Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 175-12), 175-13), 175-14), 175-15), 175-16), 175-17) және 175-18) тармақшалармен толықтырылсын:
"175-12) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
175-13) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
175-14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
175-15) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
175-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартып отырады;
175-17) кәсіптілік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптілік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптаушы, салалық біліктілік шеңберлері негізінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды әзірлейді, бекітеді және (немесе) жаңартып отырады;
175-18) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 176-1) тармақшамен толықтырылсын:
"176-1) өртті зерттеуді ұйымдастырып, оның туындау себептері мен ошақтарын анықтайды;";
мынадай мазмұндағы 219-1) тармақшамен толықтырылсын:
"219-1) объектінің өртке қарсы қорғау жүйелері мен элементтерін аспаптық әдісті қолдана отырып тексеруді ұйымдастырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |