ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш";
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |