Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Испания Корольдігінің Үкiметi арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 28 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім
Бұдан әрі Уағдаласушы тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі
көрсетілетін қызметтерді орындау үшін тиісті авиакәсіпорындарына әділ және тең мүмкіндіктерді ұсынатын және әрбір Уағдаласушы тараптың заңдары мен қағидаларына сәйкес оларға бәсекелесуге мүмкіндік беретін халықаралық авиациялық жүйені нығайтуға ықпал етуге ниет білдіре отырып,
халықаралық әуе көлігінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуге ниет білдіре отырып,
халықаралық әуе көлігінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің барынша жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып және адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған актілерге немесе сын-қатерлерге қатысты өзінің елеулі алаңдаушылығын қайта мәлімдей отырып,
1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қою үшін ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары бола отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Егер мәнмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Келісімді түсіндіру және пайдалану мақсаттары үшін:
a) "Конвенция" термині 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қою үшін ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны білдіреді және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген қосымшаны және 90 және 94-баптарға сәйкес қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетулерді, Уағдаласушы тараптардың екеуі де осындай қосымшалар мен түзетулерді қабылдаған немесе ратификациялаған дәрежеде қамтиды;
b) "авиациялық биліктер" термині Қазақстан Республикасына қатысты – Көлік министрлігін, Испания Корольдігіне қатысты Көлік, ұтқырлық және қалаларды дамыту бағдарламасы министрлігін (Азаматтық авиация басқармасы) немесе екі жағдайда да – көрсетілген органдар жүзеге асыратын, осы Келісімге байланысты кез келген функцияларды орындау үшін өкілеттігі бар кез келген тұлғаны немесе органды білдіреді. Уәкілетті органдар өзгерген жағдайда, Уағдаласушы тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді;
c) "тағайындалған авиакәсіпорын" термині қосымшада көрсетілген авиациялық биліктер арасындағы техникалық келісімде белгіленген маршруттар бойынша және осы Келісімнің 3-бабына сәйкес шарттық желіні пайдалану үшін кез келген Уағдаласушы тарап тағайындаған, халықаралық әуе қатынасын орындайтын авиакәсіпорынды білдіреді;
d) "аумақ", "халықаралық әуе қатынасы" және "коммерциялық емес мақсаттарда аялдау" термині Конвенцияның 2 және 96-баптарында олар үшін белгіленген мағыналарға ие;
e) "Келісім" термині осы Келісімді, оған қосымшаларды және оларға кез келген түзетулерді білдіреді;
f) "Техникалық келісім" термині авиациялық биліктер арасында келісілген, осы Келісімді техникалық тұрғыдан дамытатын құқықтық құралды білдіреді;
g) "белгіленген маршруттар" термині осы Келісімге қосымшада көрсетілген авиациялық биліктер арасындағы техникалық келісімде айқындалған немесе айқындалатын маршруттарды білдіреді;
h) "шарттық желілер" термині осы Келісімнің талаптарына сәйкес белгіленген маршруттар бойынша орындалуы мүмкін халықаралық әуе қатынасын білдіреді;
i) "тариф" термині билеттерді сатуға және тиісті операцияларды орындауға байланысты төленетін тиіс комиссиялық алымдар секілді, жолаушыларды, багажды және жүкті (поштаны қоспағанда) тасымалдаумен бірге берілген немесе ұсынылған кез келген елеулі қосымша жеңілдіктерді қоса алғанда, осындай тасымалдау үшін төленуге тиіс бағаны білдіреді. Сонымен бірге, ол тасымалдау бағасын қолдану шарттарын және тиісті комиссияны төлеуді қамтиды;
j) "азаматтар" термині Испанияға қатысты Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары ретінде түсінілуге тиіс;
k) "ЕО шарттары" термині Еуропалық одақ туралы шартқа және Еуропалық Одақтың жұмыс істеу шартына сілтеме ретінде түсінілуге тиіс.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тарапқа техникалық келісімде көрсетілген, белгіленген маршруттарда халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыру мақсатында осы Келісімде көрсетілген құқықтарды береді.
2. Белгіленген маршруттар бойынша әуе қатынасын орындайтын, әрбір Уағдаласушы тарап тағайындаған авиакәсіпорын мынадай:
a) Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының аумағы үстінен қонбай ұшуды жүзеге асыру;
b) екінші Уағдаласушы тараптың аумағында коммерциялық емес мақсаттарда аялдау;
c) Уағдаласушы тараптың аумағына/аумағынан немесе үшінші мемлекеттің аумағына/аумағынан үйлестіріп немесе жеке-жеке халықаралық қону және жолаушыларды, жүкті немесе поштаны түсіру мақсатында техникалық келісімдегі маршруттар кестесінде көрсетілген маршруттағы (маршруттардағы) пунктте (пункттерде) аялдау құқықтарына ие.
3. Екі Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарға жатпайтын авиакәсіпорындары осы баптың 2-тармағының а) және b) тармақшаларындағы құқықтармен қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Осы Келісімде ешнәрсе бір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына екінші Уағдаласушы тараптың аумағында каботажға құқық беру ретінде қарастырылмауға тиіс.
1. Әрбір Уағдаласушы тараптың белгіленген маршруттарда шарттық желілерді орындау мақсаттары үшін екінші Уағдаласушы тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ету жолымен бір немесе одан да көп авиакәсіпорынды тағайындауға және бұрын тағайындалған авиакәсіпорынды басқа авиакәсіпорынға ауыстыруға құқығы бар.
2. Мұндай тағайындау туралы хабарламаны және тағайындалған авиакәсіпорыннан белгіленген нысан бойынша және пайдалануға рұқсат беру үшін ұйғарылған тәртіппен өтінімді алған кезде әрбір Уағдаласушы тарап осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес тиісті пайдалану растамасын және рұқсатты кідіріссіз береді.
3. Бір Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы тарап тағайындаған кез келген авиакәсіпорыннан Конвенцияның ережелеріне сәйкес осындай биліктер халықаралық әуе тасымалдарын орындау үшін әдетте және негізді қолданатын заңдар мен қағидаларда ұйғарылған шарттарды орындауға қабілетті екендігі туралы дәлелдемелерді сұрата алады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген пайдалануға рұқсаттар мынадай:
а) авиакәсіпорынды Қазақстан Республикасы тағайындаған жағдайда:
1) авиакәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификатталған; және
2) Қазақстан Республикасы осы авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауға ие болған және оны қамтамасыз еткен;
3) авиакәсіпорын тікелей немесе артықшылықты иелік ету арқылы тиесілі болған және Қазақстан Республикасы іс жүзінде бақылаған.
б) авиакәсіпорынды Испания Корольдігі тағайындаған жағдайда:
1) авиакәсіпорын Еуропалық Одақтың шарттарына сәйкес Испания Корольдігінің аумағында құрылған; және
2) Еуропалық Одақтың заңнамасына сәйкес пайдалануға жарамды лицензиясы болған; және
3) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды пайдаланушы сертификаттарын беруге жауапты Еуропалық Одаққа мүше мемлекет жүзеге асырған және қолдаған және тағайындауда тиісті авиациялық биліктер нақты анықталған жағдайда беріледі.
5. Тиісті тағайындаудан және рұқсат берілгеннен кейін авиакәсіпорын осы Келісімнің ережелері сақталған жағдайда, шарттық желілерді пайдалануды кез келген уақытта бастай алады.
1. Әрбір Уағдаласушы тараптың, егер:
a) Авиакәсіпорынды:
1) Қазақстан Республикасы тағайындаған жағдайда:
i) авиакәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында құрылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификатталмаған; немесе
ii) Қазақстан Республикасы осы авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды қамтамасыз етпеген;
iii) авиакәсіпорын тікелей немесе артықшылықты иелік ету арқылы тиесілі болмаған немесе Қазақстан Республикасы іс жүзінде бақыламаған;
2) Испания Корольдігі тағайындаған жағдайда:
i) авиакәсіпорын Еуропалық Одақтың шарттарына сәйкес Испания Корольдігінің аумағында құрылмаған; немесе
ii) авиакәсіпорында Еуропалық Одақтың заңнамасына сәйкес пайдалануға жарамды лицензия болмаған; немесе
iii) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды пайдаланушы сертификаттарын беруге жауапты Еуропалық Одаққа мүше мемлекет жүзеге асырмаған және қамтамасыз етпеген немесе тағайындауда тиісті авиациялық биліктер нақты анықталмаған кезде; немесе
iv) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одаққа мүше басқа мемлекет арасындағы екіжақты келісімге сәйкес пайдалануға рұқсат етілген авиакәсіпорын, бұл ретте Қазақстан Республикасы осы Келісім шеңберінде Еуропалық Одаққа мүше осы басқа мемлекеттегі пунктті қамтитын маршрут бойынша тасымалдауға құқықтарды жүзеге асыру арқылы өзінің аталған басқа келісіммен қолданылатын тасымалдауға құқықтарды шектеуді айналып өтетінін дәлелдей алған;
v) авиакәсіпорынды тиімді реттеушілік бақылауды Қазақстан Республикасының әуе қатынасы туралы екіжақты келісімі жоқ Еуропалық Одаққа мүше басқа мемлекет және Қазақстан Республикасы тағайындаған авиакәсіпорынға тасымалдау құқықтарынан бас тартқан Еуропалық Одаққа мүше мемлекет жүзеге асырған жағдайда.
Осы тармақ бойынша өз құқығын пайдаланған кезде Қазақстан Республикасы Испания Корольдігі тағайындаған авиакәсіпорындарды ұлттық белгісі бойынша кемсітпеуге міндеттенеді;
b) егер авиакәсіпорын осы құқықтарды берген Уағдаласушы тарап мемлекетінің заңдары мен қағидаларын сақтамаған жағдайда, немесе
c) авиакәсіпорын осы Келісімде көзделген талаптарға сәйкес шарттық желілер бойынша орындауды сақтамаған жағдайда; немесе
d) екінші Уағдаласушы тарап осы Келісімнің 11 және 12-баптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі стандарттарға сәйкес келмеген немесе оларды сақтамаған жағдайда, пайдалануға берілген рұқсатты немесе техникалық рұқсатты кері қайтарып алуға, осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген, екінші Уағдаласушы тарап тағайындаған авиакәсіпорынға берілген құқықтардың қолданылуын тоқтата тұруға немесе осы құқықтарды пайдалануға қажетті деп есептейтін осындай шектеулер қоюға құқығы бар.
2. Осы Келісімнің 11 және 12-баптарының ережелерін шектемей және осы баптың 1-тармағында аталған шарттарды дереу кері қайтарып алу, қолданысын тоқтата тұру немесе шектеу заңдар мен қағидалардың одан әрі бұзылуын болғызбау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, осы құқық екінші Уағдаласушы тараппен консультациялардан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.
1. Бір Уағдаласушы тараптың аумағына келгеннен кейін екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны халықаралық шарттық желілерде пайдаланатын әуе кемесі, сондай-ақ әуе кемесінің бортындағы оның стандартты жабдығы, отын және жағармай материалдары, техникалық шығыс материалдары, қозғалтқыштарды қоса алғандағы қосалқы бөлшектер және борттағы қорлар (оның ішінде, тамақ өнімдері, сусындар мен сигареттер), жабдықтар мен материалдар әуе кемесінің бортында олар кері экспортталатын уақытқа дейін қалатын жағдайда, қолданылатын заңнамаға сәйкес импортқа барлық шектеулерден, мүлік пен капиталға салынатын салықтардан, кедендік баждардан, арнайы салықтар мен алымдардан немесе екінші Уағдаласушы тараптың аумағында алынатын ұқсас алымдар мен басқа да баждардан немесе салықтардан тепе-теңдік негізде босатылады.
2. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді қоспағанда, мыналарды осындай салықтардан, баждардан өзара босату белгіленеді:
a) екінші Уағдаласушы тараптың халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын әуе кемесінің бортында пайдалану үшін, көрсетілген Уағдаласушы тараптың мемлекеттік органдары белгілеген мөлшер шегінде екінші Уағдаласушы тараптың аумағында бортқа әкелінген борт қорлары;
b) екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны халықаралық әуе қатынастарында пайдаланатын әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу үшін Уағдаласушы тараптардың бірінің аумағына әкелінген қосалқы бөлшектер;
c) екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын әуе кемелерін жабдықтауға арналған отын мен жағармай заттары, тіпті егер мұндай қорларды бортқа алған Уағдаласушы тараптың аумағының үстінен ұшу кезінде оларды пайдалану жоспарланса да;
d) осы тағайындалған авиакәсіпорын тегін тарататын баспа құжаттары, авиажүк құжаттар, компанияның ерекшелік белгілері басылған кез келген баспа материалдары және әдеттегі жарнамалық материалдар.
3. Стандартты борт жабдығы, сондай-ақ қандай да бір Уағдаласушы тараптардың авиакәсіпорны әуе кемесінің бортында сақталатын материалдар мен қорлар осы мемлекеттің кеден органдарының келісімін алған жағдайда ғана екінші Уағдаласушы тараптың аумағында түсірілуі мүмкін. Мұндай жағдайда олар кері әкетілгенге дейін немесе осы мемлекеттің кеден заңнамасына сәйкес басқаша пайдаланылғанға дейін аталған органдардың кедендік бақылауына орналастырылуы мүмкін.
4. Осы бапта көзделген салықтар мен алымдардан босату, егер бір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны екінші Уағдаласушы тараптың аумағында уақытша пайдалануға немесе тасымалдауға қатысты екінші Уағдаласушы тарап осындай босатуды беретін басқа авиакәсіпорынмен шарт жасаса да қолданылады.
5. Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің аумағы арқылы транзитпен өтетін жолаушылар, сондай-ақ олардың багажы қолданылатын кеден заңнамасына сәйкес белгіленген бақылауға жатады. Тікелей транзиттегі багаж бен жүк кедендік баждардан және импорттан алынатын басқа да ұқсас салықтардан босатылады.
6. Осы бапта көрсетілген материалдармен операциялар және босату Уағдаласушы тараптардың кеден заңнамасына сәйкес берілуге тиіс.
Қондырғыларын, техникалық және басқа да құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қоса алғанда, әрбір әуежайды пайдаланғаны үшін алымдар, сондай-ақ аэронавигациялық құралдарды, байланыс және қызмет көрсету құралдарын пайдаланғаны үшін кез келген алымдар Конвенцияның 15-бабына сәйкес әрбір Уағдаласушы тарап өзінің аумағында белгілеген тарифтерге сәйкес жүргізілуге тиіс, бұл ретте олар аталған әуежайды және көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін ұқсас халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын өзінің ұлттық әуе кемелері үшін белгіленген тарифтерден аспауы керек.
1. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары осы Келісімге сәйкес көрсетілетін қызметтер шеңберінде халықаралық тасымал үшін алатын тарифтер көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, пайдаланушылардың мүдделерін, орынды пайданы және басқа да коммерциялық пайымдауларды қоса алғанда, барлық тиісті факторлар тиісінше ескеріле отырып, ақылға қонымды жағдайлар шегінде белгіленеді.
2. Әрбір Уағдаласушы тарап өзінің меншікті тағайындалған авиакәсіпорны немесе авиакәсіпорындары алатын кез келген тарифті хабардар етуді немесе беруді талап ете алады. Уағдаласушы тараптардың ешқайсысы екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының қандай да бір тарифті хабардар етуін немесе беруін талап етпейді.
3. Әрбір Уағдаласушы тарапта қолданылатын бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңдарға нұқсан келтірмей Уағдаласушы тараптардың бірде-бірі осы Келісімге сәйкес көрсетілетін қызметтер шеңберінде халықаралық тасымалдар үшін екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны өндіріп алу үшін ұсынған немесе өндіріп алатын қолданыстағы тарифтің енгізілуін немесе сақталуын болғызбау үшін біржақты іс-қимыл жасамайды.
Уағдаласушы тараптардың араласуы мынадай жағдайлармен шектеледі:
a) негізсіз кемсітушілік тарифтерді немесе практиканы болғызбау;
b) тұтынушыларды үстем жағдайды теріс пайдаланудан туындаған негізсіз жоғары немесе шектейтін бағалардан қорғау;
c) тікелей немесе жанама мемлекеттік субсидиялаудан туындаған бағаларды қолдан төмендетуден авиакәсіпорындарды қорғау;
d) егер мұның бәсекелестікті жою үшін жасалатыны туралы дәлелдемелер болса, авиакәсіпорындарды бағаны қолдан төмендетуден қорғау.
4. Уағдаласушы тараптардың авиациялық биліктері тариф осы баптың 3-тармағының a), b), c) және d) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жатады деп есептеген жағдайларда, олар екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері мен тиісті авиакәсіпорнына олардың қанағаттанбауы туралы негізделген хабарлама жібереді; және осы баптың 5-тармағында белгіленген рәсімдерге сәйкес консультациялар сұрата алады.
5. Әрбір Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктеріне қанағаттанбаушылық туралы хабарлама жіберілген тарифтерді қоса алғанда, бірінші Уағдаласушы тараптың аумағына немесе аумағынан халықаралық тасымалдау үшін екінші Уағдаласушы тараптың авиакәсіпорны алатын тарифтерге қатысты консультациялар сұрата алады. Бұл консультациялар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Уағдаласушы тараптар мәселені негізді шешу үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтасуға тиіс. Егер қанағаттанбаушылық туралы хабарлама жіберілген тарифке қатысты келісімге қол жеткізілсе, әрбір Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері осы Келісімнің күшіне енуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс. Егер мұндай өзара келісімге қол жеткізілмесе, тариф қолданыла беретін болады.
6. Осы баптың ережелеріне сәйкес белгіленген тариф, егер кейіннен ол осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелеріне сәйкес қабылданбай қоймаса, күшінде қалады.
1. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына өзара негізде екінші Уағдаласушы тараптың аумағында өз офистері мен өкілдерін, сондай-ақ шарттық желілерді пайдалануға байланысты қажетті өзінің коммерциялық, пайдалану және техникалық персоналын ұстауға рұқсат етіледі.
2. Персоналға мұндай қажеттілік бір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының немесе авиакәсіпорындарының қалауы бойынша өз персоналының есебінен немесе екінші Уағдаласушы тараптың аумағында жұмыс істейтін және осы Уағдаласушы тараптың аумағында осындай қызметтерді көрсетуге рұқсаты бар кез келген басқа ұйымның, компанияның немесе авиакәсіпорынның көрсетілетін қызметтерін пайдалану жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
3. Көшіп келу саласында өкілдер мен персонал екінші Уағдаласушы тарапта қолданылатын заңдар мен қағидаларды сақтауға тиіс және осындай заңдар мен қағидаларға сәйкес әрбір Уағдаласушы тарап өзара негізде және барынша аз кідіріспен осы баптың 1-тармағында аталған өкілдер мен персоналға жұмысқа қажетті рұқсатты, уақытша визаларды және басқа да ұқсас құжаттарды береді.
4. Егер ерекше мән-жайлар персоналдың шұғыл және уақытша негізде келуін немесе үнемі болуын талап ететін болса, әрбір Уағдаласушы тараптың заңдары мен қағидаларында талап етілетін рұқсаттар, визалар және кез келген басқа құжаттар жоғарыда аталған персоналдың тиісті мемлекетке келуін кідіртпеу үшін дереу өңделеді.
5. Әрбір тағайындалған авиакәсіпорынның екінші Уағдаласушы тараптың аумағында өзінің жерде қызмет көрсетуін ұсынуға немесе өз қалауы бойынша осындай қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өнім берушімен осы қызметтерді толық немесе ішінара көрсетуге өзге де түрде келісімшарттар жасасуға құқығы бар. Бір Уағдаласушы тараптың аумағында жерде қызмет көрсетуге қолданылатын заңдар мен қағидалар осы көрсетілетін қызметтерге не дербес қызмет көрсетуге келісімшарттар жасасу еркіндігіне кедергі келтіретін немесе шектейтін жағдайларда, әрбір тағайындалған авиакәсіпорын өнім беруші немесе өнім берушілер ұсынатын дербес қызмет көрсету мен жерде қызмет көрсетуге олардың қол жеткізуіне қатысты кемсітпеушілік негізде қаралуға тиіс.
6. Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны халықаралық тасымалды жүзеге асыратын кез келген авиакәсіпорынға қатысты өзара және кемсітпеушілік негізде екі Уағдаласушы тараптың аумағында әуе көлігінің көрсетілетін қызметтерін әрбір Уағдаласушы тараптың қолданыстағы заңдары мен қағидаларына сәйкес, тікелей не агент арқылы және кез келген валютада еркін сата алады.
7. Әрбір Уағдаласушы тараптың авиакәсіпорындары сату аумағындағы шығыстардың үстінен түсетін түсімдердің артығын сату аумағынан өз аумағына еркін аудара алады. Мұндай таза аударымға әуе тасымалдарының көрсетілетін қызметтерін тікелей немесе агент арқылы жүзеге асырылған сатудан түскен кірістер, сондай-ақ қосалқы және қосымша көрсетілетін қызметтер және аударымды күту кезеңінде осындай кірістердің есебіне жазылған әдеттегі коммерциялық пайыздар енгізілуге тиіс.
8. Мұндай аударымдар екі Уағдаласушы тараптың аумағында қолданылатын кез келген фискалдық міндеттемелер үшін шектеусіз жүзеге асырылуға тиіс.
9. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына сұрау салу сәтінде қолданылатын ресми айырбас бағамы бойынша еркін айырбасталатын валютада мұндай аударымдарды жүзеге асыру үшін тиісті рұқсаттар кідіріссіз беріледі.
10. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына авиациялық биліктер арасында келісілген техникалық келісімнің шарттарына сәйкес код-шерингті пайдалануға рұқсат етіледі.
11. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына халықаралық әуе тасымалдарына байланысты Уағдаласушы тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің аумақтарындағы кез келген пункттерге немесе пункттерден кез келген жердегі тасымалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Авиакәсіпорындар өздерінің жердегі тасымалдарын жүзеге асыру немесе жердегі басқа да тасымалдаушылармен код-шерингті қоса алғанда, оны уағдаластық арқылы беру туралы шешім қабылдай алады. Мұндай интермодальдық көрсетілетін қызметтер жолаушылар мен жүкжөнелтушілер тиісті тасымалдарды жеткізушілер туралы хабардар етілген жағдайда, әуедегі және жердегі тасымалдардың екеуіне де толассыз қызмет ретінде және бірыңғай баға бойынша ұсынылуы мүмкін.
1. Әрбір Уағдаласушы тараптың халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыратын, әуе кемелерінің келуін немесе оның аумағынан кетуін немесе оның өз аумағы шегінде осындай әуе кемелерін пайдалануды реттейтін заңдары мен қағидалары әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемелеріне қолданылады.
2. Әрбір Уағдаласушы араптың аумағынан жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, багаждың, поштаның және жүктердің кіруін, орнын ауыстыруын, болуын және кетуін реттейтін заңдар мен қағидалар, сондай-ақ елге кіру және шығу талаптарына, көшіп келу, кедендік және санитариялық қағидаларға қатысты қағидалар осындай аумақта екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының іс-қимылдарына қолданылады.
1. Бір Уағдаласушы тараптың заңдары мен қағидаларына сәйкес берілген немесе расталған және әлі де қолданылып жүрген ұшуға жарамдылық сертификаттарын, құзыреттілік сертификаттарын және лицензияларды екінші Уағдаласушы тарап техникалық келісімде белгіленген шарттық желілерді пайдалану мақсаттары үшін, осындай сертификаттар мен лицензиялар берілген немесе расталған талаптар Конвенцияға сәйкес белгіленген ең төменгі стандарттарға сәйкес келген немесе одан жоғары болған жағдайда, жарамды деп таниды.
2. Әрбір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тарап өз азаматтарына өзінің әуе кеңістігінің үстінен ұшуды орындау және (немесе) өзінің аумағы шегінде қону мақсатында берген біліктілік туралы сертификаттың және куәліктің жарамдылығын танудан бас тарту құқығын сақтайды.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап кез келген уақытта ұшу экипаждарына, әуе кемелеріне және әуе кемелерін пайдалануға қатысты салаларда екінші Уағдаласушы тарап сақтайтын ұшу қауіпсіздігі нормаларына қатысты консультациялар жүргізу туралы өтінішпен жүгіне алады. Мұндай консультациялар осындай өтінішпен жүгінген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі.
2. Егер осындай консультациялардың нәтижесінде бір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тараптың осы салалардың кез келгенінде Конвенцияға сәйкес осы сәтте белгіленген кем дегенде ең төменгі стандарттарға тең ұшу қауіпсіздігі стандарттарын тиімді сақтау мен қолдануды қамтамасыз етпейтінін анықтаса, бірінші Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тарапқа ең төменгі стандарттарды орындау үшін қажетті деп есептелетін осындай тұжырымдар мен шаралар туралы хабар беруге тиіс және осыдан кейін екінші Уағдаласушы тарап тиісті түзету әрекеттерін жасайды. Егер екінші Уағдаласушы тарап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде немесе келісілген неғұрлым ұзақ кезең ішінде тиісті түзету әрекеттерін жасамаса, бұл осы Келісімнің 4-бабын (Күшін жою) қолдануға негіз болып табылады.
3. Конвенцияның 16-бабында белгіленген міндеттемелерге сәйкес, екінші Уағдаласушы тараптың аумағына немесе аумағынан ұшу үшін бір Уағдаласушы тараптың авиакәсіпорны пайдаланылатын немесе авиакәсіпорны атынан пайдаланылатын кез келген әуе кемесі екінші Уағдаласушы тараптың аумағында бола отырып, бұл негізсіз кідіріс туғызуға алып келмеген жағдайда, осы бапта "перрондық инспекция" деп аталатын жете тексеруге ұшырауы мүмкін екені келісілген. Конвенцияның 33-бабында айтылған міндеттемелерге қарамастан, осы инспекцияларды екінші Уағдаласушы тараптың уәкілетті өкілдері әуе кемесінің, экипаждың борттағы құжаттарының жарамдылығын, сондай-ақ әуе кемесі мен оның жабдықтарының көрінетін жай-күйін тексеру мақсатында әуе кемесінің бортында және оның айналасында жүргізеді.
4. Егер осындай кез келген перрондық инспекция немесе перрондық инспекциялардың сериясы:
a) әуе кемесінің өзі немесе оны пайдалану шарттары Конвенцияға сәйкес сол уақытта белгіленген ең төменгі стандарттарға сәйкес келмейді деп пайымдау үшін елеулі негіздерге,
b) Конвенцияға сәйкес сол уақытта белгіленген ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сай келетін тиімді техникалық қызмет көрсету мен әкімшілендірудің жоқ екенін болжау үшін елеулі негіздерге алып келсе, инспекция жүргізетін Уағдаласушы тараптың Конвенцияның 33-бабын іске асыру мақсатында олардың негізінде әуе кемесіне, осындай әуе кемесінің пайдаланушысына немесе экипажына қатысты сертификаттар мен куәліктер берілген немесе жарамды деп танылған талаптардың Конвенцияға сәйкес сол уақытта белгіленген ең төменгі стандарттарға сәйкес еместігі туралы қорытынды жасауға құқығы бар.
5. Осы баптың 3-тармағына сәйкес перрондық инспекция жүргізу үшін бір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны пайдаланатын әуе кемесіне осы авиакәсіпорынның өкілі рұқсат беруден бас тартқан кезде, екінші Уағдаласушы тараптың мұны осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті типтегі елеулі бұзушылық ретінде қарауға және осы тармақта аталған тиісті қорытындылар жасауға құқығы бар.
6. Егер бірінші Уағдаласушы тарап бұл перрондық инспекция немесе перрондық инспекциялардың сериясы нәтижесінде, перрондық инспекция үшін рұқсат беруден бас тартылған кезде, консультациялар нәтижесінде немесе өзге де негіздер бойынша тағайындалған авиакәсіпорын жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет деп тұжырымдаса, әрбір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорнына немесе авиакәсіпорындарына берілген қолданыстағы пайдалануға рұқсатты дереу тоқтата тұру немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
7. Осы баптың 2 немесе 6-тармақтарына сәйкес бір Уағдаласушы тарап қабылдайтын кез келген шаралар осы шараларды енгізу үшін негіздер жойылғаннан кейін күшін жояды.
8. Егер Испания Корольдігі бақылауды Еуропалық Одаққа мүше басқа мемлекет жүзеге асыратын және қолдайтын авиакәсіпорынды тағайындаған болса, осы бапқа сәйкес екінші Уағдаласушы тараптың құқықтары Еуропалық Одаққа мүше басқа мемлекеттің қауіпсіздік стандарттарын қабылдауға, қолдануға немесе қолдауға қатысты және осы авиакәсіпорынды пайдалануға рұқсат беруге қатысты тең дәрежеде қолданылады.
1. Халықаралық құқықтан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге сәйкес Уағдаласушы тараптар авиациялық қауіпсіздік және заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі бір-біріне қатысты алған міндеттеме осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтынын растайды. Халықаралық құқық бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерінің жалпы қолданылуын шектемей, Уағдаласушы тараптар, атап айтқанда, 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияның, 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қол қойылған Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы зорлық-зомбылықтың заңсыз актілерімен күрес туралы хаттаманың, 1991 жылғы 1 наурызда Монреальда қол қойылған Пластикалық жарылғыш заттарды анықтау мақсатында оларды таңбалау туралы конвенцияның, сондай-ақ Уағдаласушы тараптардың мемлекеттері бір мезгілде қатысушы болып табылатын авиациялық қауіпсіздік саласындағы кез келген басқа да халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес әрекет етеді.
2. Уағдаласушы тараптар тиісті сұрау салу негізінде азаматтық әуе кемелерін заңсыз басып алуды және осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілерді, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне кез келген басқа да қатерді болдырмауда бір-біріне қажетті барлық көмекті көрсетеді.
3. Уағдаласушы тараптар өздерінің өзара қарым-қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгілеген және Конвенцияға қосымша ретінде белгіленген авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерге сәйкес, осындай ережелер Уағдаласушы тараптардың мемлекеттеріне қолданылатын дәрежеде әрекет етеді, олар негізгі қызмет орны немесе тұрақты болатын жері Уағдаласушы тараптардың аумағында орналасқан әуе кемелерін пайдаланушылардың және Испания Корольдігі жағдайында, ЕО шарттарына сәйкес оның аумағында құрылған және Еуропалық Одақтың заңнамасына сәйкес тасымалдауды жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар пайдаланушылардың, сондай-ақ оның аумақтарында халықаралық әуежайларды пайдалануды жүзеге асыратын адамдардың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі осындай ережелерге сәйкес әрекет етуін талап етуге тиіс.
4. Әрбір Уағдаласушы тарап әуе кемесін пайдаланушы осы Уағдаласушы тараптың аумағына кіру немесе одан кету үшін немесе оның аумағында болған уақытта екінші Уағдаласушы тарап талап ететін осы баптың 3-тармағында айтылған авиациялық қауіпсіздік саласындағы ережелерді сақтауға міндетті екендігіне келіседі. Ұшып шыққан кезде немесе Қазақстан Республикасы аумағының шегінде болған уақытта әуе кемелерін пайдаланушылар осы мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерді сақтауға тиіс. Ұшып шыққан кезде немесе Испания Корольдігі аумағының шегінде болған уақытта әуе кемелерін пайдаланушылар Еуропалық Одақтың заңнамасына және Испанияда қолданылатын осы мәселе жөніндегі қағидаларға сәйкес авиациялық қауіпсіздікке қатысты ережелерді сақтауға тиіс. Әрбір Уағдаласушы тарап әуе кемесін қорғау және отырғызуға немесе тиеуге дейін және соның кезінде жолаушыларды, экипажды, қол жүгі заттарын, багажды, жүктерді және әуе кемелерін жете тексеру үшін өз аумағында тиісті шаралардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әрбір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тараптың нақты қатерге қарсы іс-қимыл жасау үшін ақылға қонымды арнайы қауіпсіздік шаралары туралы кез келген сұрау салуын тілектестікпен қарайды.
5. Азаматтық әуе кемелерін заңсыз басып алуға немесе жолаушылардың, экипаждың, әуе кемесінің, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілерге байланысты оқыс оқиға немесе оқыс оқиға қатері туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар байланысты ұсыну және осындай оқыс оқиғаның жылдам әрі ойдағыдай жолын кесу немесе оның қатерін жою мақсатында басқа да тиісті шаралар қабылдау арқылы бір-біріне көмек көрсетеді.
6. Егер Уағдаласушы тараптың екінші Уағдаласушы тарап осы баптың авиациялық қауіпсіздікке қатысты ережелерінен ауытқыды деп пайымдау үшін ақылға қонымды негіздері болса, аталған Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тараптан дереу консультациялар сұрата алады.
7. Осы Келісімнің 4-бабына (Күшін жою) нұқсан келтірмей, осындай сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қанағаттанарлық келісімге қол жеткізе алмау екі Уағдаласушы тараптың авиакәсіпорнының пайдалануға рұқсатынан немесе техникалық рұқсатынан бас тарту, кері қайтарып алу, шектеу немесе шарттар қою үшін негіз болып табылады.
8. Тікелей және төтенше қатер осыны талап еткен кезде Уағдаласушы тарап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткенге дейін уақытша әрекет жасай алады.
9. Осы Келісімнің 7-тармағына сәйкес қабылданған кез келген әрекет екінші Уағдаласушы тарап осы баптың ережелерін сақтаған кезде тоқтатылады.
Уағдаласушы тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындарына қолданылатын салық салу тәртібі 2009 жылғы 2 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның 8-бабының ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
1. Уағдаласушы тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындарына осы Келісімде белгіленген маршруттар бойынша шарттық желілерде қызметтерді орындау үшін әділ және тең мүмкіндіктер беріледі.
2. Шарттық желілерді пайдалану кезінде екі Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің тағайындалған авиакәсіпорындары ұсынатын тасымалдау сыйымдылығын және тасымалдауға құқықтарды бірлесіп белгілейді.
3. Шарттық желілерді пайдалану үшін техникалық келісімде белгіленген жиілік пен кесте екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктеріне талап етілген кезде, пайдалану басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын немесе екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері келісуі мүмкін осындай неғұрлым қысқа кезеңде хабарланады.
4. Уағдаласушы тараптардың кез келгені екінші Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары көрсететін қызметтер осы бапта көзделген талаптар мен қағидаттарға сәйкес келмейді деп есептеген жағдайларда, ол осы Келісімнің 16-бабына сәйкес, қаралатын пайдалануды зерделеу және өзара негізде қажет деп саналуы мүмкін кез келген әрекеттерді айқындау үшін консультацияларды сұрата алады.
Кез келген Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері орындары екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктеріне олардың сұрау салуы бойынша әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорны екінші Уағдаласушы тараптың аумағына немесе аумағынан шарттық желілер бойынша жүзеге асыратын тасымалдауға қатысты ақпаратты және статистикалық деректерді тағайындалған авиакәсіпорын өздерінің ұлттық авиациялық биліктеріне дайындаған және ұсынған түрде береді. Бір Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері екінші Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктерінен сұрата алатын, тасымалдауларға қатысты кез келген қосымша статистикалық деректер Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша екі Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері арасында талқылануға жатады.
Уағдаласушы тараптардың авиациялық биліктері тығыз ынтымақтастық рухында осы Келісімнің және оған қосымшаның ережелерінің орындалуын, тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мезгіл-мезгіл консультациялар жүргізетін болады.
Егер қандай да бір Уағдаласушы тарап осы Келісімнің қандай да бір ережелерін өзгерту қажет деп тапса, ол екінші Уағдаласушы тараптан консультация сұрата алады. Мұндай консультациялар авиациялық биліктер арасында талқылау немесе дипломатиялық арналар арқылы хат алмасу жолымен жүргізілуі мүмкін және сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басталуға тиіс. Уағдаласушы тараптар арасында келісілген кез келген өзгерістер осы Келісімнің 22-бабына сәйкес күшіне енеді.
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты Уағдаласушы тараптар арасында дау туындаған жағдайда, Уағдаласушы тараптар бірінші кезекте оны дипломатиялық арналар арқылы тікелей келіссөздер жолымен шешуге ұмтылады.
2. Егер Уағдаласушы тараптар келіссөздер жолымен реттеуге қол жеткізе алмаса, кез келген Уағдаласушы тараптың сұрау салуы бойынша дау үш төрешіден тұратын төрелік сотқа берілуі мүмкін, олардың біреуін әрбір Уағдаласушы тарап тағайындайды, ал үшіншісін Уағдаласушы тараптар тағайындаған екі төреші тағайындайды. Әрбір Уағдаласушы тарап бір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тараптан дауды төрелік сотта шешу туралы сұрау салумен дипломатиялық арналар арқылы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде өз төрешісін тағайындайды. Үшінші төреші екінші төреші тағайындалған кезден бастап келесі күнтізбелік
60 (алпыс) күн ішінде тағайындалады. Үшінші төреші басқа мемлекеттің азаматы болып табылады, төрелік соттың төрағасы ретінде әрекет етеді және төрелік жүргізу орнын айқындайды. Егер қандай да бір Уағдаласушы тарап белгіленген мерзімде төрешіні тағайындамаса, Уағдаласушы тараптардың кез келгені Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесінің төрағасына жағдайға байланысты төрешіні немесе төрешілерді тағайындау туралы өтінішпен жүгіне алады. Мұндай жағдайда үшінші төреші үшінші мемлекеттің азаматы болып табылуға және төрелік соттың төрағасы ретінде әрекет етуге тиіс.
3. Уағдаласушы тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес төрелік соттың төрағасы қабылдаған кез келген шешімді сақтауға міндеттенеді.
4. Әрбір Уағдаласушы тарап өзінің төрешісіне қажетті шығыстар мен сыйақыларды төлейді; үшінші төрешінің гонорары және ол үшін қажетті шығыстар, сондай-ақ төрелік қызметіне байланысты шығыстар Уағдаласушы тараптар арасында тең бөлінеді.
Осы Келісім, оған келесі кез келген өзгерістерді қоса алғанда, Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тіркелуі тиіс.
Уағдаласушы тараптардың екеуі де осы Келісім күшіне енгеннен кейін реттейтін мәселелер бойынша көпжақты халықаралық шарт жасасқан жағдайда, аталған Уағдаласушы тараптар осындай көпжақты халықаралық шарттың ережелеріне сәйкестігі мақсатында Келісімді қайта қараудың орындылығын айқындау мақсатымен консультациялар жүргізеді.
Әрбір Уағдаласушы тарап кез келген сәтте екінші Уағдаласушы тарапты дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтату бойынша өзінің шешімі туралы хабардар ете алады. Мұндай хабарлама бір мезгілде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жіберіледі. Мұндай жағдайда, егер Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабарлама осы кезең өткенге дейін өзара келісім бойынша қайтарылып алынбаса, осы Келісім екінші Уағдаласушы тарап хабарламаны алған күннен бастап 12 (он екі) айдан кейін өзінің қолданысын тоқтатады. Екінші Уағдаласушы тараптың хабарламаны алғандығы туралы растау болмаған жағдайда, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кейін ол хабарламаны алды деп есептеледі.
Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаларының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
Осыны куәландыра отырып, өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
20__ жылғы "__" __________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, испан, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте мәтіндердің барлығы теңтүпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Испания КорольдігініңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қосымша |
I бөлім
Маршруттар кестесі
Қазақстан Республикасы тағайындаған авиакәсіпорындар үшін екі бағытқа пайдаланылатын маршруттар:
Қазақстан Республикасындағы пункттер – аралық пункттер – Испания Корольдігіндегі пункттер – шет елдердегі пункттер.
Испания Корольдігі тағайындаған авиакәсіпорындар үшін екі бағытқа пайдаланылатын маршруттар:
Испания Корольдігіндегі пункттер – аралық пункттер – Қазақстан Республикасындағы пункттер – шет елдердегі пункттер.
Жалпы ескертпелер:
1. Тағайындалған авиакәсіпорындар осы қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген желілердегі бір немесе бірнеше пункттерді, ұшу авиакәсіпорынды тағайындаған Уағдаласушы тараптың аумағында басталған немесе аяқталған жағдайда, өз желілеріндегі толық немесе ішінара тәртіпті өзгертуі немесе өткізіп жіберуі мүмкін.
2. Әуе еркіндігінің 5-ші дәрежелі құқықты пайдалану техникалық келісімде екі Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері арасында келісілуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы және Испания Корольдігінің аумағындағы осы қосымшаның I бөлімінде көрсетілген пункттер, сондай-ақ әуе кеңістігі еркіндігінің 5-ші дәрежесінсіз пайдалануға жататын екі бағыт бойынша белгіленген аралық пункттер мен шет елдердегі пункттер техникалық келісімде екі Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктермен келісілуге тиіс.
4. Әрбір Уағдаласушы тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары авиациялық биліктермен алдын ала келісілген пункттер арасында еркін таңдай алады және екі Уағдаласушы тараптың авиациялық биліктері ұшуды іске қосқанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өздерінің ұшулары туралы хабардар ете алады. Осылайша, бекітілген тармақтар алдын ала ауыстырылуы мүмкін.