Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 960 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады