Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17622 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы бұйрық тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К.Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 25 қазандағы
  № 590 бұйрығына
  1-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы (бұдан әрі – Құрылым) мынадай бөлімдерден тұрады:

      1. Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) даму бағдарламасының паспорты;

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кіріспе (қысқаша аннотация және даму бағдарламасының мақсаты);

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ЖЖОКБҰ-ның қазіргі жағдайына шолу, оның жетістіктері, проблемалары мен сын-қатерлері:

      1) ағымдағы жағдайды талдау;

      2) трендтер мен сын-қатерлерді талдау;

      3) даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін және олардың ЖЖОКБҰ-ға әсерін айқындау;

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары;

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ЖЖОКБҰ стратегиялық басымдықтары:

      1) академиялық қызмет;

      2) ғылыми қызмет;

      3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының үшінші миссиясы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына жету жолдары;

      8. Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелердің сипаттамасы;

      9. Құрылымға 2-қосымшаға және 3-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен іс-шаралар жоспарын көрсете отырып, жылдар бойынша бөле отырып, бағдарламаны іске асыру барысын мониторингілеу және бағалау.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
1-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының паспорты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағдарламаның атауы


Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме


Бағдарламаны әзірлеуші


Бағдарламаның мақсаттары


Бағдарламаның міндеттері


Бағдарламаны іске асыру мерзімдері


Қаржыландыру көздері


  Жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
2-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


р/н

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1 мақсат

1.








2.








3.








4.








5.








  Жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
3-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Құрылым 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Іс-шаралардың атауы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

Аяқталу нысаны

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1 мақсат


1.









2.









3.









4.









5.









  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 25 қазандағы
  № 590 бұйрығына
  2-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының әзірлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мақсаттарын, басымдықтары мен даму стратегияларын айқындайтын құжат болып табылады және орта мерзімді сипатта болады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу тәртібі

      3. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленеді.

      4. Бағдарламаны әзірлеуді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қарауындағы мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарларының негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып әзірлеуді жүзеге асырады.

      5. Бағдарламаны әзірлеу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшылығы жұмыс тобын құрады.

      Жұмыс тобының құрамына: бірінші басшы, оның орынбасарлары, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары, сыртқы сарапшылар мен консультанттар, индустрия және қоғам өкілдері кіреді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.08.2023 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бағдарламаны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының алқалы басқару органы бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады