"Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 250 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу тоқтатыла тұрған, қайта басталған және тоқтатылған жағдайларда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, қайта басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады