"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1148 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 496-1), 496-2), 496-3), 496-4), 496-5), 496-6), 496-7), 496-8) және 496-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "496-1) петицияны қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімнің нысанын әзірлеу және бекіту;

      496-2) орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының отырыстарына ақпарат пайдаланушылардың қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-3) ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын әзірлеу және бекіту;

      496-4) петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-5) петиция беруге арналған интернет-ресурсты айқындау;

      496-6) петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;

      496-7) петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;

      496-8) петицияның заңнамада белгіленген шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

      496-9) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарына петицияға қосылудың басталғаны туралы хабарлау;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 4 сәуірде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады