 40 минут). Төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған жағдайда қалада тұратын халықты құлақтандырумен 100 % қамтуды қамтамасыз ету.

13

6320 жұмыс орнын құру.

1. Экономиканың нақты секторы

1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

1

Риддер металлургиялық кешенінде "Гидрополимет" технологиясын қолдана отырып, атмосфералық қоспадан арылту цехын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

жобаның құны және 2023 – 2025 жылдарға арналған болжам жоба нұсқаларын тұжырымдамалық пысықтау нәтижелері бойынша айқындалады

БК

2024 жылғы IV тоқсан

2025 жылғы IV тоқсан

2

Өнімділігін жылына 300 мың тоннадан 921,4 мың тоннаға дейін (1-кезек) ұлғайту үшін Долинный-Обручевск кенішінде Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

4929,2

БК

3

Стрежанск кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін 425 метр деңгейжиекке дейін өнеркәсіптік игеру, өндірістік қуаты – жылына 360 мың тонна кен (280 жұмыс орнын құрумен жаңа кеніштің ашылуы)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

3465,6

БК

2024 жылғы IV тоқсан

2725,8

2025 жылғы IV тоқсан

2343,8

4

Жұмыс істеп тұрған бизнес базасында жылдық көлемі 50 мың текше метр фанера шығару жөніндегі өндірісті салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

1000

БК

2026 жылғы IV тоқсан

387,9

2027 жылғы IV тоқсан

1000

1.2. Кәсіпкерлік және туризм

5

Халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы капитал үшін мемлекеттік гранттар беру (жыл сайын 18 адам)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

24,8

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

26

2025 жылғы IV тоқсан

26,9

2026 жылғы IV тоқсан

27

2027 жылғы IV тоқсан

27

6

Мейрамханасы мен кофеханасы бар қонақ үй кешенін салу (сыйымдылығы 50 төсек-орынға дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

20

БК

7

Гоголь көшесі, 45а-үйде сауда алаңы 500 шаршы метрге дейін сауда үйін ашу

пайдалануға беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

20

БК

8

Марал өсіру емдеу-аңшылық шаруашылығын салу (қуаты
400 басқа дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

10

БК

2024 жылғы IV тоқсан

290

9

Ақылы балық аулау қызметін ұйымдастыру (жылына 2000 адамға дейін қызмет көрсету)

пайдалануға беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

12

БК

2024 жылғы IV тоқсан

3

10

Бақтақ шаруашылығы бар SPA-орталық салу (сыйымдылығы
30 төсек-орынға дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

100

БК

2025 жылғы IV тоқсан

100

2026 жылғы IV тоқсан

100

11

"Анатау" тау шаңғысы курорты" жобасын іске асыру мәселесін пысықтау (қажетті тау дақтарын шығаруды ескере отырып, бас жоспарды түзету, жер учаскелерін мемлекеттік орман қоры құрамынан шығару, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары және бас жоспар мен құрылыс салу жобасын әзірлеу)

ӨҚМ-ге ақпарат

2023 – 2026 жылдардағы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

талап етілмейді

1.3. Жер қатынастары

12

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және оларды одан әрі айналымға тарту үшін мемлекеттік меншікке қайтару

АШМ-ге
ақпарат

2023 – 2027 жылдардағы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

талап етілмейді

13

Әлеуетті инвесторларды тарту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша конкурстар өткізу

әкімдіктің
қаулысы

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

0,6

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

0,7

2025 жылғы IV тоқсан

0,7

2026 жылғы IV тоқсан

0,8

2027 жылғы IV тоқсан

0,8

2. Әлеуметтік сала

2.1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

14

Халықты жұмыспен қамту саласында кәсіпкерлікке жәрдемдесу және оны дамыту (жыл сайын кемінде 394 жұмысқа орналасқан адамды қамти отырып, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз азаматтарды оқыту, "Алғашқы жұмыс орны" және "Күміс жас" жобалары)

ҰЭМ-ге ақпарат

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

71,2

ЖБ

84,6

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

70,9

ЖБ

85,6

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан

75,6

ЖБ

86,6

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

82

ЖБ

87,6

ЖБ

2027 жылғы IV тоқсан

83,4

ЖБ

88,6

ЖБ

15

"Риддер арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-нің ғимаратын жөндеу (жылыту жүйесін және өрт дабылын жөндеу)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

75

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

75

ЖБ

16

"Риддер арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"
КММ-нің материалдық-техникалық базасын жаңарту (кір жуу жабдықтарын және медициналық жабдықтар сатып алу)

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

50

ЖБ

2.2. Білім беру

17

Мектепке дейінгі 11 балалар мекемесін (шатырды, қасбетті, жылыту жүйесін, санитариялық тораптарды, кір жуатын орынды жөндеу) және жалпы білім беретін 15 мектепті жөндеу (ғимараттың терезелерін, шатырын, жылыту жүйесін, электр сымдарын, еденді ауыстыру бойынша жөндеу жүргізу)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

40

ЖБ

2024 жылғы III тоқсан

90

2025 жылғы III тоқсан

90

2026 жылғы III тоқсан

80

2027 жылғы III тоқсан

130

18

Мектепке дейінгі 11 балалар мекемесінің (жатын бөлмелеріне арналған жиһаз) және жалпы білім беретін 15 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту (пәндік кабинеттер, интерактивті жабдық)

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

25

ЖБ

2024 жылғы III тоқсан

60

2025 жылғы III тоқсан

70

2026 жылғы III тоқсан

80

2027 жылғы III тоқсан

115

19

Киров көшесі, 1-учаскеде орналасқан 600 білім алушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ОАМ

1719,4

РБ

2024 жылғы IV тоқсан

2693,6

РБ

2.3. Денсаулық сақтау

20

"140 төсектік стационары көпбейінді аурухана кешенін және ауысымына 500 келушіге емханасы салу" жобасын қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу

ДСМ-ге ұсыныс енгізу

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ДСМ

талап етілмейді

21

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту (7 және 4-аудандардың дәрігерлік амбулаториялары, емхана жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшесі, Пригородное ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті, Поперечное және Бутаково ауылдарының медициналық пункттері үшін электрокардиографтар, пульсоксиметрлер, спирографтар, өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат, редуктор-ингалятор сатып алу)

қабылдау–тапсыру актісі

2023 жылғы IV тоқсан –
3 бірлік

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

9

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан –
2 бірлік

6,8

2025 жылғы IV тоқсан –
6 бірлік

8,4

2026 жылғы IV тоқсан –
3 бірлік

3,6

2027 жылғы IV тоқсан – 1 бірлік

0,8

2.4. Мәдениет және спорт

22

Ауысымына 100 келушіге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

350

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

350

ЖБ

3. Инфрақұрылымды дамыту

3.1. Сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау

23

"Риддер ЖЭО" АҚ-тан құрылыс жүргізіліп жатқан перспективалы аудандарға дейін жерүсті құбыржолын салу (ұзындығы
4,086 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

802,8

РБ

324,7

ЖБ

24

Көшені жарықтандыру желілерін жөндеу (ұзындығы 11,6 километр)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

30

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

30

2025 жылғы IV тоқсан

30

2026 жылғы IV тоқсан

30

2027 жылғы IV тоқсан

30

25

Ботаника үшінші тұрғын ауданының су бұру жүйесін салу. I кезек (ұзындығы 5,969 километр
257 учаске қамтамасыз етіледі)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ

188,8

РБ

21

ЖБ

26

Кәріздік тазарту құрылысжайлары жүйесін жаңғырту (алдын ала жоспарланған қуаты – тәулігіне 34 мың текше метр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
"ТКШ ҚазОрталық" АҚ (келісу бойынша), ХҚҰ (ЕҚДБ, келісу бойынша), "Водоканал" ШЖҚ КМК (келісу бойынша)

500

БК

2025 жылғы IV тоқсан

2000

2026 жылғы IV тоқсан

2000

27

Ботаника үшінші тұрғын ауданын сумен жабдықтау жүйесін салу (ұзындығы 15 километр 147 жер учаскесі)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ӨҚМ

270

РБ

30

ЖБ

28

Ботаника үшінші тұрғын ауданының электрмен жабдықтау жүйесін салу.
II кезек (ұзындығы 12,272 километр 147 жер учаскесі)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ

188,8

РБ

21

ЖБ

3.2. Жолдар және абаттандыру

29

"Тарханка ауылынан Өскемен – Риддер жолына шығатын автомобиль жолын салу" (ұзындығы 24 километр) жобасын қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу

КМ-ге ұсыныс енгізу

2024 жылғы I тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
КМ

талап етілмейді

30

Жол инфрақұрылымын реконструкциялау (ұзындығы
10,7 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ

362,8

РБ

40,4

ЖБ

31

Көшелердің асфальт-бетон жабынын жөндеу (жыл сайын кемінде
2,5 километр)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

100

ЖБ

2024 жылғы III тоқсан

100

2025 жылғы III тоқсан

100

2026 жылғы III тоқсан

100

2027 жылғы III тоқсан

100

32

Әлеуметтік маңызы бар деп танылған 14 қалалық бағдарды субсидиялау

субсидиялау шарты

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

41

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

42

2025 жылғы IV тоқсан

43

2026 жылғы IV тоқсан

44

2027 жылғы IV тоқсан

45

33

Қаланың орталық бөлігінің инфрақұрылымын реконструкциялау (сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 8,8 километр, кәріз
– 0,2 километр, электрмен жабдықтау – 3,5 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ

650,9

РБ

34

Балалар алаңдарын орната отырып, аула аумақтарын абаттандыру (жыл сайын 3 аула)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

100

ЖБ

2024 жылғы III тоқсан

100

2025 жылғы III тоқсан

100

2026 жылғы III тоқсан

100

2027 жылғы III тоқсан

100

35

Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту (2042 шамшырақ, ұзындығы – 35,3 километр)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
"ТКШ ҚазОрталық" АҚ (келісу бойынша),
ХҚҰ (ЕҚДБ, келісу бойынша)

845

БК

3.3. Тұрғын үй

36

Бас жоспарды түзету (заманауи қала құрылысы талаптарына сәйкес келтіру)

мәслихат
шешімі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

25

ЖБ

37

№ 6 шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

333,1

БК

2024 жылғы IV тоқсан

499,7

38

№ 6 шағын ауданда орамішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 118 метр, кәріз – 215 метр, жылумен жабдықтау – 307 метр, электрмен жабдықтау – 6,15 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ

245,5

РБ

27,3

ЖБ

39

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ботаника үшінші тұрғын ауданында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен салынған екі пәтерлік 10 тұрғын үйді сатып алу (жалпы ауданы 1700 шаршы метр)

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

272

ЖБ
 

40

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізу үшін құрылыс салынған аумақта жерасты және жерүсті коммуникацияларына түгендеу жүргізу

цифрлық
топографиялық жоспар

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

23

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

100

ЖБ

4. Халықтың тыныс-тіршілік қауіпсіздігін арттыру

41

2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ТЖМ

20

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан

270

РБ

30

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

270

РБ

30

ЖБ

42

Құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін сатып алу
(1 жиынтық)

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

6,5

ЖБ

43

Сирена-сөйлеу құрылғыларын сатып алу (7 жиынтық)

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

5,9

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан

11,8

2026 жылғы IV тоқсан

11,8

2027 жылғы IV тоқсан

11,8


      Ескертпелер:

      * республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі бюджет заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.

Қолдау тапқан жобалар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

2023

2024

2025

2026

2027

Жиыны

РБ

3173,1

3490,7

540,0

458,8

-

7662,6

ЖБ

1222,9

858,1

1076,0

1147,8

732,4

5037,2

БК

9632,9

4118,5

5443,8

2487,9

1000,0

22683,1

Жиыны

14028,9

8467,3

7059,8

4094,5

1732,4

35382,9

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ – акционерлік қоғам

      БК – басқа көздер

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖК – жеке кәсіпкер

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      РБ – республикалық бюджет

      РМКК – республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ХҚҰ – халықаралық қаржы ұйымы

      ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады