Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1040 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;";

      3-тармақтың 2) тармақшасында:

      алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:";

      сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 17-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 718 қаулысында:

      1-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3)

Еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін


ЛА-дан 50 %


      ".

      2. Осы қаулы:

      1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және оныншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға;

      1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары және 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленіп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 1040 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына
17-1-қосымша

"Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

Р/с №

Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылардың түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1


Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы



1)

Негізгі персонал жұмыскерлеріне мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жұмысы, этносаралық қатынастар саласын зерделегені, олардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізгені, дамуын болжағаны және оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдағаны үшін


ЛА-дан 50 %


2)

Негізгі персонал жұмыскерлеріне халық шығармашылығының, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың сақталуын қамтамасыз ету, насихаттау, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу бойынша халыққа қызмет көрсетуге байланысты жұмыс үшін;
қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша конкурстар, фестивальдар, мәдени-ағартушылық жобалар, акциялар, семинар-тренингтер, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізумен байланысты жұмыс үшін


ЛА-дан 50 %


3)

Басқарушы персонал жұмыскерлеріне этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс үшін


ЛА-дан 50 %



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады