Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 5.3-жол мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12) және 12.1) жолдармен толықтырылсын:
"
12) | "Тегіс Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында: | |||
12.1) | "Маңғышлақ Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
";
реттік нөмірі 6.4-жолдың реттік нөмірлері 3) және 3.1) жолдары алып тасталсын;
реттік нөмірі 9.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | 7. | "QAZAQ AIR" акционерлік қоғамы |
екі кезеңді | 2024 |
";
реттік нөмірі 8.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | 6. | "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамы, оның құрамында: | IPO | 2023-2024 |
1) | "БатысТранзит" акционерлік қоғамы |
";
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-2.4-жолмен толықтырылсын:
"
6-2. | 4. | "East Copper" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
";
"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" және "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамы" деген бөлімдер алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |