ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әзірленген "ҚБП" ҚҚВТ жобасы мемлекеттік органның ОСК қарауына шығарылады.";
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдар "ҚБП" ҚҚВТ-ны әзірлеу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "ҚБП" белгісімен шектелуге жататын қызметтік құжаттардың бірыңғай (үлгілік) тізбесін басшылыққа алады.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою "жұқа клиент" үлгісіндегі шешімдер пайдаланылып, электрондық құжатты сақтау орнынан жүктеу мүмкіндігінсіз және оған қол жеткізген (қарау, қайта жіберу, басып шығару және т.б.) барлық пайдаланушыларды ескере отырып, бұлтты сақтау орнында жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне, оның ведомстволарына, оның құрылымына кіретін ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қолданылмайды.
"ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қабылдауды және жіберуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, оның құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, олармен үлестес заңды тұлғалар электрондық құжаттарды сақтау орнынан жүктеп алу мен басып шығару және электрондық құжаттарды сақтау орнына жүктеу мүмкіндігі бар абоненттік пункт арқылы жүзеге асырады.
Бұлтты сақтау орнының дерекқоры "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар." ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) пайдалана отырып қорғалуы тиіс.
13. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың ЕТҚ-да өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жоюды қоспағанда, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану (сақтамай) және жою МО БКО-ға қосылған және Интернетке шықпайтын ЕТҚ-да жүзеге асырылады.";
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұлтты сақтау орнына қосылу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық түрде беру "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар." ҚРСТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес отандық АКҚҚ пайдаланылатын байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.";
15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйым басшысы электрондық жеткізгіштің түріне, нысанына, мазмұнына және берілуіне қарамастан, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғауды, оның ішінде тиісті АКҚҚ-ны және (немесе) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Ұйым қызметкерлері қолжетімділігі шектелген қызметтік және (немесе) жасырын ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.
Ұйым қызметкерлеріне өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты белгілі болған "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге және беруге рұқсат етілмейді. Үшінші тұлғалар "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты алуға әрекет жасаған жағдайда қызметкер ұйым басшылығына және/немесе тікелей басшысына дереу хабарлауға міндетті.";
48-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйым басшысының қарары алынғаннан кейін сұратылған ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 7-параграфына сәйкес жібереді. Бұл ретте "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттан және басылымнан (нормативтік құқықтық актіден және (немесе) жеке құрам бойынша бұйрықтан) үзінді көшірмеде Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының сұрау салуына қатысы бар бөліктегі мәліметтер көрсетіледі.";
68-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, егер "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен басылымдарда басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәліметтер қамтылса, "ҚБП" белгісін алып тастау "ҚБП" белгісімен шектелуге жататын қызметтік құжаттардың бірыңғай (үлгілік) тізбесінде айқындалған мерзім аяқталғаннан кейін осы мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының келісімімен ғана жүзеге асырылады.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Істерді ведомстволық архивте сақтауға дайындау (ресімдеу, істердің мұқабаларына қосымша деректемелер қою, құрылымдық бөлімшелердің тізімдемелерін жасау, тізімделген істерді қабылдау-беруді жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2024 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1086 қаулысына |
|
қосымша | |
Мәліметтерді таратылуы | |
шектелген қызметтік ақпаратқа | |
жатқызу және онымен жұмыс | |
істеу қағидаларына | |
1-қосымша |
"ҚБП" белгісімен шектелуге жататын қызметтік құжаттардың бірыңғай (үлгілік) тізбесі
Р/с | Құжаттар (мәліметтер) түрлерінің атауы | "ҚБП" белгісінің жарамдылық мерзімі |
1 | 2 | 3 |
1. | Құпиялылық режимі жөніндегі мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар (мәліметтер) | |
1.1 | Құпиялылық белгісі бар мәліметтер мен нормативтік құқықтық актілерге толық сілтемені (құпиялылық дәрежесі, атауы, қол қойылған күні, жарияланған жылы) қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.2 | Мемлекеттік органдар бөлімшелерінің құпиялылық режимін қамтамасыз етудің, құпия іс қағаздарын жүргізудің және мемлекеттік құпияларды техникалық қорғаудың жай-күйін тексеруді ашатын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.3 | Жұмыстарда, құжаттарда және бұйымдарда қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін айқындау тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.4 | Қазақстан Республикасының ұйымдарына, шет мемлекеттерге мемлекеттік құпияларды беру тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.5 | Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тесттерде қамтылған, құпия нормативтік құқықтық актілер тармақтарының толық мазмұнын ашпайтын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.6 | Режимдік санатқа жатқызу жоспарланатын үй-жайларды тексеріп-қарау актілерінде, сондай-ақ режимдік үй-жайлар тізбелерінде қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.7 | Қол қоюға және шифртелеграммалармен, файлдық хабарламалармен жұмыс істеуге құқығы бар, сондай-ақ оларды уақытша есепке алуға, олардың қолтаңбаларының үлгілерін сақтауға жауапты тұлғалар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.8 | Шифрлау қызметіне қатысы бар, олардың атауын, мақсатын, қолданылу мерзімдері мен оларға қажеттілікті ашпайтын құжаттарды, материалдарды, аппаратура мен техниканы алуды және есепке қоюды растайтын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.9 | Шифрлау жұмысына қатысы бар қабылдау-тапсыру актілерінде, салыстырып тексеру актілерінде, есептерде, құжаттарда және материалдарда қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
1.10 | Мемлекеттік органдардың құпия жұмыстарын жүргізуге арналған режимдік үй-жайлар мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.11 | Құпияландыруға жататын ведомстволық тізбеде көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, ақпаратты техникалық қорғау туралы құжаттар (мәліметтер) (актілер, сертификаттау жөніндегі материалдар, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының қажеттілігі туралы сұрау салулар) | 10 жыл |
1.12 | Мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген адамдардың іс жүзіндегі хабардарлығы туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәліметтер), шетелге шығуы мәселелері бойынша хат алмасу | 5 жыл |
1.13 | Адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету не рұқсат етуден бас тарту, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшенің ұйымдастырушылық қызметі мәселелері бойынша, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелері туралы ережелер, ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік құпиялардың қорғалуы тұрғысынан жоспарланып отырған тексерулер, құпия іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде пайдаланылатын есепке алу нысандары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.14 | Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның хаттамалары мен шешімдері | 5 жыл |
1.15 | Ұйымның өткізу режимін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) (қағидалар, режимдік үй-жайлардың тізбелері, актілер, тізімдер) | 5 жыл |
1.16 | Мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектелген ақпаратты қорғау саласындағы талаптардың бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.17 | Ұйымдағы, құрылымдық бөлімшелердегі және бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу туралы шарт жасасқан ұйымдардағы құпиялылық режимінің жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) (анықтамалар, актілер, қорытындылар) | 5 жыл |
1.18 | Құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ұйымдарға арнайы сараптама жүргізу жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.19 | Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу туралы шарт жасасқан ұйым басшысын (басшыларын) аттестаттау жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.20 | Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері және арнаулы байланыс түрлері абоненттерінің телефон нөмірлері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.21 | Ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ұйым қызметінің ерекшелігіне байланысты (ұйым қызметін зерделеу негізінде) құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.22 | Жариялануы/жария етілуі мемлекеттік органның мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін ұйымның даму жоспарларын ашатын (қажет болған жағдайда) құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.23 | Ішкі және шетелдік тапсырыс берушілер, мердігерлер, өнім берушілер, тұтынушылар, сатып алушылар, клиенттер және ашық дереккөздерде қамтылмайтын басқа да серіктестер туралы жүйеленген құжаттар (мәліметтер, материалдар) | 5 жыл |
1.24 | Егер оларда құпия мәліметтер қамтылмаса немесе ашық жариялануы/жария етілуі мемлекеттік органның мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса, кешенді инспекторлық және бақылау тексерулерінің қорытындыларын, сондай-ақ жүргізілген сыртқы және ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындыларын ашатын құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
1.25 | Мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге немесе мемлекеттік қызметке ресімделетін лауазымды адамдарға арналған тексеру іс-шаралары жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.26 | Жұмыскерлердің еңбекақысы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1.27 | Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлерінің дербес деректері | 5 жыл |
2. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ұйымдастыру-жұмылдыру мәселелері және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, мемлекеттік материалдық резерв мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
2.1 | Нақты деректерді ашпай, өрістетуді қаржылық қамтамасыз етуді, жұмылдыру резервтерін, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды, кредиттер беруді және бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттар | 10 жыл |
2.2 | Азаматтық қорғаныс бойынша әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және оның жай-күйі | 5 жыл |
2.3 | Қарулы Күштерге жәрдемдесетін ұйымдар жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.4 | Соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарлары, азаматтық қорғаныс пен азаматтық қорғаудың жай-күйі туралы есептер, баяндамалар | 10 жыл |
2.5 | Азаматтық қорғаныс (азаматтық қорғау), қосалқы басқару пункттері, материалдық-техникалық құралдардың (азық-түліктің) қорлары, оларды сақтау қоймаларының (базаларының) орналасуы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.6 | Азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау бойынша оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.7 | Жер бедерін егжей-тегжейлі зерделеу және бағалау, онда бағдарлану, нысананы айқындау, өлшемдер мен шаруашылық және қорғаныстық сипаттағы түрлі іс-шаралар жүргізу үшін толық ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы аумағының 1:100000-1:50000 масштабындағы топографиялық, цифрлық карталары, фотопландары және фотокарталары (ақпарат жеткізгіштің нысаны мен түріне қарамастан) | 5 жыл |
2.8 | Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жұмылдыру қуаты туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.9 | Жұмылдыру резервін сақтау орындары, номенклатура көлемі және материалдық құндылықтарының жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.10 | Жұмылдыру тапсырмаларының экономикалық негіздемесі | 5 жыл |
2.11 | Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру әзірлігінің жай-күйі туралы баяндамалар, ақпар, есептер, анықтамалар мен актілер | 5 жыл |
2.12 | Соғыс жағдайы ахуалында кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) орнықты жұмыс істеуіне бағытталған іс-шаралар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.13 | Эвакуациялау жағдайында халықты тасымалдау жоспары және ұйымның құзыреті саласындағы ұйымдардың объектілері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.14 | Ұйымның, сондай-ақ ұйымның соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында техникалық жасыру жөніндегі құзыреті салаларындағы ұйымдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жоспарының іс-шаралары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.15 | Ұйымның азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелерін басқару пункттерінің байланыс техникасымен, жалға алынған байланыс желілерімен, байланыс құралдарымен және арналармен жарақтандырылуы (лауазымды тұлғалардың шақыру белгілерінің кестесі, бейбіт және соғыс уақытына арналған байланыс жоспары, қосымша байланыс арналары) туралы құпия емес іс жүргізу құжаттары (мәліметтері) | 5 жыл |
2.16 | Соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында соғыс қаупінің үдеуі кезіндегі іс-қимыл жоспарларынан, сондай-ақ егер оларда құпия мәліметтер болмаса, азаматтық қорғаныс жоспарларынан мәліметтер (үзінді) | 15 жыл |
2.17 | Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімінің жасақталуы мен материалдық-техникалық қажеттілігі туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
2.18 | Офицерлер, келісімшарттық қызметтің әскери қызметшілері бойынша, сондай-ақ лаузымдар мен әскери-есептік мамандықтар бойынша азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің санын жеке-жеке ашатын құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
2.19 | Азаматтық қорғаныс бөлімшесі, әскери бөлімінің қаруы мен оқ-дәрілерін сақтау, тасымалдау орындары, оның саны мен техникалық жай-күйі туралы ақпарат | 15 жыл |
2.20 | Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің нақты атауы туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
2.21 | Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін ашатын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.22 | Жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережелерге қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.23 | Мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын алдын алу мен жоюға және халыққа арналған материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі | 5 жыл |
2.24 | Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесіне қатысы бар құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
2.25 | Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормалары жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
3.1 | Жауынгерлік және жедел даярлық мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.2 | Жауынгерлік дайындық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік жұмысы мен жай-күйі мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.3 | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарағы, әскери техникасы және техникалық қамтамасыз етілуі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.4 | Қарулы Күштерді қамтамасыз ету түрлері, әскери ғылым және күнделікті тыныс-тіршілік мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.5 | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау және әскери құрылыс мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.6 | Әуе қорғанысы күштері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
3.7 | Қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери эталондарды, әскери ұлттық стандарттарды метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ұлттық қауіпсіздік және ішкі саясат мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
4.1 | Ұлттық және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарлары тармақтарының орындалуы жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.2 | Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер | 5 жыл |
4.3 | Елдегі қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік жанжалдың профилактикасы және оның деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу, саяси партиялармен, халықаралық, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы ашық таратылуы теріс салдарға ие болуы мүмкін құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.4 | Өңірлердің әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы | 5 жыл |
4.5 | Ашық таратылуы теріс әсерін тигізуі мүмкін этносаралық саладағы кейбір жағдайлар туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
4.6 | Дінтану сараптамасының конституциялық құрылысты, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті бұзатын теріс қорытындылары. Деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандарды даярлау әдістері және (немесе) бағдарламасы | 5 жыл |
4.7 | Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын шетелдік инвесторлардың қаржыландыруы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.8 | Ашық таралуы теріс салдарға ие болуы мүмкін мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.9 | Ақпараттық қауіпсіздікті және ұлттық ақпараттық кеңістікке сыртқы ақпараттық ықпалды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі талдамалық құжаттар (жазбалар, анықтамалар, баяндамалар, есептер, хаттамалар және басқа да материалдар), сондай-ақ Интернет желісін пайдаланушылардың белсенділігін талдамалық зерттеу нәтижелері | 5 жыл |
4.10 | Қоғамдық, саяси және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысында пайдалану үшін жіберілетін ақпараттық кеңістіктің мониторингі барысында алынған материалдар | 5 жыл |
4.11 | "Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі" ақпараттық жүйесін әзірлеу, құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.12 | Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау туралы шарттарды қоспағанда, тақырыптық желілер бойынша бөле отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс берілген бұқаралық ақпарат құралдары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
4.13 | Кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қызметінің кейбір мәселелері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
5. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын Мемлекеттік күзет қызметінің мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
5.1 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел-қызметтік жұмысы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
5.2 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
6. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын объектілерді қорғау, олардың терроризмге қарсы қауіпсіздігі, экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
6.1 | Террористік тұрғыдан осал, оның ішінде ведомстволардың, ұйымдардың қарамағындағы объектілерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ашатын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
6.2 | Ұйымның құзыреті салаларындағы ұйымдардың террористік актілер жүзеге асырылуы ықтимал қауіпті объектілері, олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
6.3 | Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары, оларда қамтылған жария етілуге жатпайтын мәліметтер | 5 жыл |
6.4 |
Маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуі және қорғанысы жоспарлары туралы құжаттар (мәліметтер). | 15 жыл |
6.5 | Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ашатын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
6.6 | Ұйымның құзыреті салаларындағы ұйымдардың объектілерінде террористік қатерлердің алдын алу жөніндегі жұмыс жоспарлары | 5 жыл |
6.7 | Күзетілетін объектілердің техникалық нығайтылуының бар-жоғы мен жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
6.8 | Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің бөлімшелері күзететін жеке тұлғалар атауларының тізбесінде қамтылатын мәліметтер | 15 жыл |
7. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ішкі істер органдарының мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
7.1 | Ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және өткеру тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.2 | Мемлекеттік органдармен ішкі істер органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жедел-қызметтік және өзге де міндеттерін жоспарлау, орындау жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл СТК |
7.3 | Мемлекеттік қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық зерттеулерінің және ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеудің нәтижелері жөніндегі құжаттар (анықтамалар, қорытындылар және басқа да материалдар) | 5 жыл |
7.4 | Дағдарысты жағдайдың туындау қауіпі және ол туындаған кезде ішкі істер органдарының қызметін жоспарлау және ұйымдастыру туралы құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
7.5 | Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларынан алмасу пункттеріне дейін күдіктілер мен айыпталушыларды арнаулы вагондарда жоспарланып отырған қабылдау және тасымалдау туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.6 |
Мына: | 5 жыл |
7.7 | Бейбіт уақытта қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының, сондай-ақ жеке құрамын орналастыру жоспарының есеп-қисаптары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.8 |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің режимдік объектілерінің аумағына, ішкі істер органдары бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарына өткізу режимін ұйымдастыру, ішкі қызметті атқару тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер). | 5 жыл |
7.9 | Іздестіріліп жатқан адамдардың дербес деректері мен олардың құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінен берілетін, жасырын жинау арқылы алынған және жедел мүддені білдіретін байланыстары, сондай-ақ жария етілуге жатпайтын іздестіру жұмысы (іздестіру іс-шаралары) туралы мәліметтер қамтылған іздестіру жұмысының жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.10 |
Жедел-іздестіру қызметінде, сондай-ақ ішкі істер органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланатын шартты атаулар жинақтарында қамтылған құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесіне енгізілмеген құжаттар (мәліметтер). | 5 жыл |
7.11 | Жасырын бөлімшелердің жедел-қызметтік жұмысы туралы, егер оларда құпия мәліметтер қамтылмаса, жария етілуге жатпайтын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.12 | Қылмыстық істерді тергеу барысында алынған құпия сипаттағы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
7.13 | Сотта іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін таратылуы шектелген болуға тиіс қылмыстық істер жөніндегі дәлел базасы туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл СТК |
7.14 | Ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің мамандары жүзеге асыратын криминалистикалық және өзге де зерттеулер әдістемелерінде қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл СТК |
7.15 |
Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, жай-күйі туралы, егер оларда құпия мәліметтер болмаса, жария етілуге жатпайтын құжаттар (мәліметтер). | 5 жыл |
7.17 | Ішкі істер органдарының құпияға жатпайтын объектілері (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар, инженерлік желілер мен жүйелер) жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8. | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мемлекеттік құпияларға жатпайтын мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
8.1 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен ішкі істер органдары бөлімшелерінің жедел-қызметтік (жауынгерлік) әзірлігі дәрежелері, оларды бір дәрежеден басқасына ауыстыру туралы құжаттар (мәліметтер). Бөлімнің нақты атауын көрсетпей, жедел-қызметтік (жауынгерлік) әзірліктің жай-күйі туралы – рота және одан төмен үшін мәліметтер таратылуы шектелген санатқа кірмейді | 5 жыл |
8.2 | Өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, әскери бөлімдер командирлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери институты басшысының қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтуге, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстыру жөніндегі және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі шешімінде қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.3 |
Соғыс уақытының (жекелеген әскери бөлім немесе оқу орны бойынша) тақырыбы бойынша оқу-жаттығуларға дайындалу, олардың өткізілуі және нәтижелері, бағыттылығы, өткізілетін іс-шаралардың көлемі мен мерзімдері туралы құжаттар (мәліметтер). | 5 жыл |
8.4 | Орналасқан пункттерін көрсетпей, жалған және қосалқы позициялардың жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 1 жыл |
8.5 | Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі істер органдарының бөлімшелерімен қызметтік-жауынгерлік міндеттерді жоспарлау, орындау кезінде өзара іс-қимыл жасауы туралы қолдану жоспарлары ашылмайтын құжаттар (мәліметтер), сондай-ақ жауынгерлік басқару сигналдарының мазмұнын ашатын мәліметтер, ішкі істер органдары бөлімшелерінің жауынгерлік дабыл бойынша көтерілуі, батальон үшін жиынды жариялау кезіндегі іс-әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтер. Оқу-жаттығуға шығу үшін жиынды жариялау кезіндегі бөлімшенің іс-қимылдары туралы жекелеген іс-қимыл элементтері ашылатын мәліметтер таратылуы шектелген санатқа кірмейді | 5 жыл |
8.6 | Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық жариялануға жататын объектілерден басқа, әскери жедел резервтердің, жиынтық жасақтардың, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жедел резервтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнаулы әскери бөлімдері резервтерінің орналасуы мен құрамы (жауынгерлік, сандық құрамы) туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.7 | Бейбіт уақытта әскери қызметшілердің (бөлімшелердің, әскери бөлімдердің) арнаулы операцияларға (арнаулы (жауынгерлік) іс-қимылдарға) қатысуы, бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік-жауынгерлік қолданудың жауынгерлік тәжірибесінің сипаттамасы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.8 | Ішкі істер органдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін бейбіт уақытта радиациялық, химиялық, бактериологиялық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
8.9 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің және ішкі істер органдары бөлімшелерінің жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және оны өткеру тәртібі туралы құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
8.10 | Әскерлерді теміржол, теңіз, өзен және әуе көлігімен тасымалдау тәртібі туралы нұсқамалық құжаттарда қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.11 | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы немесе Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті үшін жеке броньды қорғаныш және белсенді қорғану құралдарының, тітіркендіргіш әсер ететін арнайы құралдардың, инженерлік қару-жарақ құралдарының болуын, жай-күйін, сақтау шарттарын, жеткізу көлемін қамтитын жиынтық мәліметтер | 5 жыл |
8.12 | Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы бөлімшелерінің режимдік және ерекше қорғалатын,сондай-ақ оларға жедел қызмет көрсету жүзеге асырылатын объектілеріне қатысы бар, құпия мәліметтерге жатпайтын қызметтік жұмысы туралы мәліметтер мен ақпарат | 15 жыл |
8.13 | Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері алып жүретін арнайы стратегиялық жүктер қозғалысының маршруттары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.14 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бейбіт уақыттағы әскери қызметшілердің санаттары бойынша санын, лауазымдарын, әскери-есептік мамандықтарын ашатын жиынтық мәліметтері | 5 жыл |
8.15 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінің нақты атаулары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.16 | Барлауды басқару органдарының барлауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмысы, барлауды жүргізу үшін жауапкершілік аймақтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының барлауды жүргізу аудандары айтылатын мәліметтер | 5 жыл |
8.17 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлауды басқару органдарының қызметі барысында алынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлауды басқару пункттерінің қызметін ұйымдастыру және оны өткеру тәртібі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлау қызметінің жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
8.18 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) мемлекеттік органдармен барлау міндеттерін немесе қызметтік-жауынгерлік міндеттерін жоспарлау, орындау бойынша өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру туралы қолдану жоспарлары ашылмайтын құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл СТК |
8.19 | Арнайы мақсаттағы бөлімшелер үшін жауынгерлік міндеттерді, жаттығуларды орындаудың мазмұны, шарттары туралы құжаттар (мәліметтер), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) техникалық барлау құралдарының, арнайы және басқа да құралдарының қажеттілігі, жасақталуы, жеткізу көлемі, болуы мен жай-күйі туралы мәліметтер | 10 жыл |
8.20 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы барлау органдарының немесе әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) лауазымды тұлғаларының шақыру белгілері мен оларды жауынгерлік басқару сигналдары кестелерінің мазмұнын ашатын мәліметтер | 10 жыл |
8.21 | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы байланыс жүйесінің, автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылымы, байланыс құралдарының болуы мен қажеттілігі туралы мәліметтер | 5 жыл |
8.22 |
Жауынгерлік техниканың материалдық бөлігінің, шартты атауы бойынша жауынгерлік техниканың жекелеген үлгілерінің жай-күйі туралы мәліметтер. | 5 жыл |
8.23 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының техникалық қамтамасыз етілуінің жай-күйін теріс бағалау, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлерінің және шығыс құралдарының (жекелеген әскери бөлім немесе оқу орны бойынша) болуы, қажеттілігі және жеткізу көлемі туралы мәліметтер | 10 жыл |
8.24 | Әскери техниканың, қару-жарақ пен мүліктің конструктивтік, өндірістік кемшіліктері туралы, сондай-ақ құпия емес техника мен қару-жарақ үлгілері бойынша анықтамалықтарда қамтылған мәліметтер | 3 жыл |
8.25 |
Қару-жарақтың, әскери техниканың болуы, жай-күйі, сақталу шарттары, есептен шығарылуы, жасақталуы туралы, қару-жарақты, әскери техниканы консервациялауға қою және сонда болуы, оны консервациялаудан шығару фактілері туралы жиынтық мәліметтер. | 5 жыл |
8.26 |
Ашық жариялануға рұқсат етілген үлгілерді қоспағанда, қару-жарақтың, әскери техниканың және мүліктің сызбаларында, схемаларында, суреттерінде, фотосуреттерінде, сипаттамаларында және тактикалық-техникалық сипаттамаларында қамтылған қолданыстағы (толық және қысқартылған) және шартты атаулар (шифрлар), белгіленімдер (индекстер, маркалар, нөмірлер) туралы мәліметтер. | 3 жыл |
8.27 | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери полициясының анықтау және іздестіру қызметі жұмысының жай-күйі туралы мәліметтер | 5 жыл |
8.28 |
Бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды соғыс уақытына даярлаудың мазмұны мен ерекшеліктерін ашатын Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру туралы мәліметтер. | 10 жыл |
8.29 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтары мен директиваларында, ұйымдастыру нұсқауларында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, командирлердің, бастықтардың бұйрықтары мен директиваларында айқындалған жауынгерлік даярлықтың нақты міндеттері (нақты атауын, ұйымдық-штаттық құрылымын, бөлімшелердің штат санын көрсете отырып) туралы мәліметтер. | 5 жыл |
9. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын экономикалық даму жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
9.1 | Мемлекеттік органның операциялық жоспарының тармақтарын орындау жөніндегі ақпарат, есептер, жалпы жиынтық құжат | 5 жыл |
9.2 | Мемлекеттік борыш, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша қарыздар мен қарыз алушылар бөлінісіндегі борыш туралы ақпарат | 5 жыл |
9.3 | Заңды тұлғалар мен шет мемлекеттер алдындағы берешекті өтеу мәселелері жөнінде саяси шешімдер қабылдау туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.4 | Шет мемлекеттер алдындағы реттелмеген берешек жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.5 | Халықаралық төреліктердегі сот талқылауларына дайындық жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.6 | Халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын даулар бойынша сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды, білдіруді қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.7 | Субъектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы деректер | 5 жыл |
9.8 | Бекітілгенге дейін кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдер жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.9 | Ерекше тәртіппен өткізілетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарлар, конкурстық құжаттама | 15 жыл |
9.10 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.11 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын тауар алмасу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
9.12 | Мемлекеттік органдармен даулары бар заңды тұлғаларды қосымша тексеруге бастама жасау жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
9.13 | Аудиторлық есеп, сыртқы және ішкі аудит нәтижелері туралы есеп | 5 жыл |
9.14 | Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес отырыстарының материалдары | 5 жыл |
9.15 | Сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөніндегі аудит объектілерімен хат алмасу | 5 жыл |
9.16 | Сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер), аудиторлық іс-шаралар материалдары (аудиторлық есептер және оған растайтын құжаттар) | 5 жыл |
9.17 | Арнайы электроника саласын және цифрлық активтер индустриясын дамытудың стратегиялық жоспарлары, перспективалары туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
10. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ғылым және техника саласындағы құжаттар (мәліметтер) | |
10.1 | Жаңалықтар, өнертабыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
10.2 | Оқу орындарында жабық ғылыми кеңестердің, факультеттердің, бөлімшелердің, жабық мамандықтар мен мамандандыру бойынша мамандар даярлау жөніндегі кафедралардың болуы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
10.3 | Ұлттық қауіпсіздік мүддесінде жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын және (немесе) бағыттылығын ашатын аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электрондық өнеркәсіп, геодезия және картография саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
10.4 | Биологиялық қауіпсіздік және қорғау жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
10.5 | Сот-сараптамалық, сот-медициналық зерттеулер жөніндегі әдістемелер | 15 жыл |
11. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын аэроғарыш саласы аясындағы құжаттар (мәліметтер) | |
11.1 | Нысаналы ғарыш жүйелерін, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыш технологияларын құруға және дамытуға, ғарыш техникасын стандарттау мен сертификаттауға, оларды елдің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде пайдалануға қатысы бар құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
11.2 | Ғарыш құралдарын, қосарланған мақсаттағы технологияларды дамыту бағытын ашатын мәліметтер | 15 жыл |
11.3 | Қазғарыштың электрондық ресурстары мен бағдарламалық қамтылымына, жұмыс станцияларына, ғарыш аппараттарының серверлеріне қол жеткізу парольдерін қамтитын мәліметтер | 15 жыл |
11.4 | Қазғарыш өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер | 15 жыл |
11.5 |
Ғарыш объектілерімен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының байланыс және деректер беру желілерінің, оның ішінде: | 15 жыл |
11.6 |
Ғарыш аппараттарын басқару технологиясы туралы мәліметтер: | 15 жыл |
11.7 | Ғарыш жүйелерінің сипаттамалары мен параметрлері, сондай-ақ ғарыш жүйелерін қолдану негізінде шешілетін мемлекеттік органдардың салалық міндеттерінің сипаттамалары, ерекшелігі мен параметрлері туралы толық ақпаратты ашатын техникалық құжаттама (техникалық тапсырмалар, техникалық ерекшелік, жобалау-техникалық құжаттама) | 15 жыл |
11.8 | Ғарыш аппараттары мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің техникалық жай-күйін, оның ішінде ғарыш аппаратының ғарыш жүйесін, сондай-ақ оларды терроризмге қарсы қорғау жүйесін техникалық қолдаудың (авторлық сүйемелдеудің) тәртібі мен шарттарын ашатын құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
12. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын өнеркәсіп және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құжаттар | |
12.1 | Өнеркәсіптің тау-кен металлургия саласында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.2 | Мұнай-газ саласында және магистральдық құбыржолдарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.3 | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.4 | Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.5 | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы стратегиялық объектілер мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.6 | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.7 | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы атом энергиясын пайдалану объектілері мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.8 | Электрондық өнеркәсіп өнімін өндіру жөніндегі ақпаратты қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
12.9 | Арнайы техника мен жабдықтар шығару саласындағы мамандардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
13. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын атом энергетикасы мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
13.1 | Атом саласының стратегиялық объектілерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысы бар құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
13.2 | Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес берілуге жататын мәліметтерді қоспағанда, ядролық-отын циклінің жобалары жөніндегі ақпарат | 5 жыл |
14. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын электр энергетикасы мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
14.1 | Электр желілері объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.2 | Республикалық бюджеттен жылу электр энергетикасы салаларын қаржыландыруға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.3 | Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.4 | Энергия беруші ұйымдарды нығайту мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.5 | Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.6 | Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.7 | Су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
14.8 | Балқаш жылу электр станциясының құрылысы жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
15. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын мұнай өнеркәсібі мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
15.1 | Қазақстан Республикасының объективтілік индексі мен үлесінің шығындарын өтеу жөніндегі мәселелерді қамтитын мұнай өнеркәсібінің ірі объектілері бойынша (ірі үш жоба бойынша келісімшарттық қызмет туралы мәліметтер бөлігінде) ақпаратты сүйемелдеу жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
15.2 | Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық акт | 5 жыл |
15.3 | Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр және мұнай өнімдерін өндіру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
16. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын газ және мұнай-газ химиясы мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
16.1 | Шикі және тауарлық газды өндіру, қайта өңдеу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
16.2 | Тауарлық газға баға белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
16.3 | Мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру шеңберінде компаниялардың коммерциялық қызметіне қатысты ақпарат | 5 жыл |
16.4 | Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
17. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
17.1 | Пайдалы қазбалар туралы құжаттар | 5 жыл |
17.2 | "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабында көзделген мәліметтерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрау салулары жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
17.3 | Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар талаптарының орындалу барысы туралы есептер | 10 жыл |
17.4 | Жер қойнауының стратегиялық учаскелері (теңіз, уран және көмірсутектердің ірі қорлары бар) бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион ұйымдастыру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
17.5 | Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауының стратегиялық учаскелері (теңіз, уран және көмірсутектердің ірі қорлары) бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
17.6 | Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауға қатысты құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
18. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын геодезия және картография мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
18.1 | Бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесіндегі 1:100000 масштабындағы топографиялық карталар | 15 жыл |
18.2 | Бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде 5 метрден және қоса алғанда 10 метрге дейінгі долбарлы дәлдікпен айқындалған геодезиялық пункттердің координаттары (каталогтар мен координаттар тізімдері) | 15 жыл |
19. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
19.1 | Мемлекеттік органдардың өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау, пестицидтерді тіркеу және лицензиялау жөніндегі жұмысына тікелей әсер ететін құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
1 | 2 | 3 |
19.2 | Өсімдік шаруашылығы, органикалық өнімді дамыту, тұқымдық, сорттық сынақтар, өсімдік шаруашылығы мен агрохимиядағы агротехниканы дамыту саласындағы мәселелер жөніндегі есептер мен негіздемелерді қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
19.3 | Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті аурулары (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу, жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін) туралы мәліметтер | 5 жыл |
19.4 | Агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы саласындағы интеграциялық қамтамасыз ету мәселелерін құрайтын құжаттар | 5 жыл |
19.5 | Азық-түлік қауіпсіздігінің, өңірлік тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік тауарларының, ауыл шаруашылығы тауарларының ішкі және сыртқы саудасының, азық-түлік бағасы өсуінің кейбір мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
19.6 | Жер қатынастары саласындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, жер заңнамасын жетілдіру, жер пайдалану мониторингі және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
20. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
20.1 | Дәрілік затты (препаратты), медициналық бұйымды, вакцинаны ойлап шығару (әзірлеу, құрамы, алу тәсілі, технологиялық процестер, зерттеулер, сынақтар) туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
20.2 | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтерге есеп айырысулар туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
21. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын мәдениет, спорт, туризм және ойын бизнесі мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
21.1 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын монументтік өнер құрылыстарын орнату, тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
21.2 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік шығармашылық, спорттық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
21.3 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын кинематография (киножобалар мен дубляждау), музыка (концерт қызметі) және театр (қаламақылар және репертуарлар) өнері мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
21.4 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын архив, музей және кітапхана ісі мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
21.5 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын сыртқы туризмді бақылауды жүзеге асыру, ішкі туризмді дамыту мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
21.6 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ойын бизнесі (лудомания, кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың бәс тігуін шектеу) мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
22. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
22.1 | Зейнетақы жүйесін, әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі дамыту, бюджет саласы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі құжаттар (мәліметтер), министрліктің зейнетақы және әлеуметтік төлемдер жөніндегі болжамды есептері (аталған мәліметтерді басшылықтың жазбаша рұқсаты бойынша ғана ұсынуға болады) | 5 жыл |
22.2 | Мүгедектігі бар адамдардың, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) деректерін қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жөніндегі ақпаратты (медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, хаттамалар, журналдар) қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
22.3 | Экономикалық қауіпсіздік мүддесінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы перспективалық немесе жоспарланатын іс-шаралар жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
23. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын көші-қон мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
23.1 | Көші-қон полициясы бөлімшелеріне бекітілген Қазақстан Республикасының елтаңбалық визалық мөрлерінің және визалары кодтарының деректемелері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
23.2 | Қазақстан Республикасында саяси пана немесе босқын мәртебесін алған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, оның ішінде олардың тұрғылықты жерлері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
24. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ақпараттық технологиялар мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
24.1 | Ақпараттық жүйелердің құрылымдық схемалары туралы құжаттар (мәліметтер), компьютерлік техника, ұйымдастыру техникасы және басқарушы кешендер туралы жиынтық деректер (саны, шығарылған жылы, орналасқан жері және басқа да мәліметтер) | 15 жыл |
24.2 | Қорғалатын ақпараттық ресурстарға, қолданыстағы парольдерге, электрондық-цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне қол жеткізудің аражігін ажырату жүйелері, ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелері мен құралдарын ұйымдастыру туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
24.3 | Белсенді желілік (коммутаторлар, маршрутизаторлар) және серверлік жабдықтың парольдері мен схемалары, ұйымның электрондық жәшіктеріне, электрондық ақпараттық ресурстарына, корпоративтік және жергілікті есептеу желілерінің серверлеріне қол жеткізу парольдері қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
24.4 | Электрондық жәшіктерге, жұмыс станцияларына, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарына қол жеткізу парольдері қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
24.5 | Шартты түрде диверсиялық тұрғыдан осал, соның ішінде архивтік құжаттарды сақтау жүзеге асырылатын объектілерді (серверлік, кросстық бөлмелер және басқалар) физикалық қорғауға қатысы бар ақпарат | 15 жыл |
24.6 | Жұмысында мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды дамыту үшін ақпараттық ресурстарды пайдаланатын бөлімшелерді (мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерді) энергиямен қамтамасыз ету схемалары | 15 жыл |
24.7 | Бөлімшелердің серверлік, кросстық және архивтік үй-жайларының дабылдың алуан түрлерімен жабдықталу жүйелері және олардың техникалық жарақталуы туралы ақпарат | 15 жыл |
24.8 | Ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары | 15 жыл |
24.9 | Цифрлық шешімдер департаментіне бекітілген ақпараттық жүйелер активтерінің тізілімі (IP-мекенжайлар, қол жеткізу нүктелері) | 15 жыл |
25. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
25.1 | Ақпаратты, ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.2 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпарат өңделетін, сақталатын және жіберілетін электрондық құжат айналымы жүйесінде ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.3 | Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде қабылданған әкімшілік, ұйымдастырушылық, техникалық шаралар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.4 | Архитектураны және оларды қорғау жөніндегі шараларды ашатын ақпараттандыру объектілерінің жай-күйі, даму перспективалары туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.5 | Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешендердің конфигурациясы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.6 | Ақпаратты криптографиялық қорғау әдістері мен құралдары қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.7 | Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын ақпараттық жүйелердің архитектурасын ашатын IP-мекенжайлар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.8 | 1 және 2-санаттағы байланыс қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен талаптардың бұзылуы туралы құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
25.9 | Қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.10 | "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінің және ұйымдардың қарамағындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу нәтижелері | 5 жыл |
25.11 | Ұйымдастырушылық-техникалық параметрлерін, техникалық сипаттамаларын және құрамдас бөліктері мен ақпараттық тораптарының орналасқан жерлерін көрсете отырып, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құралдары, оның ішінде резервтік техникалық құралдар, ақпаратты қорғау құралдары, жергілікті есептеу желісінің схемалары туралы мәліметтер | 5 жыл |
25.12 | Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың әдістері, құралдары, жай-күйі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.13 | Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым архитектурасы, ақпараттық жүйелер, жергілікті есептеу желісі, ақпаратты өңдеу мен қорғаудың қолданылатын бағдарламалық құралдары туралы құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
25.14 | Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою процесін автоматтандыратын ендірілген және ендірілетін бағдарламалық-техникалық құралдар жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
25.15 | Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі нәтижелерін және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтауды (DLP мүмкіндіктерін қолдана отырып) қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 15 жыл |
25.16 | Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесі | 15 жыл |
25.17 | Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің туындау көздері, ақпараттық жүйелерде осалдықтардың болуы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.18 | Жалға алынған байланыс желілері, пайдаланылатын байланыс құралдары және арналар туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
25.19 | Жергілікті есептеу желісінің және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан ақпараттық қауіпсіздігі аудитінің нәтижелері | 5 жыл |
26. | Мемлекеттік құпияларға жатпайтын халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | |
26.1 | Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.2 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен көпжақты ынтымақтастығы туралы таратылуы шектелген ақпаратты қамтитын құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.3 | Қазақстан Республикасының келіссөздер позициясы туралы жасырын-шектелген ақпаратты қамтитын халықаралық ұйымдардың мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер), сондай-ақ салалық уәкілетті орган мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігі арасында жасырын-шектелген сипаттағы шешімдерді тұжырымдау процесінде жүзеге асырылатын хат алмасу | 10 жыл |
26.4 | Күні бұрын таратылуы мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының стратегиясын, тактикасын ашатын сыртқы саясат, сыртқы сауда, ғылыми-техникалық байланыстар мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) | 10 жыл |
26.5 | Жария етілуі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасының өкілдері мен басқа мемлекеттердің өкілдері арасындағы халықаралық қатынастарда бірыңғай қағидаттық ұстанымды тұжырымдау туралы келіссөздер (тезистер) туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.6 | Күні бұрын таратылуы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін шет мемлекеттермен шарттарды, конвенцияларды, келісімдерді дайындау, жасасу, ратификациялау, күшін жоюды дайындау, олардың мазмұны немесе орындалуы туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.7 | Қару-жарақтың, әскери техниканың экспорты немесе импорты, оларды жөндеу немесе пайдалану, шет мемлекеттерге қару-жарақты, әскери техниканы, әскери объектілерді немесе қорғаныс өнеркәсібі объектілерін құруда техникалық жәрдем көрсету, егер бұл мәліметтерді жария ету мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасына шет мемлекеттердің әскери-техникалық көмек көрсетуі туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.8 | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралардың бағдарламасы | 5 жыл |
26.9 | Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты беру туралы көпжақты немесе екіжақты халықаралық шарттармен регламенттелген шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізу туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.10 | Ұйымдарда шетелдік азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарында қамтылған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.11 | Шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен, жария ету шарттары туралы өзара келісім қабылданбаған құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.12 | Егер келіссөздерге қатысушылардың пікірінше, оның мазмұны құпия сипатта болса, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер, халықаралық қатынастарда бірыңғай қағидаттық ұстанымды тұжырымдау туралы құжаттар (мәліметтер) | 5 жыл |
26.13 | Халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) (Президенттің сөз сөйлеу жобалары /сөз сөйлегенге дейін/, Президенттің халықаралық іс-шаралар кестесі, Президент үшін халықаралық іс-шараларға дайындалған анықтамалық-талдамалық ақпарат, екіжақты ынтымақтастық туралы анықтамалар, шет мемлекеттер басшылығының өмірбаяндары, Президенттің шет елдерге сапарлары кезінде қол қоюға жоспарланып отырған құжаттардың тізбесі, бару елі басшыларының атына алғыс хаттардың жобалары, тілектердің жобалары, Президенттің әңгімелесуіне тезистер және Президенттің шетелдік серіктестермен әңгімелесу жазбалары) | 5 жыл |
26.14 | Өңірлік сапарларды ұйымдастыру және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысу мәселелері жөніндегі құжаттар (мәліметтер) (Президенттің сөз сөйлеу жобалары /сөз сөйлегенге дейін/, іс-шараға қатысу тәртібін дайындау жөніндегі ақпарат (бағдарламалар, жол жүру, орналастыру маршруты мен схемасы), Президенттің ел өңірлеріне жұмыс сапарларын дайындау жөніндегі ақпарат (бағдарлама, бару объектілері және уақыты, сапарлар маршруттары, өту, орналастыру схемалары), Президенттің өңірлік сапарларының кестесі) | 5 жыл |
Ұсынылып отырған "ҚБП" ҚҚВТ ұсынымдық сипатта. Ұйымдар "ҚБП" ҚҚВТ-ны жұмысының ерекшелігіне қарай өз қызметін талдау нәтижелері бойынша қалыптастыруға тиіс.