"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" және "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Академиялық" мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |