"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 1105 қаулысы

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1105 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы

МАЗМҰНЫ

      1-бөлім. Бағдарлама паспорты

      2-бөлім. Кіріспе

      3-бөлім. "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне шолу

      1-тарау. Ағымдағы жай-күйін талдау

      2-тарау. Трендтер мен сын-қатерлерді талдау

      3-тарау. Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау

      4-бөлім. Бағдарламаның пайымы, миссиясы мен құндылықтары

      5-бөлім. "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары

      4-тарау. Академиялық қызметі

      5-тарау. Ғылыми қызметі

      6-тарау. Университеттің қоғам дамуына қосатын үлесі

      6-бөлім. Бағдарламада қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары

      7-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      8-бөлім. Бағдарламаны іске асыру прогресін мониторингтеу және бағалау


1-бөлім. Бағдарлама паспорты


Бағдарламаның атауы

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздер

1. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасы, 10-бабы.
2. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасы, 5-3-бабының 23) тармақшасы.
3. "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеті мәртебесін беру және олардың даму бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 453 қаулысы.
4. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде № 17622 болып тіркелген).

Бағдарламаны әзірлеуші

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бағдарламаның мақсаты

Мақсаты – "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту

Бағдарламаның міндеттері

1. Білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауды күшейту арқылы озық кадрлық қамтамасыз ету.
2. Инновациялық даму моделі шеңберінде ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру.
3. Университеттегі адами капиталдың инновациялық әлеуетін нығайту.
4. Университет қызметінің өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнықты дамуы мен әлеуметтік бағытта болуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі

2024 – 2028 жылдар

Қаржыландыру көздері

1) "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ-да білім алушылардың білім беру гранттары;
2) ақылы негізде білім алатын білім алушылардың қаражаты;
3) ғылыми зерттеулер жүргізуге алынған гранттар;
4) "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ-ның заңнамада белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісілген басқа қызметінен түскен қаражат.

2-бөлім. Кіріспе

      "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты жолдауда университеттер "тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс" екендігі атап өтілген. ХХІ ғасырдың жоғары білімі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім мен зерттеу көзінен оқу процесінде студенттерге мол мүмкіндік ұсынатын, сондай-ақ олардың жаңа технологияларға зейіндерінің ашық болуына көмектесетін, инновациялар мен технологиялық прогресс орталықтарына трансформациялауды көздейді, бұл құбылмалы еңбек нарығы жағдайында маңызды болып табылады.

      Экономиканы дамытуда маңызды болып табылатын қазіргі заманғы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің негізгі сипаттамаларының бірі университеттердің зерттеу қызметі болып табылады. Ол әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті моделінде тиімді іске асырылуда. Таланттардың шоғырлануы, мол ресурстар, тиімді басқару осындай университеттер табысының формуласы болып табылады.

      Жаһандану дәуірінде университеттер интернационалдандыру мен ынтымақтастықты дамытуды, білім, ғылым мен практиканың үштұғырлығын, әлемдік рейтингтерге кіруді стратегиялық басымдықтар ретінде айқындай отырып, халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде жетекші орындарды иеленуге ұмтылады.

      "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМУ" КеАҚ) әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне дейінгі даму жолын сәтті жалғастырып келеді, Қазақстандағы елімізден тыс жерлерде кеңінен танымал жетекші медициналық университеттің бірі болып табылады. "ҚМУ" КеАҚ-ның зерттеу университеті мәртебесіндегі қызметі 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды, бұл ғылыми зерттеулерді, білім беру мен практикалық қызметті тұтас жүйеге интеграциялау арқылы университет әлеуетін нығайтуға ықпал етті. Жалпы, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі сын-қатерлер, сондай-ақ университеттің жаңа перспективалары оның 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңартуды талап етеді, оның мақсаты білім беру, ғылыми-зерттеу базасын дамыту және интеграциялау арқылы "ҚМУ" КеАҚ-ны әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту болып табылады.

3-бөлім. "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне шолу

1-тарау. Ағымдағы жай-күйін талдау

      QS Stars рейтингінде 3 жұлдыз алуы (2018-2021 жылдар) "ҚМУ" КеАҚ-ның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде танымалдығын дәлелдейді. Республикалық деңгейде "ҚМУ" КеАҚ бакалавриатының білім беру бағдарламалары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылдан бері өткізіп келе жатқан білім беру бағдарламалардың ұлттық рейтингінде әрдайым үздіктер тізімінде.

      Қарағанды медицина университеті денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), инженерлік, жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ пәнаралық бағыттар бойынша мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде дайындайды.

      Оқыту 10 бакалавриат бағдарламасы, 11 магистратура бағдарламасы, 5 докторантура бағдарламасы, 33 резидентура бағдарламасы, 7 техникалық және кәсіптік білім бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 44 мамандық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары, қайта даярлау, біліктілікті арттыру циклдері, шеберлік сабақтары мен оқыту семинарлары іске асырылуда.

      2022-2023 оқу жылындағы білім алушылардың жалпы контингенті 7675 адамды құрады, оның 40 %-ы мемлекеттік білім беру гранты бойынша, 3 %-ы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім алуда. 1500-ден астам білім алушы: Үндістан, Иордания, Мысыр, Йемен, Палестина, Қытай, Польша, Германия қиыр шетел азаматтары болып табылады. 2019 жылдан бері "ҚМУ" КеАҚ-да білім алушылар саны 15 %-ға, жоғары оқу орнына түсушілер саны 58 %-ға артқан. Жыл сайын түлектер саны 1000-нан астам адамды құрайды, оның 100 %-ы кәсіптік даярлықты тәуелсіз бағалаудан өтіп, кемінде 95 %-ы жұмысқа орналасады.

      "ҚМУ" КеАҚ-ның оқытушы-профессорлық құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) саны 628 адам, оның ішінде 46-сы ғылым докторы, 40-тан астамы PhD докторы, 140-тан астамы ғылым кандидаты, 154-і магистр. Жыл сайын оқу процесі мен ғылыми процеске Литва, Португалия, Польша, Франция, Швеция, Италия, Финляндия, Мажарстан, Болгария, Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Түркия, Ресей және басқа да елдердің университеттерінен 50-ден астам шетелдік профессорлар шақырылады.

      Құрамында жоғары технологиялы тренажерлері мен манекендері бар симуляциялық орталық, ғылыми-зерттеу және санитариялық-эпидемиологиялық зертхана, университет клиникалары, оның ішінде стоматологиялық клиника мен кәсіптік денсаулық клиникасы бар университет инфрақұрылымы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

      Университеттің академиялық құрылымдарына 6 мектеп, халықаралық медицина факультеті, өмір туралы ғылымдар институты, 15 кафедра және 3 орталық кіреді.

      Университет ISO 9001: 2015 (International Organization for Standardization) стандарты бойынша сертификатталған, Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының стандарттары бойынша, оның ішінде қосымша білім беру мен техникалық және кәсіптік білім бағдарламасы бойынша институционалдық аккредиттелген. Бұған қоса, "ҚМУ" КеАҚ-ға стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеліп, бірінші санат берілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті клиникалық практикасы стандартына (Good Clinical Practice – GCP) сәйкестігі сертификатталған, ISO 15189-2015 және университет зертханалары ISO/IEC 17025-2019 стандарттары бойынша аккредиттелген.

      35 елдің 100-ден астам ұйымымен "ҚМУ" КеАҚ-ның халықаралық ынтымақтастығы бірлескен білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық тәжірибе алмасуын, тағылымдамаларын іске асыруға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, іс-шараларды өткізуге бағытталған.

      Университеттің халықаралық беделі оның Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы (WFME) мен Халықаралық медициналық білім беруді және зерттеуді дамыту қоры (FAIMER) қолдайтын Медициналық мектептердің дүниежүзілік анықтамалығына, Еуропа медициналық білім беру қауымдастығына (AMEE), Медициналық білім беруді зерделеу жөніндегі қауымдастығына (ASME), Еуропалық жүйедегі биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы PhD қорғау жөніндегі ұйымына (ORPHEUS), Еуропалық Университеттер қауымдастығына (EUA), Азия және Тынық мұхиты өңіріндегі университеттік мобильдік ұйымына (UMAP), Халықаралық білім беруді дамыту қауымдастығына (IADE), Азия медициналық білім беру қауымдастығына (AMEA), Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығына, Академикалық адалдық лигасының жетекші халықаралық университеттер қауымдастығына кіруімен қамтамасыз етіледі.

      Еуропалық Одақ қаржыландыратын бағдарламаларға белсенді қатысушы бола отырып, 10 жыл ішінде Қарағанды медицина университеті Tempus және Erasmus+ жоғары білім беру әлеуетін арттыру бағдарламаларының 15 жобасына, соның екеуінде грантқа өтінім беруші ретінде қатысты. Erasmus+ International Credit Mobility шеңберінде "ҚМУ" КеАҚ Opole University (Польша), The University of Granada (Испания), Aristotle University of Thessaloniki (Грекия), Muş Alparslan University (Түркия), Alexandru Ioan Cuza University of Iasi (Румыния), Universatea De Vest "Vasile Goldis" (Румыния), University of Crete (Грекия), University of Porto (Португалия) әріптес университеттерімен ынтымақтастық орнатқан.

      Жыл сайын университет базасында халықаралық ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізіледі, әріптес ұйымдармен бірлескен ғылыми қызмет нәтижелері жарияланып тұрады. 2019 жылдан бері 2023 жылға дейінгі кезеңде "ҚМУ" КеАҚ базасында басқа да университеттердің өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда медициналық білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша 15-тен астам дөңгелек үстел мен әдістемелік семинар өткізіліп, нәтижелері бойынша нақты ұсынымдар қабылданып, осы саланы реттейтін әртүрлі нормативтік-құқықтық актілерге енгізілді.

      Халықаралық аккредиттеу агенттіктері, мемлекеттік органдар, бөгде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары университет қызметкерлерін сарапшы ретінде белсенді түрде шақырып тұрады.

      Қарағанды медицина университеті Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда да беделді медициналық білім беру орталығы ретінде танылды. 2012 жылдан бері университет медициналық білім беру бойынша алты Орталық Азия халықаралық конференциясын ұйымдастырып өткізді, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Грекия, Италия, Бельгия және басқа да елдердің медициналық университеттері мен факультеттерінен 5000-нан астам оқытушы мен студент қатысқан. 2018 жылдан бері "ҚМУ" КеАҚ 3 халықаралық жобаны табысты іске асырып, Тәжікстан мен Өзбекстан медициналық университеттерінің әлеуетін арттыру жөніндегі әріптесі болып отыр.

      "ҚМУ" КеАҚ еліміздің медициналық жоғары оқу орындарынан алғашқы болып Академикалық адалдық лигасына (бұдан әрі – лига) кіріп, 2021 жылы "Атамекен" білім беру бағдарламалары рейтингінің объективті көрсеткіштерінің негізінде лига рейтингіне сәйкес Қазақстанның ең үздік 10 ЖЖОКБҰ-ның қатарына кірді.

      Білім алушылар білім беру процесі бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуда және академиялық жұмыс жөніндегі барлық алқалы органдарда (Сенат, мектеп кеңестері, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар) өкілдік етеді. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары – "Самұрық" студенттер республикасы, студенттік ғылыми қоғам, мектептер мен жатақханалардың студенттік өзін-өзі басқару комитеттері жұмыс істейді.

      Қорытынды бақылауды жасырын екі тексерілген және өзіндік ерекшелігі плагиатқа қарсы жүйелер арқылы автоматты түрде тексерілген жазбаша жұмыс түріндегі жүргізуге кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылды. Университетте жазбаша емтихан өткізетін "Session" жеке ақпараттық платформасы құрылған және ол үнемі жаңғыртылып тұрады.

      Ғылымды дамытудағы нысаналы жұмысының нәтижесінде "ҚМУ" КеАҚ ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы медициналық университеттерінің рейтингінде көш бастап тұр.

      Ғылыми бағыттары: қоғамдық денсаулықтың негізі ретінде профилактикалық орта; бірқатар маңызы бар ауруларды басқарудағы дербестендірілген тәсіл; тіршілік әрекетінің молекулалық-биологиялық және генетикалық негіздері және бактериялардың патогенділік пен өзгергіштік тетіктері; отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттарды әзірлеуге фармацевтикалық өндіріске және енгізуге бағытталған кешенді зерттеулер; медициналық білім беру саласындағы зерттеулер. Сонымен қатар университет дәрілік заттарды клиникалық сынауға, оның ішінде халықаралық зерттеулерге белсенді қатысады, бірегей препараттарды әзірлеушілердің тапсырысы бойынша клиникаға дейін зерттеу жүргізеді.

      Соңғы жылдары "ҚМУ" КеАҚ-ның зерттеу университеті мәртебесіндегі ғылыми қызметі айтарлықтай нәтижелі бола түсті. Web of Science және Scopus ғылыми ақпарат базаларында индекстелетін, халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымының саны 5 жыл ішінде 1,9 есеге артқан, жарияланымдарды дәйексөз ретінде келтіру саны 2,7 есеге артып, жалпы университет оқытушыларының Хирш индексі 2,8 есеге көтерілген. Scopus базасы бойынша ЖОО-мен үлестес болып отырған авторлар саны 800 адамға жетті, олардың жартысынан көбі Хирштің нөлдік емес индексін иеленген.

      40 %-дан астам ОПҚ ғылыми зерттеулерді орындауға жұмылдырылған, білім алушылармен бірге ғылыми бағдарламалар мен гранттарды орындауға қатысады, мақалалар мен тезистер жариялайды, республикалық және халықаралық деңгейде баяндамалар жасайды.

      ОПҚ-ны ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру мақсатында оқытушы-зерттеушілер лауазымдары енгізілді, жүктемелерінің негізгі бөлігі ғылыми жұмысты орындау болып табылады. Бұдан басқа, еңбекақы төлеу кезінде ғылыми белсенділік көрсеткіштеріне қарай сараланған тәсіл қолданылатын оқытушы санаттары енгізілді.

      Университет ғалымдары ДСМ және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҒЖБМ) тапсырысы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларын, сондай-ақ ҒЖБМ желісінің гранттық бағдарламаларын; қазақстандық және Assosiation of Schools of Public Health (Америка Құрама Штаттары), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Еуропалық Одақ сияқты және т.б. шетелдік ұйымдар мен халықаралық қорлар арасындағы келісімдер шеңберіндегі жобаларды орындайды.

      Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін беретін өтінімдер саны жыл сайын артып келеді және ол 2022 жылы 50-ге жеткен.

      2022 жылы Өмір туралы ғылымдар институты құрылды, оның бірден-бір міндеті іргелі бейіндегі білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды нысаналы даярлау болып табылады.

      "ҚМУ" КеАҚ-ның ғылыми қызмет табысының үлесі 2020 жылдан бері 1,5 есеге артып 500 миллион теңгеден асқан.

      "ҚМУ" КеАҚ-да PhD докторы дәрежесін беретін Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі 3 диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

      "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын қойылатын талаптар" ҚР СТ ISO 15189-2015 стандарты бойынша аккредиттелген ғылыми-зерттеу зертханасы мен "Тексергіш және калибрлеу зертханаларының құрамы және құзыреттілікке қойылатын талаптар" МемСТ ISO/IEC 17025-2019 стандарты бойынша аккредиттелген санитариялық-гигиеналық зертханасы бар. Ғылыми-зерттеу зертханасында гранттық, шаруашылық келісімшарттық, халықаралық жобалар, сондай-ақ студенттік, магистрлік және докторлық жұмыстар шеңберінде молекулалық-генетикалық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, микробиологиялық зерттеулер, хроматографиялық зерттеулер орындалады. Зертхананың клиникалық қызметіне университет клиникалары мен басқа да медициналық ұйымдар үшін талдауларды орындау, денсаулық сақтау басқармасымен тәуелсіз зертхана ретінде ынтымақтасу және т.б. кіреді. Зертхана базасындағы білім беру қызметі зерттеу, өндірістік практика, бакалавриат, магистратура және докторантура пәндері бойынша сабақтар, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары түрінде жүргізіледі.

      Санитариялық-гигиеналық зертхана өндірістік және қоршаған ортаның гигиенасы мен экологиясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, оқу процесі іске асырылатын база болып табылады, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тізіміне кіреді.

      Тоқсан сайын ғылыми-практикалық "Медицина және экология" журналы шығарылып тұрады, онда клиникалық, практикалық, теориялық және эксперименттік медицина, сараптама, денсаулық сақтау саласының тарихы мен экономикасы, экология және гигиена, медициналық-фармацевтикалық білім беру мәселелері жөніндегі мақалалар жарияланады.

      Бірнеше жыл бойы университет "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасына белсенді қатысып келеді, оның шеңберінде студенттер мен жұмысын жаңадан бастаған оқытушылар кейін стартаптар мен ғылыми жобаларға айналатын инновациялық идеяларды ойлап шығарып, дамытады.

      "ҚМУ" КеАҚ 2017 жылдан бері коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына белсенді түрде қатысуда. 2021 жылы "ҚМУ" КеАҚ-нан "Микробқа қарсы стоматологиялық гель" жобасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" акционерлік қоғамының (QazInnovations) инновациялық гранттарына арналған стартап жобалар конкурсына ұсынылды.

      2021 жылы "ҚМУ" КеАҚ қызметкерлері технологияларды коммерцияландыруға арналған аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына арналған гранттар бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысқан, алайда шикізат ретінде Қазақстанның өсімдік ресурстары пайдаланылғандықтан, ұсынылған жоба конкурстың экологиялық бағалау жөніндегі алдын ала шарттарынан өтпеді. Университет ғалымдары ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін өздерінің жобаларын әлеуетті инвесторларға бірнеше рет презентациялаған. "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) іске асыру шеңберінде "I өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттілік орталықтары" гранттық бағдарламасы бойынша өтінім дайындалды. Ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру нәтижесі бойынша университет өнертабысқа патент алған 7 әзірлемені коммерцияландыруға дайын.

      Кәсіпкерлік білім беруді дамыту және студенттердің техникалық, конструкторлық әзірлемелерін қолдау үшін студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі енгізілген, университет кәсіпкерлік білім беруді енгізу жөніндегі Еуразиялық жобаға енгізілген медициналық бағыттағы жалғыз ЖЖОКБҰ болып табылады. Студенттердің "Аяқ-қолға кигізілетін экзоскелет" деген жарақаттан кейін оңалтуға арналған бірегей әзірлемелері Қазақстаннан тыс жерлерде танымал болды. Пациентті лифтісі жоқ үй-жайлардағы қабаттарға тасымалдауға мүмкіндік беретін "Баспалдақпен көтергіш" сырғытқы-креслоларға арналған арнайы құрал 2020 жылы "Еліміздің инновациялық дамуына қосқан нақты үлесім" атты республикалық инновациялық әлеуметтік маңызы бар студенттік жобалар байқауында 1-орынды, 2021 жылы "Машинаға арналған сүзгі" жобасы 3-орынды алды. "ОЗФАРМ+" – әлеуметтік дәріхана және "PharmExpress" – медициналық мақсаттағы тауарлардың вендингтік саудаcын жүргізетін және оларды одан әрі кәдеге жарататын жергілікті компания" деген жобалар 2021 жылы Tumar Student Business Challenge студенттік стартап және бизнес байқауының жеңімпаздары атанды.

      "ҚМУ" КеАҚ денсаулық сақтау мамандарын жоғары сапада даярлау және халыққа медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында құрамында университет клиникасы, стоматологиялық клиникасы және кәсіптік денсаулық клиникасы бар интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құрайды. Студенттер мен дәрігерлер оқытылып, университет оқытушылары мен резиденттері халыққа медициналық көмек көрсетеді, диагностика, емдеу және оңалту саласындағы өзіндік және пайдаланылған ғылыми әзірлемелер енгізіледі.

      Университет клиникаларында амбулаторлық-емханалық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, шұғыл травматологиялық көмек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде стоматологиялық көмек көрсетіп, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіптік денсаулық клиникасы аурулардың кәсіпке байланысына сараптама жүргізе отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

      Пандемия кезінде "ҚМУ" КеАҚ клиникалары базаларында персоналы университет қызметкерлері мен білім алушыларынан тұратын провизорлық және инфекциялық стационарлар жұмыс істеді.

      Клиникалық кафедралардағы ОПҚ емдеу жұмыстарын білім алушыларды практикалық даярлауды ұйымдастыру шеңберінде ғана емес, сондай-ақ кафедралардың медициналық ұйымдармен университеттің клиникалық базаларындағы науқастарға профилактикалық, диагностикалық, емдік, консультациялық көмек көрсету және медициналық оңалту жөніндегі бірлескен қызметі кезінде де жүргізеді. Клиникалық кафедралардың барлық оқытушыларының маманға клиникалық практикамен айналасуға рұқсат етілетін сертификаты бар, олардың көпшілігі университет клиникаларында дәрігер лауазымын қоса атқарады. Соңғы 10 жылда университет ОПҚ көшпелі медициналық кешен құрамында скринингтік зерттеулер жүргізіп, Қарағанды облысының ауылдық ересек тұрғындары мен балаларына консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетуде. Клиникалық кафедралардың қызметкерлері практикалық денсаулық сақтаумен белсенді ынтымақтаса отырып, ДСМ формулярлық комиссиясының мүшелері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін комиссия штабтары жұмыс топтарының мүшелері болып табылады, кәсіптік қауымдастықтарға кіреді, клиникалық-анатомиялық конференцияларға, бірлескен дәрігерлік конференцияларға және өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияларға және т. б. сараптамалық жұмыстарға қатысады.

      2019 жылы "ҚМУ" КеАҚ-ға зерттеу университеті мәртебесінің берілуі жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді, олар ОПҚ-ның ғылыми және инновациялық әлеуетінің дамуында, білім беру сапасының едәуір артуында, шетелдік жетекші университеттермен стратегиялық әріптестіктің күшеюінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасының дамуында, университет жұмысына біліктілігі жоғары отандық және шетелдік мамандардың тартылуында көрініс тапқан.

2-тарау. Трендтер мен сын-қатерлерді талдау

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша елдер барлық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінде білім беру, өздерінің денсаулық сақтау кадрларын оқыту, жұмысқа орналастыру, ұстап қалу және тиімділігі саласындағы қиындықтарға тап болады. Кейбір елдерде денсаулық сақтау жұмыскерлерінің білімі мен даярлығына инвестициялардың үнемі жетіспеуі, денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың қажеттіліктеріне қатысты білім беру мен жұмыспен қамту стратегиялары арасындағы сәйкессіздік кадрлардың тұрақты жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Бұл жағдай денсаулық сақтау жұмыскерлерін ауылдық, шалғай және жеткілікті қызмет көрсетілмейтін аудандарға жіберуге байланысты қиындықтармен күрделене түседі. Сонымен қатар денсаулық сақтау жұмыскерлерінің халықаралық көші-қонының артуы денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың, әсіресе, табыс деңгейі төмен және табысы орташадан төмен елдерде жетіспеушілігін күшейтуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының бірден-бір міндеті аса тапшы білікті кадрлармен, әсіресе, ауылдық жерлерді қамтамасыз ету болып табылады, оны іске асыруға "ҚМУ" КеАҚ елеулі үлес қосуда.

      Технологиялардың дамуы, экономикалық жағдайлар сияқты жаһандық үрдістер салдарынан мамандардан талап етілетін құзыреттер сипаты өзгерген – пәнаралық және сабақтас мамандықтарға, IT-технологиялар қолданылатын қазіргі заманғы жабдықпен жұмыс істеу үшін цифрлық дағдыларға тез бейімделу және үздіксіз білім алу қабілетіне сұраныс артып келеді. McKinsey зерттеулеріне сәйкес когнитивтік, цифрлық, тұлғааралық, дербес көшбасшылық – төрт санат бойынша негізгі дағдылар айқандалған, бұлар жұмысқа орналасу мүмкіндігін, болашақ еңбектегі табыстың неғұрлым жоғары болып, жұмыстан қанағаттану мүмкіндігін кешенді арттырады.

      Табысқа қол жеткізгеніне қарамастан, "ҚМУ" КеАҚ-тың алдында бірқатар сын-қатерлер бар, олар қазақстандық білім беру мекемелеріне тән жалпы проблемаларға да, денсаулық сақтау жүйесі үшін маман даярлау сапасына қатысты мемлекет пен қоғам үмітінің жоғары болуына да байланысты:

      1) кәсіптік стандарттардың болмауы немесе уақтылы жаңартылмауы білім беру бағдарламаларының құбылмалы нарық пен халықаралық стандарт талаптарына дер кезінде бейімделу мүмкіндігін тежейді. Денсаулық сақтау мамандарын жоғары деңгейде даярлау сапасын қолдау, атап айтқанда, ғылым мен практиканы білім беру процесіне тиімді интеграциялау, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемелерін қолдану, білікті оқытушылар құрамы қомақты шығыстарды талап етеді. Мектептегі және жоғарғы оқу орнындағы білім арасындағы алшақтық әлі де сақталуда, бұл студенттердің жаңа ортаға және жаңа талаптарға бейімделуі кезінде қиындықтар туғызады;

      2) конкурс негізінде алынатын бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар мен бағдарламалардың ғылыми зерттеулердің негізгі табыс көзі болуы, биомедициналық зерттеулердің өзі қымбат және ұзақ болуы, үш жылдық қаржыландыру кезеңінде зерттеуді аяқтамау және маңызды нәтижелерге қол жеткізбеу тәуекелінің жоғары болуы ғылыми қызметтің орнықты дамуына кедергі келтіретін факт болып табылады. Талантты ғалымдарды тарту және қолдау үшін ғылыми инфрақұрылым мен ресурстар деңгейінің жетпеушілігі ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін айтарлықтай шектейді, нәтижесінде университеттер жүргізетін зерттеу нәтижелері әрдайым халықаралық деңгейден көріне бермейді, ал ғалымдары сыртқы жоғары бәсекеге қабілеттілік деңгейіне қол жеткізе алмайды, олардың жарияланымдық белсенділігі төмен;

      3) жүзеге асырылып жатқан кадрлық әлеуетті дамытудың нысаналы саясатына қарамастан, ол негізінен оқытушы жұмысының тартымдылығының жеткіліксіз болуы салдарынан білікті мамандардың кетуінің жалғасуына, докторантурада ғылыми кадрлар даярлаудың шектеулі болуына, персоналдың ағылшын тілі мен цифрлық дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгермеуіне, Қазақстан университетіндегі жұмыстың шетел мамандары үшін тартымдылығының төмен болуына байланысты стратегиялық міндеттерді шешу үшін білікті персоналдың жеткілікті санын жинақтау проблемасы өзекті күйінде қалып отыр;

      4) ақпараттық базаның, бизнес-процестер мен ақпараттық технологиялардың жеткіліксіз интеграциясы деректерді талдауға негізделген басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау процесін қиындатып, адами және уақытша ресурстардың шамадан тыс жұмсалуына әкеледі.

      "ҚМУ" КеАҚ зерттеу университеті 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Алайда сыртқы факторлардың әсер етуі салдарынан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, халықаралық патенттерді алу және QS (by Subject) нұсқасы бойынша үздік 500 университет рейтингіне кіру сияқты кейбір болжамды нәтижелер толық іске асырылмаған.

      Университет әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, алайда әзірге айтарлықтай нәтиже жоқ, бұл биомедициналық өнімді өткізу жөніндегі халықаралық нарықтардағы жоғары бәсекелестік тәуекелдеріне және өндірістің басқа салаларына қарағанда өндірілетін өнімді анағұрлым жоғары стандарттар бойынша сертификаттау қажеттігіне байланысты Қазақстандағы әлеуетті инвесторлардың биомедицина саласындағы отандық әзірлемелерге қомақты қаражат салуға дайын болмауына да байланысты.

      Патент алу ғылыми-зерттеу жобаларын орындаудың қорытынды нәтижесі болып табылады. Мәселен, 2020 жылы көптеген гранттық ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталып, Қазақстан Республикасы 4 патент және халықаралық 1 патент (жоспар бойынша қазақстандық 1 патент және халықаралық 0 патент) алынды. 2021 жылдан бері республикалық қаржыландыру конкурстарының нәтижелері бойынша жаңа жобалар басталды, өнеркәсіптік меншік объектілері және авторлық құқық түріндегі нәтижелерін іске асыру мерзімі 3 жылға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін алуға болады.

      "ҚМУ" КеАҚ-ның университет қызметінің негізгі салалары – медицина және өмір туралы ғылымдар бойынша QS (by Subject) нұсқасының үздік 500 университет рейтингіне кіруіне әлемдік университеттердің жоғары бәсекелестігі кедергі келтіреді, бұл рейтингтегі позицияның 60 %-ы ғылыми өлшемдік көрсеткіштерге тәуелді. Осы пәндік рейтингте соңғы (500-520) позициялардағы университеттердің ғылыми өлшемдік көрсеткіштері "ҚМУ" КеАҚ-ға қарағанда 15 есеге, ал ғылыми зерттеулерге арналған бюджеті 20 есеге артық. Әлемдік университеттермен бәсекеге қабілетті нәтижелерге қол жеткізу уақыт пен сыртқы қаржылық қолдауды талап етеді.

      Дегенмен "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ білім беру және ғылыми-зерттеу базасын интеграциялау және дамыту арқылы өзін әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде көрсету жөніндегі мақсатын іске асыруға нық қадам басуда. Қол жеткізу қиын міндеттерді болашақта орындаудың берік негізі қаланды.

3-тарау. Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау

      Экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің драйвері ретінде жоғары білім беруді дамытуға қазіргі заманғы сын-қатерлерге жедел ден қою ықпал етеді, оның қажетті шарты қаржылық реттеу, интернационалдандыру, оқыту сапасы мен ғылыми зерттеулерді дамыту, оқу бағдарламаларын еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес білім мен дағдыларға бейімдеу процестеріне қатысты тәсілдердің икемділігі болып табылады.

      "ҚМУ" КеАҚ-ның ұзақ мерзімді мақсаты Орталық Азия өңіріндегі медициналық білім беру саласындағы көшбасшылығын нығайту, білім беру процесіне, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызметке озық технологияларды енгізу болып табылады. Медицина университеті әлемдегі жетекші медициналық университеттермен халықаралық байланысы мен ынтымақтастығын нығайтуды жалғастырады, бұл талантты студенттер мен оқытушыларды тартуға және университеттің халықаралық беделін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

      Соңғы жылдары университет өзінің білім беру бағдарламасының мейлінше заманауи және қазіргі медицинаның сын-қатерлеріне жауап беретіндей болуы үшін трансформациялау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Университеттегі медициналық білім беруді трансформациялаудың басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру және болашақ дәрігерлер даярлауды жақсарту. Ол үшін студенттерге клиникалық жағдайларда практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін проблемалық-бағдарланған тәсілге, ақпараттық және симуляциялық технологияларды қолдануға негізделген жаңа оқыту әдістері енгізіледі.

      Ғылыми-бейімделген оқыту шеңберінде оқытылатын пәндер ауқымы едәуір кеңейтілді, студенттердің ғылыми жобаларды оқытушылардың жетекшілігімен орындауы енгізілді. Университет студенттері мен оқытушылары медицина саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жұмыс істейді және әртүрлі ауруларды диагностикалау мен жаңа емдеу әдістерін әзірлейді.

      Студенттер нақты клиникалық жағдайда тәжірибе жинақтауы үшін университет медициналық мекемелермен де белсенді ынтымақтастықта болады. Соның арқасында олар тек теориялық білім алып қана қоймай, пациенттермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын да меңгереді.

      Зерттеу университетінің одан арғы даму перспективалары:

      жетекші ғалымдарды тарту және зерттеулердің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу базасы мен инфрақұрылымын кеңейтуге;

      қазіргі заманғы ғылыми технологиялар мен білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жетекші университеттермен және зерттеу орталықтарымен халықаралық байланысын нығайтуға;

      талантты кадрларды тартудың уәжделген тетіктерін жетілдіру және оқыту мен ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету арқылы үздік студенттерді, оқытушылар мен ғалымдарды тартуға;

      Қазақстанның денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялық орталықтармен ынтымақтастығын кеңейтуге байланысты болады.

4-бөлім. Бағдарламаның пайымы, миссиясы мен құндылықтары

      Бағдарлама зерттеулердің дәрежесін арттыруға ұмтылатын және әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері арасында жетекші орынды иеленетін университеттің ғаламдық пайымы нәтижесінде қалыптасады. Университет Қазақстан қоғамына нақты пайда әкелу мақсатында медицина және денсаулық сақтау саласында орнықты дамуға және инновациялық зерттеулерге бағытталған. Бағдарламаның пайымы еліміздің шекарасынан тысқары жерлерге де таралады. "ҚМУ" КеАҚ денсаулық пен тұрмысты тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия өңірінде де жақсартуға ықпал ете отырып, медициналық білім беруде, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерде артықшылығы бар орталық болуға ұмтылады.

      Бағдарлама миссиясы "ҚМУ" КеАҚ-ның: "Ғылымда, білім беруде, практикада артықшылыққа қол жеткізу арқылы Қазақстан қоғамын дамыту, халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасын жақсарту" миссиясымен байланысты және әлемдік деңгейдегі мамандар мен лайықты азаматтардың дамуына ықпал ететін сапалы білім беру ортасын қамтамасыз етуден, білім беру қызметімен интеграциялау, әріптестік, Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын арттыру үшін инновацияларды енгізу арқылы қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды дамытуға үлес қосудан және қазақстандық ғылымды ілгерілетуден тұрады.

      Даму бағдарламасында университет өзінің басты құндылықтарын: дәстүрді, академиялық адалдықты, кәсіпқойлықты, инновациялар, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті адал ұстанады. Негізін қалаушылар салған дәстүрге сүйене отырып, университет қазақстандық медицинаны дамытудағы және азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етудегі өзінің маңызды рөлін түсінеді, академиялық адалдықты қолдайтын орта құруға жәрдемдеседі және жылдам кәсіптік өсу мүмкіндігін бере отырып, білім алушылар мен қызметкерлердің мықты адамгершілік ұстанымын қалыптастырады. Университет түрлі әлеуметтік топтарды қолдауға назар аудара отырып, жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған инновациялық зерттеу орталығы болуға ұмтылады.

5-бөлім. "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары

4-тарау. Академиялық қызметі

      "ҚМУ" КеАҚ академиялық қызметінің стратегиялық басымдығы еңбек нарығының, қоғам мен мемлекеттің сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін барлық кәсіптік білім беру деңгейлерінде жоғары сапаға қол жеткізу болып табылады.

      Елдегі және Орталық Азиядағы медициналық білім беру саласындағы көшбасшы тұрғысынан "ҚМУ" КеАҚ тәжірибе алмасу, медициналық білім беру жөніндегі Орталық Азия конференциясын жүйелі түрде өткізу, Орталық Азия өңірі елдерінде медициналық білім беруді нығайту жөніндегі жобаларға қатысу арқылы медициналық жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру жөніндегі қызметін жалғастыра береді.

      Университет академиялық қызметтің мынандай басқарушылық қағидаттарын айқындайды:

      білімге, ғылым мен практикаға инновациялар енгізу арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесі талаптарына және халықаралық стандарттарға сай келетін мамандарды даярлау;

      элективті пәндерді таңдау және білім алушылардың өз үлгерімін электрондық оқу порталында қадағалап тұруы арқылы жеке оқыту траекторияларын таңдауда және қажетті дағдыларын дамытуда білім алушыларға академиялық еркіндік беру;

      академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, ғылым және білім беру қызметіндегі алдау мен алаяқтықтың кез келген түріне төзбеушілік таныту;

      барлық білім алушыларға сапалы және қолжетімді білім алуы үшін тең мүмкіндік беру;

      ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларға қатысты, нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни, гендерлік белгілері, әлеуметтік жағдайы, физикалық мүмкіндіктері, жасына қарай және басқа да субъективті өлшемшарттары бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

      мүдделі тараптар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      білім беру процесін цифрландыру мен білім алушыларға қызмет көрсетуді дамыту;

      түлектердің табысты мансап құру мүмкіндіктерін арттыру үшін когнитивті, цифрлық және тұлғааралық дағдыларын, сондай-ақ жеке көшбасшылық қабілетін дамыту.

      Университет өзінің академиялық қызметін үздіксіз жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп отырады, оны өзгеріп отыратын болжамдар мен мүдделі тараптардың, ең алдымен білім алушылар мен оқытушылардың қажеттіліктеріне қарай өзектілендіріп отырады. Зерттеу университеті ретіндегі дамуы шеңберіндегі академиялық саясатында білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми әлеуетін іске асыруға жәрдемдесетін, сондай-ақ университет қызметі шеңберіндегі әкімшілік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктер бекітілген.

5-тарау. Ғылыми қызметі

      "Қазақстан-2050" стратегиясында денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде "медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс" деп көрсетілген.

      "ҚМУ" КеАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ғылыми-зерттеу жобалары инновацияларды іске асыру, зерттеу инфрақұрылымын, зертханаларды, бірінші дәрежелі ғылым орталықтарын дамыту арқылы академиялық артықшылық стратегиясын ұстанады.

      Бұл міндетті іске асыру ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына, "Медициналық және фармацевтикалық ғылым жүйесін жетілдіру" бағытына сәйкес келеді. Ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру университеттің орнықты дамуын нығайтады, халықаралық ғылыми кеңістіктегі мәртебесін, ынтымақтастық пен инвестициялар үшін тартымдылығын арттырады.

      Университеттің инновациялық әлеуетін дамыту жаңа технологиялар мен өнімдерді шығаруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдегі өмір сүру деңгейін арттыруға әкеледі. Сондықтан бұл университетте қолдау көрсетілетін және одан әрі дами беретін маңызды процесс.

      "ҚМУ" КеАҚ жаңа идеяларды тарту және қолдау, инновациялық технологияларды дамыту және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру үшін жағдай жасауды жүйелі негізде жалғастыра береді, бұл университетке бәсекеге қабілеттілікті сақтауға және Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытуға елеулі үлес қосуына мүмкіндік береді.

      Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде университет студенттердің, ғалымдар мен кәсіпкерлердің идеялары мен жобаларын қолдайтын бизнес-инкубаторлармен, технопарктермен, инновациялық орталықтармен және зертханалармен ынтымақтастық орнатуын одан әрі жалғастыра бермек. Инновациялық қызметке, оның ішінде жеке сектормен ынтымақтастықты кеңейтуге және инновациялық жобалар мен зерттеулерді дамытуға арналған мемлекеттік гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламаларына қатысу шеңберінде инвестициялар тартуға көп көңіл бөлініп келеді және ол жалғаса бермек. Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесін дамыту бағытындағы жұмыс жалғасады, білім алушылардың инновациялық даму жөніндегі идеяларын қалыптастыруға жәрдемдесетін бағдарламалар спектрі кеңейтілетін болады. "ҚМУ" КеАҚ студенттер мен қызметкерлер арасында инновациялық мәдениетті дамытуды, коммерцияландыру бойынша білікті мамандар даярлауды және индустриямен әріптестігін жалғастыра береді. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің нарыққа шығу тиімділігін арттыру үшін коммерцияландыру офисін құру жоспарлануда.

6-тарау. Университеттің қоғам дамуына қосатын үлесі

      Университеттердің академиялық және ғылыми қызметті дамытуға бағытталған бірінші және екінші миссияларын белсенді іске асырумен қатар "ҚМУ" КеАҚ қоғам дамуына белсенді үлес қоса отырып, университеттердің үшінші миссиясын орындауды көздеп отыр. Университеттің үшінші миссиясының негізгі аспектілері медициналық көмек көрсету және қоғам денсаулығына қамқорлық жасау, денсаулықты ілгерілету жөніндегі білім беру бағдарламалары мен іс-шараларына, медицина мен қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеулерге белсенді қатысу, қоршаған ортаны қорғау мен болашақ ұрпаққа қамқорлық жасауға бағытталған экологиялық бастамаларға қатысу арқылы орнықты дамуға жәрдемдесу болып табылады. Өзінің үшінші миссиясын жүзеге асырумен қатар университет денсаулық сақтау саясатын әзірлеп, енгізуге қатыса отырып, денсаулық сақтау мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатады. Соның арқасында университеттің әлеуметтік және медициналық салалардағы маңызды рөлін көрсете отырып, қоғам денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі қалыптасады.

6-бөлім. Бағдарламада қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары

      "ҚМУ" КеАҚ даму бағдарламасының мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басымдықтарына сәйкес келеді.

      Бағдарламаның мақсаты – білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытып, интеграциялау арқылы "ҚМУ" КеАҚ әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту.

      Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады:

      1-міндет. Білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауды күшейту арқылы озық кадрлық қамтамасыз ету.

      "ҚМУ" КеАҚ білім алушылардың жан-жақты дамуына және олардың еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді меңгеруіне жағдай жасайды.

      Бұл бағытта ғылыми және практикалық құрауыштарды қамтитын интеграцияланған білім беру бағдарламаларын дамыту, дуальді оқытуды кеңейту, білім беру бағдарламаларына цифрлық білім беру технологиялары мен тәжірибеге бағдарланған оқыту әдістерін, дербестендірілген медицина, генетика және биотехнология саласындағы озық білім мен технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

      Практикалық денсаулық сақтаумен ынтымақтастықты нығайту клиникалық практиканы білім беру процесіне интеграциялау, медициналық практика мен оқытуға жаңа технологиялар енгізу, клиникалық зерттеулер мен инновацияларға арналған базаны дамыту жағдайларын жақсартады.

      Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық моделіне сәйкес сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілетін болады, білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған аккредиттеуден үздіксіз өтіп отыруы жалғасады.

      Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және академиялық ұтқырлықты іске асыруда шетелдік, оның ішінде QS World University Rankings халықаралық рейтингіндегі жетекші 700 университет тізіміне кіретін университеттермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.

      Университет білім алушылардың әлемдік цифрлық кітапханалар мен онлайн-курстарға тегін қол жеткізуін, оқу зертханалары мен симуляциялық орталықтарды қазіргі заманғы жабдықтармен, оның ішінде виртуалды шындықпен (AR/VR) және виртуалды симулятормен жарақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін іздестіретін болады.

      "ҚМУ" КеАҚ студенттерін жатақхана орындарымен қамтамасыз етуді, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауды қоса алғанда, білім алушыларды әлеуметтік және академиялық қолдауға зор көңіл бөледі.

      Білім беру қызметтерінің икемділігіне формальды емес және информальды оқыту нәтижелерін тану, халықтың түрлі топтағы адамдарына оқуға, микробіліктілік алуға неғұрлым кеңірек қолжетімділік ұсыну арқылы қол жеткізілетін болады.

      "ҚМУ" КеАҚ өмір бойы оқу қағидаттарын дамытуды жалғастырады, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтаса отырып, өңірді білікті дәрігер кадрлармен қамтамасыз етуге күш салады. Мәселен, Ұлытау облысын дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жезқазған қаласында Қарағанды медицина университетінің өкілдігін ашу, дәрігерлердің, оқытушылардың, ғылыми жұмыскерлердің құзыреттерін дамытуға арналған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

      2-міндет. Инновациялық даму моделі шеңберінде ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру.

      "ҚМУ" КеАҚ негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары ретінде биоинформатикалық кластерді (үлкен деректерді талдау, молекулалардың өзара әрекеттесуін талдау, молекулалық модельдеу) және молекулалық-генетикалық кластерді (қолданбалы геномика, жасушалық метаболомика, оның ішінде жасушалық бейімделу тетіктері, жасушааралық өзара әрекеттесу) дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ университет қызметкерлерін даму әлеуеті жоғары басқа салалардағы жұмысқа (3D-биопринтинг, жасушалық модельдеу) тарту көзделген.

      Зерттеулерді, оның ішінде халықаралық зерттеулерді қаржыландыруға арналған конкурстарға көбірек қатысу және тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулердің басым бағыттары өзектілендірілетін болады; өзекті тақырыптар бойынша өтінімдер санын арттыру іс-шаралары, оның ішінде ғылыми жобаларға өтінімдер беру, рецензиялау және сапасын қамтамасыз ету рәсімдері бойынша оқытушы-профессорлық және әкімшілік персонал үшін тұрақты тренингтер жоспарланған; ғылыми жетістіктердің нәтижелілігі мен шешімдер қабылдауды талдай отырып, университеттің ғылыми қызметін басқару процестерін цифрландыру және жетілдіру жалғасады; ғылымның ашық моделін дамытуға жәрдемдеседі; ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін технопарктермен ынтымақтастық және патенттік қызмет күшейтіледі.

      Өзін дәлелдеген уәждемелік тетіктерді одан әрі іске асыру арқылы персоналды, ең алдымен жастарды ғылыми қызметке белсенді тарту; университет зерттеушілерінің қазіргі заманғы ғылыми деректер базаларына, ғылыми тағылымдамаларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жалғасатын болады.

      Бұдан басқа, 2022 жылы құрылған Өмір туралы ғылымдар институты базасында биомедицина бағытындағы ғылыми кадрларды даярлау бағдарламасын дамыту: докторантура мамандықтарын кеңейту, докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға шетелдік әріптестерді тарту, магистратура мен докторантура білім алушыларын сыртқы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге және іске асыруға тарту жалғасады. Докторантурадан кейінгі бағдарламаны университет әзірлеген бағдарлама бойынша да, ҒЖБМ жас ғалымдарын гранттық қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде де табысты іске асыру практикасы жалғасады.

      Озық ғылыми зерттеулерге қатысу жоғары деңгейде дамыған зерттеу инфрақұрылымын талап етеді. "ҚМУ" КеАҚ ғылыми инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ұжымдық пайдалану зертханаларын жаңғыртуға түрлі көздерден инвестициялар тартуды жоспарлап отыр, бұл ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген (6-бағыт).

      Қосымша қаржыландыру Қазақстанның биомедициналық саласының міндеттері үшін жұмыс істеп тұрған ғылыми мектептер базасында ұжымдық пайдалану зертханасын молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған, қазіргі заманғы жоғары технологиялы жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ биобанк құруға; бірінші дәрежелі ғылыми орталықтар құруға (клиникаға дейінгі және клиникалық сынамалар орталығы, микробқа қарсы резинстенттілікті бақылау орталығы, молекулярлық эпидемиология орталығы) фитофармацевтикалық кластерін дамыту мүмкіндік береді.

      Биоинженерияны дамыту мақсатында жасушалық модельдеу саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін отандық және шетелдік әріптестермен ғылыми консорциумдар құрылып, кеңейтілетін болады.

      Ғылыми нәтижелер жетістіктері халықтың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына әсер ететін аурулар мен жағдайлардың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге бағытталатын болады.

      3-міндет. Университеттің адами капиталының инновациялық әлеуетін нығайту.

      Ғылыми-педагогикалық кадрлар әлеуетінің жалпы жоғары оқу орнын дамытудағы маңызы орасан зор.

      Кадрлық әлеуетті арттыру үшін "ҚМУ" КеАҚ-да талант-менеджментке негізделген, нәтижелердің тиімділігі үнемі мониторингтелетін және бағаланып тұратын адами ресурстарды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарлама енгізу жоспарлануда. Бағдарламада жетекші шетелдік университеттерде тағылымдамадан өтуді, кәсіптік, сондай-ақ, тілдік, ақпараттық дағдыларды, менеджмент дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау, ғылыми қызметке тартуды қоса алғанда, ғылыми-педагогикалық персоналдың біліктілігін арттыру көзделген.

      Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді тарту және ұстап қалу үшін жұмыскерлердің жеке мүмкіндіктеріне негізделген икемді еңбек жағдайлары, жалақы деңгейіне сараланған тәсіл, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау, персоналды корпоративтік басқару жүйесіне тарту және университет пен қоғам өміріне қатысуды кеңейту сияқты барлық қолжетімді ынталандыру әдістері пайдаланылатын болады.

      Дипломнан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадр резервін дайындауға ерекше назар аударылатын болады.

      Ғылыми-педагогикалық кадрлардың инновациялық әлеуетін дамытудың жеке бағыты қызметкерлерді медициналық білім беру саласындағы зерттеулерге тарту болып табылады. Университет персоналы инновациялық оқыту әдістерін әзірлеу мен енгізуге, медициналық білім берудің тиімділігін арттыруға, саланы одан әрі дамыту тұжырымдамалары мен бағыттарын қалыптастыруға және талқылауға белсенді түрде тартылады.

      Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту тәжірибесі кеңейтілетін болады.

      4-міндет. Университет қызметінің өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнықты дамуы мен әлеуметтік бағытын қамтамасыз ету.

      "ҚМУ" КеАҚ комплаенс-қызметті, академиялық адалдық қағидаттарын, тәуекел-менеджментті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерді талдауды, көрсетілетін қызметтерді цифрландыруды, жетілдіру және нығайту, эндаумент-қор құру және қызметін қолдау арқылы ұзақ мерзімді кезеңде корпоративтік басқаруды жетілдіру, орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

      Әлеуметтік және экологиялық бағытты қамтитын "ҚМУ" КеАҚ қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) орнықты даму саласындағы, ең алдымен денсаулыққа, білім беруге, әлеуметтік қорғауға және жұмысқа орналастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және теңсіздік деңгейін төмендетуге қатысты мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін болады. Қызметкерлердің, студенттер мен өңір халқының денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша сауатын арттыру; қоғамдық денсаулық және қоршаған орта саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

      Озық клиникалық және зерттеу инновациялары шоғырланған академиялық медициналық орталық ретінде университет клиникаларында жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуда денсаулық сақтау жүйесіне жәрдесу жалғасады, бұл ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді (2-бағыт).

      "ҚМУ" КеАҚ жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсетуді кеңейтуге ұмтылатын болады, бұл емдеу шығындарын азайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, пациенттердің тұрмыс сапасын жақсартып, аз уақытта денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. "ҚМУ" КеАҚ амбулаториялық-емханалық қызметі учаскеге бекітілген халық санын көбейту, өңір халқына алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен экономикалық тиімділігін арттыру бағытында дамитын болады.

      Клиникалық кафедралардың қызметкерлері "ҚМУ" КеАҚ клиникалық базасы болып табылатын Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында емдеу, ғылыми және білім беру қызметін жалғастырады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық мекемелердің әкімшіліктерімен тиімді өзара ынтымақтасуы есебінен университет пен практикалық денсаулық сақтау клиникалық бөлімшелерінің емдеу, ғылыми және білім беру қызметін одан да тығыз интеграциялау қамтамасыз етілетін болады.

      Клиникалық базаларда ҒЖБМ және ДСМ гранттық жобалары шеңберінде клиникалық зерттеулер, үздік практиканың барлық қағидаттарын сақтай отырып, өндіруші фирмалармен ынтымақтастық шеңберінде жаңа фармакологиялық препараттар мен медициналық мақсаттағы құралдарға жүргізілетін клиникалық сынақтар жалғасады.

      Гранттық және жеке қаржыландыруды алған жобалар бойынша жаңа респираторлық инфекциялардың таралуына ден қою жүйесі, дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізу, ауылдық медицина мекемелерінің тиісті деңгейде сумен жабдықталуын, санитариямен және гигиенамен қамтамасыз етілуін бағалау, иондамайтын сәулеленудің адам ағзасына теріс әсерін анықтау, репаративті остеогенез динамикасын және отандық дуплекс аллографты қайта құруды зерделеу, жіті механикалық ішек өтімсіздігі, рандомирленген көп бағытты қосарлы жасырын кезіндегі инфекциялық-қабыну асқынуларының предикторлары ретінде бактериалдық транслакацияның маркерлерінің болжамды мәні, препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне плацебо-бақыланатын зерттеулер, аурулардың өрбуінің молекулалық-генетикалық тетігін зерделеу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық молекулалық технологияларын әзірлеу, өсімдік негізінде жаңа дәрілік заттарды әзірлеу, әйелдердің жүктілігін перспективалы халықаралық бірнеше бағыттағы когорттық бақылау зерттеулері, пульмо-кардио-ренальды континуумдағы қан тамырлары жүйесінің құрылымдық-функционалдық теңгерімсіздігінің патогенетикалық маңызы бойынша клиникалық ғылыми зерттеулерді орындау жалғасады.

      2022 жылғы 5 қазанда Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті берген, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аппаратының 2022 жылғы 13 қазандағы № 22-01-38.33 бұйрығымен бекітілген тапсырмаларды іске асыру жоспарында "ҚМУ" КеАҚ қазіргі заманғы университеттік клиникасын салу жоспарланған, бұл өңірде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін едәуір арттыруға, медициналық көмектің сапасы мен көрсету көлемінің халықаралық стандарттары деңгейінде диагностиканың, емдеудің және оңалтудың инновациялық технологиялары мен әдістерін әзірлеу және енгізу жөніндегі әдістемелік және ғылыми орталыққа айналуға, ғылым, практика және білім беру симбиозын пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Зерттеу университетінің мәртебесі "ҚМУ" КеАҚ-ның ғылыми зерттеулер жүргізудегі және Қазақстанда және одан тыс жерлерде биомедициналық ғылым мен медициналық білім беруді дамыту үшін ғылымды, білім мен практиканы интеграциялау қағидаттарын енгізудегі тәжірибесін таратуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

7-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны орындаудан күтілетін болжамды нәтижелер:

      "ҚМУ" КеАҚ түлектеріне сұраныстың жоғары болуы;

      стейкхолдерлердің мамандардың даярлығы сапасына қанағаттануының жоғары болуы;

      "ҚМУ" КеАҚ академиялық беделінің жоғары болуы;

      студенттер, оның ішінде шетелдік студенттер, таланттар үшін тартымдылықтың жоғары болуы;

      ғылыми-инновациялық белсенділіктің артуы (жарияланымдар, дәйексөздерді қолдану);

      әлемдік ғылыми қоғамдастықта университет ғалымдарының және жалпы Қазақстанның беделін арттыру;

      зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру (табысы мен патенттері, технопарктермен ынтымақтастық орнату);

      сыртқы инвестициялар мен ғылыми гранттарды қоса алғанда, ғылыми және инновациялық қызметті қаржыландыру үлесін арттыру;

      өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру;

      сапалы персонал;

      персоналдың еңбек жағдайларына қанағаттануының жоғары болуы;

      ғылыми-педагогикалық персоналдың университетті корпоративтік басқаруға, оның қоғамдық өміріне қатысуының жоғары болуы;

      университеттің барлық процестерін цифрлық мониторингтеу;

      университеттің халықаралық рейтингтердегі позициясын ілгерілету;

      халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануының жоғары болуы;

      білім және ғылым, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсету саясатын іске асыруда еліміз бен өңірге тиімді жәрдемдесу;

      БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді ілгерілету.

8-бөлім. Бағдарламаны іске асыру прогресін мониторингтеу және бағалау

      Бағдарламаны іске асыру прогресін мониторингтеу және бағалау 1-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның нысаналы индикаторлары бойынша және 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жыл сайын жүзеге асырылып отырады.

      Даму бағдарламасы 10 нысаналы индикатор мен 14 іс-шарадан тұрады.

  "Қарағанды медицина
университеті" КеАҚ-ның
2024-2028 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
1-қосымша

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары


Р/с

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы "ҚМУ" КеАҚ әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту

1-міндет. Білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауды күшейту арқылы озық кадрлық қамтамасыз ету

1.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған, жұмысқа орналастырылған немесе ЖОО бітіргеннен кейінгі бірінші жылы келесі оқу деңгейіне түскен түлектердің үлесі

%

95

96

96

97

97

2.

Жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануы

%

77

78

79

80

80

2-міндет. Инновациялық даму моделі шеңберінде ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру

3.

Scopus базасы бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің Хирш орташа индексі

индекс

0,54

0,56

0,58

0,6

0,62

4.

Патенттер саны, оның ішінде халықаралық

бірлік

1

1

1

1

2

5.

Ғылыми және инновациялық қызметтен түсетін жылдық табыстың үш жылдағы ғылыми қызметтен түсетін орташа табысқа қарағандағы өсімі

%

10

10

10

10

10

3-міндет. Университеттің адами капиталының инновациялық әлеуетін нығайту

6.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын зерттеушілердің жалпы санынан 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі

%

35

35

40

40

45

7.

Рейтингі жоғары ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар, қиыр шетелдің жоғары оқу орындарынан оқытушылық қызметке тартылған шетелдік мамандардың саны

адам

5

6

6

7

7

4-міндет. Университет қызметінің өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнықты дамуы мен әлеуметтік бағытын қамтамасыз ету

8.

Scopus дерекқорында тіркелген басылымдардағы орнықты даму мақсаттары бойынша ("Денсаулық және әл-ауқат" мақсатынан басқа) жарияланымдар саны

бірлік

9

10

11

12

13

9.

Білім алушылар мен
ОПҚ-ның университет қызметіне қанағаттануы

%

77

79

81

83

85

10.

Медициналық ақпараттық жүйелердің деректері бойынша "ҚМУ" КеАҚ клиникасы пациенттерінің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы

%

77

79

81

83

85


  "Қарағанды медицина
университеті" КеАҚ-ның
2024-2028 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
2-қосымша

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с

Іс-шаралар атауы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

Мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы "ҚМУ" КеАҚ әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту

1-міндет. Білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауды күшейту арқылы озық кадрлық қамтамасыз ету

1

QS WUR халықаралық рейтингінде үздік 700 университет тізбесіне кіретін университет әріптестермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын іске асыру

бірлік

3

3

4

4

5

2

Мамандандырылған аккредиттациясы бар білім беру бағдарламаларының үлесін ұлғайту

%

65

70

75

85

90

3

Өңірдің денсаулық сақтау кадрларына сұранысын айқындау бойынша форсайт-сессиялар өткізу

бірлік

1

1

1

1

1

4

Медициналық білім беру саласында табысты аяқталған жобалар санын ұлғайту

бірлік

1

1

2

2

3

2-міндет. Инновациялық даму моделі шеңберінде ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру

5

Сыртқы қаржыландыру шеңберінде іске асырылатын жаңа жобалар мен бағдарламалар санын ұлғайту

бірлік

5

5

6

7

7

6

Scopus базасының деректеріне сәйкес университетпен үйлестес мақалалардан дәйексөз келтірудің жалпы санын ұлғайту

бірлік

2600

3000

3500

4000

4500

7

Scopus дерекқорында тіркелген басылымдарда соңғы 5 жылда тіркелген басылымдардың орташа санына қарағанда жылдық басылым санының артуы

%

10

10

10

10

10

8

Коммерцияланған ғылыми жобалар

бірлік

0

1

1

1

2

3-міндет. Университеттің адами капиталының инновациялық әлеуетін нығайту

9

Шетелде оқудан/тағылымдамадан өткен 45 жасқа дейінгі ОПҚ үлесін ұлғайту

%

2

3

4

5

5

10

Университет бюджетінен ОПҚ біліктілігін арттыруға бөлінетін қаражат үлесін ұлғайту

%

0,3

0,3

0,4

0,5

0,5

11

Соңғы 3 жылда цифрлық дағдылар, көшбасшылық, жобалық басқару бойынша оқудан өткен ОПҚ үлесін ұлғайту

%

40

45

55

65

75

4-міндет. Университет қызметінің өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнықты дамуы мен әлеуметтік бағытын қамтамасыз ету

12

Университет бюджетінен оқу процесінде пайдаланылатын оқу базасын, зертханалық базаны жаңарту үшін бөлінетін қаражат үлесін ұлғайту

%

6

6

7

7

8

13

ТМККК және МӘМС бойынша "ҚМУ" КеАҚ клиникасы стационарында емделіп шыққан, 1000 адамға шаққанда стационарды алмастыратын көмек алған адамдар санын ұлғайту

адам/1000 адам

137

145

152

160

165

14

"ҚМУ" КеАҚ қызметкерлері мен білім алушыларының денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің өзекті мәселелері бойынша БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы сөз сөйлеуін өткізу

бірлік

11

13

13

14

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады