Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 1078 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1078 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар

Р/с

Тауардың/көрсетілетін қызметтің атауы

Өнім берушінің атауы

БСН

1

Абоненттік терминалдар жиынтығы

"Старлинк Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

211040037501

2

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділіктің көрсетілетін қызметтері

"Старлинк Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

211040037501

3

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділіктің көрсетілетін қызметтері

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы

040340001739


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады