Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 58 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысаналары мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суармалы су мен ауыз су беру болып айқындалсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп кәсіпорынға берілетін жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады