Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 890 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 890 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      127) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "127) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 145-1) және 145-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "145-1) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      145-2) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      150) және 151) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "150) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      151) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалануға қажетті көлемдердегі сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;";

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;".

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 194) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "194) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын келісу;".

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 138-1) және 138-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "138-1) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

      138-2) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады