Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1065 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 10962 гектар жерді Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы "Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
  2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 1065 қаулысына
қосымша

Қонаев қаласынан Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлердің экспликациясы

Р/с №

Ауданның атауы

Жалпы жер ауданы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар)

елді мекендер жерлері
(гек-тар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихимәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жерлері (гектар)

су қорының жерлері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

Қонаев қаласынан Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлердің жалпы ауданы

10962

2916

526,7

3174,8

50

445

3

3846,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады