Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Кәсіпорында басқару органы – байқау кеңесі енгізілсін.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-жолмен толықтырылсын:
"31. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |