Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 204 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысында мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесінде:

      1-тармақтың 21) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалған республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      2-тармақтың 21) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:

      1) "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады