Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 111-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы 15 маусымдағы
№ 476 қаулысымен
бекітілген

Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2024 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Субсидияланатын жұмыс орындарының атауы

Сипаттамасы

Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар

Субсидияның бір айдағы мөлшері (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде)

Жалақыны субсидиялау мерзімі







1

2

3

4

5

6

1

Қоғамдық жұмыстар

Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері

1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) мына әлеуметтік мәртебелердің бірінің болуы:
- жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;
- оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
- өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар

кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш

12 айдан аспайды

2

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыс беруші мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн құратын олардың жалақысы субсидияланатын арқылы құратын жұмыс орындары

1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) жұмыссыз ретінде тіркелу

жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды

12 айдан аспайды

3

Жастар практикасы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен кейін 5 (бес) жыл ішінде;
3) меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;
4) жұмыссыз ретінде тіркелу

30 айлық есептік көрсеткіш

12 айдан аспайды

4

"Алғашқы жұмыс орны" жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары

Алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) жұмыс тәжірибесінің болмауы;
3) жұмыссыз ретінде тіркелу

30 айлық есептік көрсеткіш

18 айдан аспайды

5

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары

Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға жоба

1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен 3 (үш) жыл ішінде;
4) жұмыссыз ретінде тіркелу

30 айлық есептік көрсеткіш

6 айдан аспайды

6

"Күміс жас" жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары

50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба

1) жасы: 50 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) жұмыссыз ретінде тіркелу

жұмыстың бірінші жылы
(1-ші айдан бастап 12-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің
70%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды,
жұмыстың екінші жылы
(13-ші айдан бастап
24-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен
65%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды,
жұмыстың үшінші жылы
(25-ші айдан бастап
36-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен
60%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды

36 айдан аспайды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады