Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 881 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 6 қазандағы
№ 881 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Қостанай облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 229-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-14. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      "Түркістан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 305-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 406-17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-17. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 406-27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-27. "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      3. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 22-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22-1

"Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Шымкент қаласы

      ";

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қостанай қаласы

      ".

      4. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      17-1-тармақта:

      "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;".

      5. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады