"Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 970 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне берсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-114-жол алып тасталсын.

      5. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және мемлекеттік қатысу үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 306-жол алып тасталсын.

      6. "Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңды тұлғаны айқындау және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады