ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"D блогы – қосалқы персонал" деген бөлімде:
мына:
"
D | 2,94 | 2,98 | 3,01 | 3,04 | 3,08 | 3,12 | 3,16 | 3,19 | 3,22 | 3,25 | 3,29 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
D | 2,95 | 2,98 | 3,01 | 3,04 | 3,08 | 3,12 | 3,16 | 3,19 | 3,22 | 3,25 | 3,29 |
";
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1184 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 3-қосымша |
Жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер
Біліктілік разряды | Коэффициент |
1 | 2 |
8 | 3,06 |
7 | 3,00 |
6 | 2,97 |
5 | 2,93 |
4 | 2,90 |
3 | 2,86 |
2 | 2,84 |
1 | 2,81 |
Ескертпе:
Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.