Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 948 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясында:
жоғарғы оң жақ бұрышта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспары";
"Кіріспе" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Кіріспе
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысымен құрылған.
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) қоғамның миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, түйінді көрсеткіштерін және онжылдық кезеңге арналған күтілетін нәтижелерін айқындайды.
Көрсетілген параметрлер Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар-2025);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақсаттарының, міндеттері мен индикаторларының декомпозициясы негізінде қалыптастырылған.";
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген 1-бөлімде:
"Сыртқы ортаны талдау" деген 1.1-кіші бөлімде:
"Мемлекеттік саясат" деген тарауда:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құру үшін Ұлттық жоспар-2025-те мультипликативтік әсері бар экономика өсімінің жаңа көзі ретінде ішкі туризмді дамыту міндеті көзделген. Ол үшін туристік ресурстарды және дестинацияларды дамыту, инвестициялар тарту, туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қолайлы ахуал жасау және Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету жөніндегі шаралар қажет.
Әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграцияланған тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру тетіктері Тұжырымдамада айқындалған. Ол елдің туристік дестинацияларының кешенді дамуы мен абаттандырылуын, сондай-ақ Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени, этникалық әртүрлілігі мен гастрономиясының ерекшеліктерін ескере отырып, туристік дестинациялардың айналасында сапалы және шынайы туристік өнімдер жасалуын қамтып көрсетеді. Тұжырымдаманы іске асыру қорытындысы бойынша туристік салада жалпы қосылған құн көлемінің өсуі 6 трлн теңгеден асады деп күтілуде.";
бесінші бөлік алып тасталсын;
"Тарихи-мәдени факторлар" деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміндегі 6 атау (кандидаттар қатарында 13 объект) бар. Оның ішінде табиғи объектілерге Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері (Наурызым және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтары), Батыс Тянь-Шань (Қаратау және Ақсу-Жабағылы қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), сондай-ақ Тұранның суық қысқы шөлдері ("Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы) жатады. Мәдени объектілер адам данышпандығының жауһары ретінде танылған Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін және Жібек жолын: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі маршруттарының желісін, оның ішінде Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтарын қамтиды.";
"Инвестициялар тарту" деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан басқа, 2019 – 2020 жылдары басым туристік аумақтарда 59 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 68 млрд теңге бөлінді. Іске асырылған жобалар шеңберінде 2025 жылға қарай жоспарланған 25 мың төсек-орынның 10,6 мыңы іске қосылды.";
"Ішкі ортаны талдау" деген 1.2-кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (жалғыз акционер) жүзеге асырады.";
"Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер" деген 3-бөлімде:
"Туристік ресурстарды дамыту" 1-стратегиялық бағыты" деген 3.1-кіші бөлімде:
"Туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамыту мониторингі және оған жәрдемдесу" деген 1-міндетте:
бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Туристік дамудың ерекше әлеуеті бар Қазақстан аумақтары немесе басым туристік аумақтар туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілерінің тізбесіне енгізілген.
Қоғам жоспарланған кезеңде туристендіру картасына енгізілген басым туристік аумақтарда туристік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу жұмысын жалғастырады.
Жәрдемдесу инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ салалық бағдарламалық құжаттардың уақтылы іске асырылуын мониторингтеу арқылы жүзеге асырылатын болады.";
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоғам қызметкерлері арасында дестинацияға жауапты кураторларды айқындау арқылы жергілікті атқарушы органдармен тиімді коммуникацияны және жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;"
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Салыстырмалы талдау жүргізу, салынған қаражаттың тиімділігін және өңірлердің даму серпінін бағалау мақсатында қоғам туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірлерді ұлттық рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауда. Рейтингтік бағалау үздік халықаралық тәжірибені ескереді және Қазақстанның туристендіру картасына енгізілген басым туристік аумақтарды қамтитын болады.";
он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай практиканы қоғам жалғастыратын болады және қажет болғанда басым туристік аумақтардағы өкілдіктердің қызметі ұйымдастырылатын болады.";
"Туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру" 2-стратегиялық бағыты" деген 3.2-кіші бөлімде:
"Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіру" деген 1-міндетте:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2031 жылға дейін субсидиялаумен кемінде 108,8 мың баланы қамту жоспарлануда.";
"Құзыреттерді дамыту" деген 2-міндетте:
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Агротуризмді дамыту және насихаттау мақсатында қоғам ауыл тұрғындары арасында маркетинг, туристік өнім жасау, бизнес ашу және жүргізу, оның ішінде қонақүйлер ашу бойынша оқыту іс-шараларын өткізетін болады. Өңірлерді қамту туристерді қызықтыратын басым туристік аумақтарда жүргізілетін болады.
Бұдан басқа, 2021 жылы пилоттық режимде жергілікті оқу орындарының базасында туризм саласы үшін желілік персоналды оқыту басталды. Кадр даярлау Маңғыстау облысынан бастап басым туристік аумақтарда шоғырланған.";
"Туристік саланы цифрландыру" деген 3-міндетте:
"eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесі" деген тарауда:
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесі 217 орналастыру орнында, Астана және Алматы қалаларының барлық 4-5 жұлдызды қонақүйінде орнатылған.
Жоспарланған кезеңде қоғам жүйені ауқымды ету және оны Қазақстан өңірлерінде (облыс орталықтары және туристік дестинациялар) енгізу бойынша жұмыс жүргізеді, орналастыру орындарының қызметкерлерін жүйені пайдалану бойынша оқытуды жүргізеді, сондай-ақ тұрақты негізде жүйе модульдерін жаңғырту жүргізілетін болады.
2029 жылы орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "eQonaq (eHotel)" ақпараттық жүйесімен 100 %-ға дейін қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.";
"Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталының модульдері" деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл бөлімде Қазақстанда іс-шара ұйымдастырғысы/өткізгісі келетін қазақстандық және шетелдік компаниялар үшін Астана және Алматы қалаларында конгрестік-іскерлік іс-шараларды өткізу үшін қолжетімді алаңдар туралы ақпарат және алаңдарды іздеу функциясы, әртүрлі қазақстандық және шетелдік бағдарламалар туралы, Қазақстанда іс-шараларды ұйымдастырушылардың және конгрестік-іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін отандық көрсетілетін қызметті жеткізушілердің қолдауы туралы деректер ұсынылған.";
"Турстат" ақпараттық жүйесі" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам туризм саласындағы деректерді жинау және өңдеу бойынша Tourstat.kz ақпараттық жүйесін – туризм саласындағы статистикалық және өзге де ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде және форматта визуалдандыру мүмкіндігі бар жүйені әзірледі.";
"Туристік өнімдерді дамыту" деген 4-міндетте:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресурсты тиімді пайдалану және бәсекеге қабілетті ұлттық туристік өнімді қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында туристік бизнеске туристік өнімді қалыптастыру проблемалары туралы сауалнама өткізу нәтижесін ескеріп (сипаттама "1.1. Сыртқы ортаны талдау" деген бөлімде келтірілген), қоғам Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, қоғам және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында 2020 жылы қол қойылған Ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) іске асыру шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізетін болады.";
"Экскурсиялық-танымдық балалар мен жасөспірімдер туризмін ілгерілету" деген тарауда:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоспарланған кезеңде "Жанды сабақтар" жобасы шеңберінде география кеңейтіледі және балаларды қамту ұлғайтылады. 2022 жылы қоғам кемінде 1000 баланы қамтыды. 2023 жылдан бастап жоба өңірлерден келген оқушыларды жобаға қатысуға тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға іске асыру үшін берілетін болады.";
"Түгендеу және зерттеу" деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам жыл сайын жаңа туристік өнімді қалыптастыру және қолданыстағыларын дамыту үшін жергілікті жерді зерделеу мақсатында басым туристік аумақтарды қамтып, туристік маршруттарға түгендеу ұйымдастырады және жүргізеді. Қоғам кемінде 1000 туристік маршрутты/объектіні түгендеуді жоспарлап отыр.";
"Пакеттік турларды ілгерілету және ынталандыру" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам пакеттік турлар жасауды және ілгерілетуді ынталандыру үшін Туристік өнімдерді дамыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаның мәні басым туристік аумақтар бойынша кепілдік берілген күні мен белгіленген бағалары бар пакеттік турлар болып табылатын туристік өнімді іріктеу және қоғам құралдары арқылы одан әрі ілгерілету болып табылады. Бұл ретте қоғам туристер үшін сапалы қазақстандық туристік өнімді жасауда және дұрыс жинақтауда консультациялық қолдау көрсететін болады.";
"Конгрестік-іскерлік туризмді дамыту" деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, конгрестік-іскерлік туризм елшілерінің бағдарламалары даму жоспарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені бұл елшілер халықаралық қауымдастықтар мен шетелдік компаниялардың ірі іс-шараларын тарта алатын халықаралық деңгейде танымал адамдар (ғалымдар, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері және тағы басқа) арасынан таңдалады.";
"Емдеу-сауықтыру (медициналық) туризмі" деген тарауда:
бірінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау жоспарланып отырған Астана, Алматы, Шымкент қалаларында медициналық туризмнің басым аймақтарын ілгерілету (салықтық және кедендік преференциялар, шетелдік мамандарды тартуға рұқсат алудың оңайлатылған рәсімдері және басқалар).";
"Туристік саланың экожүйесін дамыту" деген 5-міндетте:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғам ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қолайлы экожүйені қалыптастыру мақсатында саланы қолдаудың жүйелі шараларын жетілдіру, туризм саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу және туристік саланы талдамалық қолдау жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.";
"Талдамалық қолдау" деген тарауда:
үшінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әдіснамалық қолдау арқылы, оның ішінде туристік ағындарды өлшеу әдістері, туристік саланы дамыту көрсеткіштерінің құрылымын өзектілендіру, туристердің бейінін зерттеу және туристердің дестинация имиджін қабылдауы, елдің негізгі туристік дестинациялары бөлінісінде статистикалық ақпаратпен толықтыру, әдістемені жетілдіру бойынша туризм саласындағы деректерді есепке алу жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.";
"Бағдарламаларды іске асыру мониторингі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлемдік пандемиядан кейінгі туризм нарығының жаһандық сын-қатері мен үрдісін ескеріп, туристік саланың проблемаларын жүйелі шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тұжырымдамада туристік саланы дамытудың негізгі тәсілдері айқындалған.
Тұжырымдама алдыңғы бағдарламалық құжаттардың, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасының және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының сабақтастығын сақтайды.
Жоспарланған кезеңде қоғам туризм саласындағы жобалау қызметі шеңберінде:
1) салалық бағдарламалық құжаттар шеңберінде жобалардың іске асырылуын үйлестіруді, мониторингтеуді және бақылауды;
2) салалық бағдарламалық құжаттар шеңберінде жобаларды іске асырудың ведомствоаралық және өңіраралық мәселелерін шешуді үйлестіруді;
3) салалық бағдарламалық құжаттар шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді;
4) салалық бағдарламалық құжаттардың іске асырылу нәтижесі мен барысы туралы ақпарат пен есепті талдауды және дайындауды;
5) салалық бағдарламалық құжаттар жобалары мен іске асыру көрсеткіштерін түзету бойынша ұсыныстар мен негіздемелерді талдауды, әзірлеуді жүзеге асыратын болады.";
"Қызметтің негізгі көрсеткіштері" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"
Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 | 2031 |
Туристік өнімге енгізілген авиабилет құнын субсидиялау құралымен қамтылған балалар саны, мың адам | 10 | 2,8 | 5 | 7 | 9 | 11 | 13 | 15 | 17 | 19 |
Қоғамның оқыту іс-шараларына қатысушылар саны, адам | 1300 | 1350 | 1400 | 1450 | 1500 | 1550 | 1600 | 1650 | 1700 | 1750 |
Орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "еQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесімен қамтуды ұлғайту, % | 49 | 75 | 85 | 95 | 96 | 97 | 98 | 100 | 100 | 100 |
";
"Күтілетін нәтижелер" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билет құнын субсидиялау тетігімен 2031 жылға дейін кемінде 108,8 мың баланы қамту;
2) 2031 жылға дейін туризм саласындағы құзыреттерді дамыту және қоғамның оқыту іс-шараларымен шамамен 14 мың адамды қамту;
3) орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесімен қамтуды 2029 жылы 100 %-ға дейін ұлғайту;
4) "Турстат" ақпараттық жүйесін мобильдік операторлардың, жолаушылар тасымалдарының және "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесінің деректерімен интеграциялау (қаржыландыру бөлінсе, 2025 жылға дейін);
5) 2022 жылы "Туризм онлайн" ақпараттық жүйесінің платформасында туристік өнімдерді қалыптастыру үшін туристік маршруттардың цифрлық картасын жасау және тұрақты жүргізу;
6) туристік операторлар мен туристік көрсетілетін қызметті жеткізушілердің рейтингісін ендіру;
7) жылына кемінде 100 адамды қамтып, туристік бизнес өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер үшін жыл сайынғы ақпараттық турлар өткізу;
8) жыл сайын Қазақстанда конгрестік-іскерлік іс-шараларды (биддинг) өткізу жөніндегі кемінде 10 шетелдік тендер алаңына қатысу және конгрестік-іскерлік туризмнің кемінде 10 елшісін тарту;
9) 2031 жылға дейін "сапа белгісі" жүйесін кезең-кезеңімен ендіру, бекітілген сапа стандарттарына сәйкес келетін туризм субъектілерінің санын ұлғайту;
10) 2022 жылдан бастап туристік өнімдерді дамыту бағдарламасын іске қосу;
11) туризм бойынша ұлттық жобаны әзірлеуді, мониторингтеуді және оның іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету (2025 жылға дейін);
12) 2022 жылдан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жүйелі қолдау шараларын ендіруді қамтамасыз ету;
13) гидтер мен экскурсоводтардың қызметін цифрландырумен қамтуды 2025 жылға қарай 95 %-ға дейін ұлғайту.";
"Елдің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету" 3-стратегиялық бағыты" деген 3.3-кіші бөлімде:
"Ұлттық туристік брендті басқару" деген 3-міндетте:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Елдің туристік брендтері мүдделі ведомстволардың (Туризм және спорт, Сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Эйр Астана", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы", "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы", "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының, салалық қауымдастықтардың, әкімдіктердің) барлық имидждік іс-шаралары мен ресурсы арқылы ілгерілейтін болады. Сонымен қатар қазақстандық туристік брендті ілгерілету кезінде қоғам ресурсты пайдаланатын болады және Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктерімен (дипломатиялық өкілдіктер, елшіліктер, ұлттық компаниялардың өкілдіктері) ынтымақтастық жолға қойылады.";
"Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету" 4-стратегиялық бағыты" деген 3.4-кіші бөлімде:
"Кадр саясатының тиімділігін арттыру" деген 3-міндет мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
"Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарындағы әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасындағы әйелдер үлесі 55 %-ды, қоғамның атқарушы органының құрамында – 25 %-ды (4-тен 1), қоғамның Директорлар кеңесінің құрамында – 14 %-ды (7-ден 1) құрайды. Бұл ретте қоғамның жалпы санында әйел қызметкерлер саны 52 %-ды құрайды.
Қоғамның кадр саясаты гендерлік теңдікті одан әрі қамтамасыз етуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндігін кеңейтуге, оның ішінде қоғамның басқарушы органдарындағы әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.";
"Қызметтің негізгі көрсеткіштері" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"
Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 | 2031 |
Қоғамның экономикаға қосатын үлесі, халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнен % | 0,6 | 0,8 | 0,85 | 0,9 | 0,95 | 1 | 1,1 | 1,2 | 1,3 | 1,4 |
Корпоративтік басқару рейтингісін алу, 10 балдық шәкіл бойынша бағалау | - | - | 4 | - | - | 6 | - | - | 7 | - |
Шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үлесін арттыру, % | 25 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 |
";
"Тәуекелдерді басқару" деген 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы даму жоспарын іске асыру шеңберінде қоғам мынадай тәуекелдерге тап болуы мүмкін:
Р/с | Тәуекел (сипаттамасы, салдары) | Тәуекелдің алдын алу жөніндегі шаралар | Тәуекел басталған жағдайда ден қою шаралары |
Инвестицияларды тарту тәуекелі | |||
---|---|---|---|
1 | Жобалар бастамашылары тарапынан инвестициялық ұсыныстардың/ әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болмауы |
1. Қолда бар инвестициялық ұсыныстар мен мүмкіндік туралы әлеуетті инвесторлардың хабардар болуын арттыру. |
Жүргізілген маркетингтік зерттеу негізінде қоғамның тартымды инвестициялық ұсыныстарға дербес бастама жасауы. |
2 | Валюталық тәуекел: ықтимал шығын және валюта бағамының күрт ауытқуына байланысты инвестордың жобадан кетуі. |
1. Жобаны жоспарлау және құрылымдау процесінде валюталық тәуекелді есепке алу. | Қаржыландырудың жаңа/қосымша көздерін, балама жеткізушілерді іздеу |
Инвестицияларды тарту тәуекелі | |||
3 | Зәкірлік жобаларға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражаттың болмауы, бұл компанияның инвестициялық қызметін іс жүзінде мүмкін емес етеді. |
1. Қоғам жобаларының 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялық базасын құру. | Тікелей инвестициялар қорын, салалық инвестициялық қорларды, әртүрлі қаржы институттарын, оның ішінде мемлекеттік және халықаралық қаржы институттарын құру |
Қоғамның талдамалық қызметінің тәуекелі | |||
4 | Қоғамның ұсынымдары мен ұсыныстарын тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар пайдаланбайтын және енгізбейтін тәуекел |
1. Зерттелетін мәселелерді мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп пысықтау. | Деректерді агрегаттау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне шығарып, туристік саланы жүйелі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Туристік саланы цифрландыру тәуекелі | |||
5 | Туристік нарыққа қатысушылардың цифрлық бизнеске көшуге әзір болмауы (ментальды, техникалық). |
1.Туристік бизнестің құзыреттілігін дамыту және туристік қызметті жүзеге асыру кезінде бизнес-процесті цифрландыру мәселелері бойынша білім/ақпарат тарату. |
Бизнесті басқарудың цифрлық құралдарын ендірудің артықшылығы мен қажеттілігі туралы туристік нарыққа қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. |
Қаржылық тәуекел | |||
6 | Даму жоспарының жоспарланған іс-шараларын іске асыруға бөлінген қаражаттың болмауы және/немесе олардың жеткіліксіз көлемі. | Ішкі және сыртқы туризмді дамыту және ілгерілету бойынша жергілікті атқарушы органдардың және басқа да органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру | Даму институттары, оның ішінде халықаралық институттар желісі бойынша қосымша қаржыландыруды іздеу |
Ілгерілету тәуекелі | |||
7 | "Әлсіз" бренд: Қазақстанның туристік брендтерінің бәсекелестер арасында ерекшеленбеу және әлеуетті туристердің қызығушылығын туғызбау тәуекелі. Бұл елге туристік ағынның күтілетін өсуінің болмауына және брендинг пен ілгерілету шығынының тиімсіздігіне әкеледі. |
1. Брендті қалыптастыру сатысында сапалы пысықтау. | Өткен тәжірибені ескеріп, ребрендинг бойынша іс-шаралар |
8 | Брендтің уәделері мен Қазақстанның туристік ресурсы мен инфрақұрылымының мүмкіндігі арасындағы қайшылық. Бұл Қазақстанға сапарлардың қайталануын нөлге дейін жеткізеді әрі орта және ұзақ мерзімді перспективада адал клиенттер санының азаюына әкеледі. | Қазақстандағы туристік ресурсты дамыту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстар кешенін жүргізу |
1. Өткен тәжірибені ескеріп, ребрендинг бойынша іс-шаралар. |
9 | Елге туристік ағынды едәуір арттыра алатын белгілі бір аудиторияның ілгерілетумен қамтылмауы. | Сыртқы нарықтарды мерзімді талдау және маркетинг | Ілгерілетудің маркетингтік стратегиясын өзектілендіру |
COVID-2019 жаңа коронавирустық инфекциясы пандемиясының салдары | |||
10 |
COVID-2019 жаңа коронавирустық инфекциясының және оған байланысты шекарадан өту мен адамдардың еркін жүруіне тыйымның ұзаруы. |
Қазақстанда қабылданған қауіпсіздік шаралары, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат тарату. | Инфрақұрылымды дамыту әрі сапалы және қызықты туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге арналған мазмұнды дайындау үшін саланың мәжбүрлі тоқтап қалу уақытын пайдалану |
";
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша |
";
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдіснамасында:
"1. Туристік сала жобаларына тартылған инвестициялар көлемі" көрсеткіші" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:
Көрсеткіш:
1) Ұлттық жоспар-2025-тің "Негізгі капиталға инвестициялар" ("Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер" саласы үшін) және "Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны" көрсеткіштеріне;
2) Тұжырымдаманың "Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердегі инвестициялардың өсуі" индикаторына қол жеткізуге бағытталған.";
"3. "Туристік дестинациялардағы біржолғы сыйымдылықты ұлғайту" көрсеткіші" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:
Көрсеткіш Ұлттық жоспар-2025-тің "Еңбек өнімділігінің өсуі" көрсеткішіне (тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер) және Тұжырымдаманың "Туризм саласында жұмыспен қамтуды ұлғайту" индикаторына қол жеткізуге бағытталған.";
"5. "Орналастыру орындарында eQonaq (eHotel) ақпараттық жүйесін енгізу" көрсеткіші (2026 жылға дейін)" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "еQonaq" (eНotel) ақпараттық жүйесімен қамтуды ұлғайту" көрсеткіші
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:
Көрсеткіш Тұжырымдаманың "Қонақүйлерді "eQonaq" ақпараттық жүйесімен қамтуды 100 %-ға дейін ұлғайту" көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.
Әдістеме:
Есепті кезеңде орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесімен қамтудың нақты деңгейі мына формула бойынша есептеледі:
О= МРQ / МР * 100,
мұндағы:
О – есепті кезеңде "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесімен (заңды тұлғаларды) орналастыру орындарын қамту;
МРQ – есепті кезеңнің соңына қарай "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесіне іс жүзінде қосылған орналастыру орындарының (заңды тұлғалардың) саны;
МР – статистикалық деректерге сәйкес есепті кезеңнің соңына қарай Қазақстан Республикасындағы орналастыру орындарының (заңды тұлғалардың) жалпы саны.
Өлшем бірлігі: %
Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.
Ақпарат көздері:
1) "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесінен тіркелген орналастыру объектілерінің (заңды тұлғалардың) саны туралы талдамалық ақпарат;
2) Қазақстан Республикасындағы орналастыру орындарының саны туралы ресми статистикалық ақпарат.";
"6. "Qonaq (eHotel) ақпараттық жүйесінде тіркелген шетелдік келушілердің саны" көрсеткіші (2027 жылдан бастап)" деген тарау алып тасталсын;
"8. "Ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту" көрсеткіші" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:
Көрсеткіш Қазақстанда ішкі нарықта туризмнің мүмкіндігі туралы хабардар болуды арттыру және танымал ету арқылы Тұжырымдаманың ішкі туристер санын ұлғайту жөніндегі көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.";
"9. "Нысаналы шетелдік нарықтарда онлайн және офлайн ілгерілетумен қамту" көрсеткіші" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне ықпалы:
Көрсеткіш Қазақстанда нысаналы нарықтар мен аудиториялардан ықтимал туристердің хабардар болуын арттыру арқылы Тұжырымдаманың келуші туристер санын ұлғайту жөніндегі көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған.";
"12. Кадрлардың тұрақтамау деңгейі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үлесін арттыру" көрсеткіші
Әдістеме:
Шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдер үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
К = Пә/Пж * 100 %,
мұндағы:
К – шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдер үлесі;
Пә – қоғамның атқарушы органындағы әйелдер саны;
Пж – қоғамның атқарушы органы мүшелерінің жалпы саны.
Өлшем бірлігі: %.
Бағалау кезеңділігі: жыл сайын.
Ақпарат көздері: есепті жылы қоғамның атқарушы органының саны мен құрамы туралы нақты деректер.";
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымшада:а:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша |
";
кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"
Жалпыұлттық басымдықтар | Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары | Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Қазақстан Республикасы |
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынын 30 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу |
1. 2025 жылға қарай тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялардың нақты өсуін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 87,3 %-ға дейін қамтамасыз ету. | Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердегі инвестициялардың 260 млрд теңгеге дейін өсуі | 2027 жылға қарай тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердегі инвестициялардың 200 млрд теңгеге дейін өсуі |
1. 2031 жылға қарай қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен туристік сала жобаларына кемінде 1473 млрд теңге инвестиция тартуды қамтамасыз ету. |
- | 2025 жылға қарай тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейден 12,2 %-ға өсуін қамтамасыз ету. |
1. 2029 жылы туризм саласында жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін ұлғайту. |
1. 2023 жылы нөмірлік қор санын 208530 төсек-орынға дейін ұлғайту. | 2031 жылға қарай туристік дестинациялардағы біржолғы сыйымдылықты 22200 жаңа төсек-орынға ұлғайту (қоғамның жәрдемдесуімен/қатысуымен іске асырылған инвестициялық жобалар шеңберінде) |
- | Туристік өнімге қосылған авиабилет құнын субсидиялау құралымен кемінде 108,8 мың баланы қамтуды қамтамасыз ету. | |||
- | Қоғамды оқыту іс-шараларымен кемінде 14 мың адамды қамтуды қамтамасыз ету | |||
- | 2029 жылы орналастыру орындарын (заңды тұлғаларды) "eQonaq" (eHotel) ақпараттық жүйесімен 100 % дейін қамтуды қамтамасыз ету | |||
- | - |
2029 жылы ішкі туристер санын 11 млн адамға дейін ұлғайту | 2027 жылға қарай ішкі туристер санын 9 млн адамға дейін ұлғайту | Ішкі нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамтуды 2021 жылғы 8 млн-нан 2031 жылы 24 млн-ға дейін ұлғайту |
- | - | 2029 жылы сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін ұлғайту | 2027 жылға қарай сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін ұлғайту | Шетелдік нарықта онлайн және офлайн ілгерілетумен қамтуды 2021 жылғы 160 млн қаралымнан 2031 жылы 360 млн қаралымға дейін ұлғайту |
- |
1. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 2025 жылға қарай номиналды мәнде 14,6 мың АҚШ долларына дейін ұлғаюы. | - | Туризм саласындағы жалпы қосылған құн көлемінің 2027 жылға қарай 5,1 трлн теңгеге дейін өсуі |
Қоғамның ел экономикасына қосатын үлесін 2022 жылғы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 0,6 %-ынан 2031 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |