Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру, GE HealthCare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 811 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру, GE HealthCare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру, GE HealthCare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 811 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру, GE HealthCare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім

      Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру, GE HealthCare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім (бұдан әрі – Негіздемелік келісім) бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" және бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен "ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – GEHC) арасында жасалады.

      GEHC АҚШ-та офисі бар және GE HealthСare компаниялары тобына кіретін GE Precision Healthcare LLC еншілес кәсіпорны болып табылатынын, мақсаты дербестендірілген медицина, цифрландыру, пациенттерге, денсаулық сақтау мекемелеріне және ғалымдарға олардың өнімділігін арттыру және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін көмектесу игілігі үшін жұмыс істеуге, сондай-ақ дәрігерлерге қабылдауға көмектесу үшін жұмыс істеуге және Edison зияткерлік платформасы базасында құрылған "ақылды" құрылғыларды, талдау жүйелерін, қосымшалар мен сервистерді пайдалану есебінен сапалы ақпарат алуда және неғұрлым жылдам шешімдер қабылдауда көмек көрсетуге сайып келетінін ескере отырып (бұдан әрі – GE HealthCare);

      Үкімет Қазақстан экономикасының орнықты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар мен өзге де мемлекеттік қолдау шараларын ұсына отырып, экономиканың басым секторларына инвестициялар тартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға мүдделі екенін, осыған байланысты Үкіметтің GEHC-пен ынтымақтастықты күшейтуге әрі бірлескен бастамаларды дамыту әрі Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу үшін өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында мүмкіндіктерді зерделеуді жалғастыруға мүдделі екенін ескере отырып;

      Үкімет пен GEHC Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу мақсатында, оның ішінде әртүрлі инвестициялық құралдарды, техникалық көмек жобаларын және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатқа және медициналық жабдықтар өндірісіне қатысты тұрақты диалогты пайдалана отырып, ынтымақтастықты күшейту үшін негіз болатын осы Негіздемелік келісімге қол қоюға ниеттенгенін ескере отырып;

      Тараптар төмендегілер туралы өзара түсіністікке келді:

1-бап.

Мақсаттар

      1.1. Осы Негіздемелік келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін және медициналық жабдықтар өндірісі саласын дамытуға жәрдемдесу мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты айрықша емес негізде күшейту, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасында медициналық жабдық өндіретін бәсекеге қабілетті саланы дамыту;

      инвестициялар тарту есебінен Қазақстан Республиканың аумағында медициналық жабдықтар өндірісін жергіліктендіруді ынталандыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген медициналық бұйымдардың үлесін ұлғайту;

      Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуын арттыру және пайдаланылатын медициналық жабдықтар паркінің тозу деңгейін төмендету;

      медициналық жабдыққа кепілдікті кезеңнен кейінгі және кепілдікті сервистік қызмет көрсету тиімділігін арттыру;

      медициналық жабдыққа қызмет көрсету бойынша инженерлер мен медициналық техниктерді даярлауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлері мен мамандарының біліктілік деңгейін арттыру;

      Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оның ішінде халықтың қалың тобына технологиялы медициналық көмектің және заманауи диагностика әдістерінің қолжетімділігін арттыру;

      ұлттық ауқымдағы медициналық бейнелердің орталықтандырылған архиві негізінде Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі және меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру болып табылады.

      Осы ауқымды мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдықтарының жаңа өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ GE HealthСare жабдығына сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, медицина жұмыскерлерін GE HealthCare жабдығын пайдалануға оқыту және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ қажет болған жерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да мемлекеттік органдарының қолдауымен инвестициялық жобаны айқындау, құрылымдау жөніндегі инвестициялық бастама бойынша Тараптардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылатын болады.

      1.2. Осы Негіздемелік келісімді іске асыру, оның мақсаттарына қол жеткізу және инвестициялық бастаманы іске асыру үшін GEHC дербес немесе тартылған инвестор арқылы Жобалау компаниясын (бұдан әрі – Жобалау компаниясы) ұйымдастырады, онда кейіннен осы Негіздемелік келісімді іске асыруға қатысу, сондай-ақ инвестициялық бастаманы іске асыруға бағытталған кейінгі келісімдерге/шарттарға қатысу, оның ішінде Үкіметпен бірге қатысу мүмкіндігі болады.

2-бап.

Ынтымақтастық салалары

      2.1. Осы Негіздемелік келісім аясындағы ынтымақтастық салаларын Тараптар ішкі қағидалар мен рәсімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып бірлесіп айқындайтын болады. Тараптар осы Негіздемелік келісімде көзделген шараларды іске асыруға қатысу үшін басқа әріптес компанияларды, сондай-ақ қаржыландыру көздерін тартуға құқылы.

      2.2. Осы Негіздемелік келісімнің шеңберінде Тараптар мынадай салаларда ынтымақтасатын болады:

      (i) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде оффтейк-келісімшарт тетігін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін қолдау;

      (ii) GE HealthСare өндірген медициналық жабдыққа кепілдікті кезеңнен кейінгі және кепілдікті сервистік қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

      (iii) GE HealthCare компаниясының вебинарларына білім алушылар топтарын қашықтан қосу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлері мен мамандарының біліктілік деңгейін арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтерді іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту; сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare Academy білім беру орталығының филиалдарын қалыптастыру;

      (iv) GE HealthCare шешімдері мен өнімдері базасында Қазақстан Республикасының медициналық бейнелерінің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивін құруды қоса алғанда, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бейнелер ұлттық архивімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық инфрақұрылымын жаңғырту.

      2.3. Инвестициялық бастамалар мен жобаларды іске асыру осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, GEHC меншікті және тартылған қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Жоғарыда көрсетілген қаражатты бөлу және инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері жекелеген келісімдер негізінде жеке тәртіппен айқындалатын болады.

      2.4. Осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, Тараптар түрлі инвестициялық құралдар аясында және солар арқылы ынтымақтастықта өзара оң нәтижелерге, атап айтқанда:

      (i) инвестициялық бастамаларды әзірлеуде және инвестициялық жобаны іске асыруда консультациялар мен техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыруға;

      (ii) осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, ішкі рәсімдер мен ережелерге сәйкес GEHC тарапынан жоба шеңберінде кәсіпорындар мен ұйымдар ашу, оларға қарыздар беру және басқа да қаржылық қолдау көрсетуге;

      (iii) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, өзге ұйымдармен, инвестициялық жоба бойынша әлеуетті әріптестермен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтасуға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

3-бап. Іске асыру тетіктері

      3.1. Үкімет инвестициялық жобаны әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімді орындау мақсатында және солардың мәселелері бойынша мемлекеттік биліктің барлық мүдделі органдарымен және ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асыруға ниетті.

      3.2. Тараптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, басқа да ұйымдармен және өзге де мүдделі тұлғалармен бірлесіп Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы), сондай-ақ техникалық көмекті (консультацияларды) тарту жөніндегі жобаларды әзірлеуге ниетті.

      3.3. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, GEHC мен Үкімет арасында инвестициялық келісім/келісімшарттар/шарттар жасасу бойынша барлық күш-жігерін салуға ниетті, оларда болжамды салымдардың көлемін, инвестициялауды қолдауды, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, Тараптар үшін капитал салымдарынан барынша экономикалық әсерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес капитал салымдарына қолайлы жағдайлар жасауды қоса алғанда, олардың міндеттемелері егжей-тегжейлі көрсетілетін болады.

      3.4. 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен тәртіпке сәйкес инвестициялық бастаманы іске асыруға бағытталған Инвестициялар туралы келісім жасасуға ниетті.

4-бап.

Тараптардың ниеттері

      4.1. Осы Негіздемелік келісім Тараптарға ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді. Кез келген осындай міндеттеме осы Негіздемелік келісімге сәйкес Тараптар қабылдауы мүмкін жекелеген келісімдерде көрсетілуге тиіс. Мұндай міндеттемелер мен келісімдер Тараптардың ішкі қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес жеке келісімге жатады. Осы Негіздемелік келісім Тараптардың кез келгені үшін екінші Тарапқа басымдық беру үшін міндеттемелер жүктемейді.

      4.2. Тараптар осы Негіздемелік келісімді іске асыру, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімнің негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық бастаманы және инвестициялық жобаны іске асыру үшін оған сәйкес өзара іс-қимыл жасау бойынша адал және ең жақсы тәсілмен барлық қажетті күш-жігерді салуға ниетті.

      4.3. Тараптардың ниеті осы Негіздемелік келісімде қамтылатын қағидаттар Инвестициялар туралы келісімнің және осы Негіздемелік келісімге байланысты Тараптар және/немесе өзге тұлғалар осы Негіздемелік келісімді орындау үшін қол қоятын басқа да құжаттардың негізіне айналуына негізделеді.

      4.4. Үкімет Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және өзге де мүдделі тұлғалармен жер пайдалану мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қоса алғанда, инвестициялық бастаманы және инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты Жобалау компаниясын, сондай-ақ онымен үлестес тұлғаларды қоса алғанда, инвесторларға қосымша құқықтар мен кепілдіктер беру, сондай-ақ инвестициялық жобаны бастау, жүзеге асыру және аяқтау мүддесі үшін қажетті инфрақұрылымға қол жеткізу мүмкіндігін пысықтауға ниетті.

      4.5. Тараптар уақтылы іске асыру үшін барлық қажетті күш-жігер сала отырып, инвестициялық жоба бойынша Жол картасы мен іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге, келісуге және бірлесіп бекітуге ниетті.

      4.6. Тараптар одан әрі осы Негіздемелік келісімнің 3.4-тармағында көзделетін Жобалау компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Инвестициялар туралы келісім жасасу жөнінде бірлесіп күш-жігер салуға ниетті. Осы Негіздемелік келісімнің 3.4-тармағында көзделген шарттардан басқа, Тараптар Инвестициялар туралы келісімге инвестициялық жобаны қолдау туралы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде инвестициялық жобаны тікелей іске асыруға байланысты жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы ережелерді енгізуге ұмтылатын болады:

      (i) рұқсаттар мен лицензиялар, сондай-ақ рұқсаттар талап етілмейтін позициялар;

      (ii) инвестициялық салықтық преференциялар және мемлекеттік қолдау шаралары;

      (iii) оффтейк-келісімшарт ұсыну;

      (iv) Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін жұмысқа орналастыру;

      (v) инвестордың қарсы міндеттемелері.

5-бап.

Инвестициялық жобаның болжамды кезеңдері

      5.1. Тараптар жақын арада осы Негіздемелік келісімді іске асыру тетіктері шеңберінде орындалуы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде көзделгендерді қоспағанда, қандай да бір қосымша рұқсаттар немесе келісімдер беруді талап етпейтін инвестициялық жобаның бірнеше кезеңдерін талқылауға кірісуге ниетті.

      5.2. GE HealthCare компаниясының вебинарларына білім алушылар топтарын қашықтан қосу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлері мен мамандарының біліктілік деңгейін арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтерді іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту кезеңі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare Academy білім беру орталығының филиалдарын қалыптастыру (бұдан әрі – № 1 кезең).

      5.3. GE Healthcare өндірген медициналық жабдыққа кепілдікті кезеңнен кейінгі және кепілдікті сервистік қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамыту кезеңі (бұдан әрі – № 2 кезең).

      5.4. Барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бейнелердің ұлттық архивімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық желілік инфрақұрылымын жаңғырту кезеңі, GE HealthCare шешімдері мен өнімдері базасында Қазақстан Республикасының медициналық бейнелерінің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивін құру (бұдан әрі – № 3 кезең).

      5.5. Қазақстан Республикасының аумағында GE HealthCare жоғары технологиялы диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру кезеңі (бұдан әрі – № 4 кезең).

6-бап.

Инвестициялық жобаны тікелей іске асыру кезінде Тараптардың қосымша міндеттемелері

      6.1. GEHC инвестициялық жобаны іске асыру ауданында қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті мамандарды іріктеу, даярлау және оқыту бойынша күш-жігер салуға ниетті.

      6.2. GEHC техникалық дизайнды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында медициналық жабдықтар өндірісін жергіліктендіру бойынша күш-жігер салуға ниетті.

      6.3. Үкімет Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, GEHC өзіне қатысты жобаның кезеңдерін іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен тауарлардың импортына қатысты арнайы жеке шектеулер, сондай-ақ тиісті капиталдың тиісті көрсетілетін қызметтері белгіленбейтінін растау мүмкіндігін талқылауға дайын. Бұл жоба аясында өндірілген өнімнің экспортына да қатысты болады.

      6.4. Тараптар инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жасалатын Инвестициялар туралы келісім бойынша міндеттемелер мен міндеттерді уақтылы орындауға жәрдемдесуге ниетті.

7-бап.

Рұқсаттар мен лицензиялар

      7.1. Тараптар тауарлар импорты/экспорты, іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобалау, қаржыландыру, сатып алу, құрылыс және жобаны пайдалану үшін қажетті рұқсаттар мен лицензиялардың алдын ала тізбесін, оның ішінде бөгде өнім берушілерге немесе консультанттарға қатысы барларын келісу бойынша күш-жігер салуға ниетті.

      7.2. Тараптар жобаны іске асыру мақсаттары үшін GEHC осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып және оған тартылатын ұйымдар тиісті рұқсаттар мен лицензиялар берілгеннен кейін ғана жобаны іске асыруға кірісуге, атап айтқанда, құрылысты бастауға құқығы бар екенін түсінеді. Жобаны іске асыру мақсаттары үшін GEHC осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып және оған тартылатын ұйымдар рұқсаттар мен лицензияларда қамтылатын талаптарды сақтауға ниетті. Бұл ретте Үкімет мемлекеттік құрылымдармен келіссөздер процесіне жәрдемдесуге және рұқсаттар мен лицензияларды кері қайтарып алу тәуекелін төмендетуде GEHC-ке, осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып қолдау көрсетуге дайын.

      7.3. Үкімет қажет болған жағдайда осы Негіздемелік келісімнің мақсаттарына уақтылы қол жеткізу мақсатында жобаны іске асыру барысында, атап айтқанда, жобаны жобалау кезеңінде қолданылу мерзімі аяқталатын рұқсаттар мен лицензиялардың мерзімдерін ұзартуға байланысты мәселелерде мемлекеттік құрылымдармен келіссөздер процестеріне барынша жәрдемдесетін және GEHC-ке осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, қолдау көрсететін болады.

8-бап.

Жобалық қаржыландыру және құрылымдау

      8.1. GEHC осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, бірақ барлық жалдау, кепілдендірілген жеткізілімдер шарттары және басқа да шарттар мен жобалық келісімдер, сондай-ақ барлық рұқсаттар, лицензиялар және ресурстар мен инфрақұрылымға қолжетімділік сәтті берілгенін және/немесе тиісті алдын ала шарттар жасалғанын ескере отырып, инвестициялық жобаны қаржыландыруға жәрдемдесуге, ұйымдастыруға және құрылымдауға ниетті.

      8.2. Үкімет жобаға мүдделі тараптар мен ұйымдарды тартуға және қатыстыруға қатысты GEHC-ке, осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, қолдау көрсету жөнінде адал ынтымақтық жасауға және күш-жігер салуға ниетті.

9-бап.

Импорттық және экспорттық реттеу

      9.1. Үкімет импорт пен экспорт кезінде GEHC-ке қатысты осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, қажетті жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт пен экспортқа байланысты күрделі формалдылықтар рәсімдерін оңайлату үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылда жәрдемдесуді қолдау жөнінде күш-жігер салуға ниетті. Тараптар мұндай импорт пен экспорттың мұндай процестеріне қатысты нормативтік ережелер ашық, транспарентті және Жобалау компаниясы үшін қолжетімді болуға тиіс деп санайды.

      9.2. Үкімет GEHC-тің, осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдарымен өзара іс-қимылы бойынша қолдау және жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөнінде күш-жігер салуға ниетті.

10-бап.

Шетелдік валюта

      10.1. Үкімет әрбір нақты инвестициялық жобаға сәйкес шетелдік және жергілікті валютаны пайдалануға байланысты валюталық бақылау және валюталық реттеу шеңберінде барлық ықтимал қажетті рұқсаттарды алуға жәрдемдесу бағытында күш-жігер салуға ниетті.

      10.2. Инвестициялық жобаны қаржыландыруға арналған жарналардың көп бөлігін GEHC осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып және GEHC тартқан инвесторлар, қаражат импортын, дивидендтер мен пайыздар экспортын немесе кредиттерді қайтаруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей ұсынады деп болжамдалады. Осыған байланысты Үкімет қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен тыс жобаны қаржыландыруға және іске асыруға қатысты GEHC үшін осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып капиталдың еркін қозғалысына ешқандай шектеулер болмайтынын растауды алуға жәрдемдесуге ниетті.

11-бап.

Қазақстандық мамандарды жұмыспен қамту және Қазақстан азаматтары болып табылмайтын жұмыскерлерге арналған жұмыс визалары

      11.1. GEHC осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, өзінің біліктілік деректері бойынша сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын сұранысқа байланысты және атап айтқанда, жоғары білікті қызметкерлерге, сарапшыларға, консультанттарға, кеңесшілерге қатысты инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс үшін тартуға және пайдалануға ниетті. Бұл ретте Тараптар бірқатар жоғары білікті шетел азаматтарын тарту талап етіледі деп пайымдайды.

      11.2. Үкімет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен GEHC-ке осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін тартылған жұмыс күші және Жобалау компаниясының персоналы, сондай-ақ олардың тиісті қосалқы мердігерлері ретінде жұмысқа орналастыру рәсімдерінде, оның ішінде жұмысқа қажетті визалар немесе рұқсаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті консультанттардың, сарапшылардың, кеңесшілердің Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне/шығуына және жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы анықтамалар мен өзге де құжаттар ұсынған кезде жәрдем көрсету жөнінде белгілі бір күш-жігер салуға ниетті.

12-бап.

Құпиялылық

      12.1. Тараптар құпиялылықты сақтауға және екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Негіздемелік келісімнің мазмұнын және осы Негіздемелік келісімге немесе оны орындауға байланысты тиісті Тараптан алатын барлық ақпаратты (бұдан әрі – "Құпия ақпарат") Тараптардың үлестес тұлғалары болып табылмайтын үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді, оған мына жағдайлар кірмейді:

      қарастырылып отырған құпия ақпарат ашық қолжетімділікте немесе жалпыға қолжетімді болып табылады;

      құпия ақпаратты жариялау заң бойынша талап етіледі; немесе

      құпия ақпарат ашылатын үшінші тұлға өзінің кәсібіне байланысты заң бойынша немесе осы Негіздемелік келісім бойынша құпиялылық міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті құпиялылық туралы келісім жасасу арқылы құпиялылықты сақтау міндеттемесін қабылдады.

      12.2. Тараптар осы Негіздемелік келісімге арналған және онымен байланысты кез келген үкіметтік нысаналы топтардың немесе жұмыс топтарының кез келген талқылаулары мен жұмысты құпия ақпарат болып есептелетінін мойындайды және келіседі.

      12.3. Егер Тараптар мұндай ашып көрсету не жариялау туралы уағдаласпаса, Тараптар құпия ақпарат ешқандай үшінші тұлғаларға ашып көрсетілмейді, осы Негіздемелік келісімнің мазмұны және орындалуы туралы мәліметтер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік мәлімдемелер мен жариялымдар жасалмайды деп деген уағдаластыққа келді.

13-бап.

Осы Негіздемелік келісімді қолдану, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қолданылуын тоқтату, өзара сендіру, сондай-ақ өзге де мәселелер

      13.1. Осы Негіздемелік келісім Тараптардың тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері атынан Тараптар қол қойған күннен бастап қолданылады және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      13.2. Үкімет осы Негіздемелік келісімді қолданудан туындайтын инвестициялық жобаларды құруға және іске асыруға қатысты мақсаттарда осы Негіздемелік келісімге қол қойылғаннан кейін жауапты ведомствоны немесе тұлғаны айқындайды.

      13.3. GEHC уәкілеттік берілген өкілдердің мерзімі шектелмей және осы Негіздемелік келісім бойынша GEHC атынан өкілдік етуге, Қазақстан Республикасының Үкіметімен негіздемелік келісім жасасуға дайындыққа қатысты, сондай-ақ инвестициялық жобаға қатысты келіссөздер жүргізуге, осы Негіздемелік келісімде көзделген барлық ниеттерді орындауға тиісті түрде уәкілеттік берілуін қамтамасыз етеді.

      13.4. Күмән болғызбау үшін осы Негіздемелік келісімнің 12-бөлімінің ережелерін қоспағанда, осы Негіздемелік келісім ниет туралы шарт болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алдын ала шарт болып табылмайды. Осы Негіздемелік келісімнің 12-бөлімінің ережелері Тараптар үшін заңды түрде міндеттеуші болып табылады.

      13.5. Осы Негіздемелік келісім Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      13.6. Осы Негіздемелік келісімге және осы келісім шеңберінде тиісті келісімшарттарға, келісімдерге, шарттарға қол қойылғаннан кейін Үкімет осы Негіздемелік келісімнің 1.2-тармағының ережелерін ескере отырып, GEHC-тен инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы қажетті және жеткілікті ақпарат беруді негізді түрде талап етуге құқылы болады.

      13.7. Тараптар осы Негіздемелік келісім бойынша немесе оған байланысты Тарап жіберетін кез келген хабарламалар мен сұрау салулар, сондай-ақ көрсетілген хабарламалар мен сұрау салуларға жауаптар жазбаша нысанда жасалуға тиіс деп пайымдайды. Бұл ретте егер жөнелтуші Тараптың қолы халықаралық танылған нысанда білікті электрондық қолтаңба берілсе, хабарламалар мен сұрау салулардың жазбаша нысанына қойылатын талап орындалды деп есептеледі. Білікті электрондық қолтаңбада нысанында жіберілген хабарлама/сұрау салу және/немесе хабарламаға/сұрау салуға жауап электрондық пошта арқылы келесі электрондық пошта мекенжайларына жіберілген кезде жеткізілді деп есептеледі:

      Үкімет: _________________

      GEHC: __________________

      Тараптар жаңартылған электрондық пошта мекенжайын(ларын) беру үшін тәуекелдерді әрқайсысы өзі алады деп пайымдайды.

      13.8. Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша осы Негіздемелік келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы Негіздемелік келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің өзге нысаны көзделмесе, жазбаша түрде ресімделуге, оған екі Тарап қол қоюға және осы Негіздемелік келісімге тікелей сілтемені қамтуға тиіс.

      13.9. Тараптардың кез келгені осы Негіздемелік келісімнің 13.7-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Негіздемелік келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар ете алады. Мұндай жағдайда осы Негіздемелік келісім Тараптардың бірі тиісті хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      13.10. Тараптар арасындағы осы Негіздемелік келісімнің ережелерін түсіндіруге және/немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дауларды, оның ішінде осы Негіздемелік келісімнің түсіндірілуіне, болуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселелерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт жолмен шешеді.

      13.11. Осы Негіздемелік келісім Тараптардың ерекше емес негізде ынтымақтасуға деген көзқарастары мен ниеттерін көрсетеді және осы Негіздемелік келісімнің 12-бөлімінің ережелерін қоспағанда, Тараптарға заңды немесе қандай да бір басқа міндеттемелер жүктемейді. Осы Негіздемелік келісімнің 12-бөлімінің ережелері Тараптар үшін заңды түрде міндеттеуші болып табылады.

      2023 жылғы "___" __________ Нью-Йорк қаласында, АҚШ, екі данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ЖАСАЛДЫ. Мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы
_____________________________

"ДжиИ Хэлскеа" жауапкершілігі шектеулі қоғамның Бас директоры
Легезина Елена Николаевна
_____________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады