Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын.
2. "Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 352 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |