Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 104 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2023 № 1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алушы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған және уәкілетті органға өтініш берген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;

      3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына төленетін ай сайынғы төлем;

      4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.12.2023 № 1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-тарау. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау

      3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2023 № 1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінішті Конституциялық заңда көзделген ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алуға құқық туындаған кезде береді.

      Өтініш беру мерзіммен шектелмейді.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) түпнұсқамен салыстыру кезінде уәкілетті органның мөртаңбасымен куәландырылған өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

      2) зейнетақы төлемін алушы болып табылатын тұлғалар үшін түпнұсқасымен салыстыру кезінде уәкілетті органның мөртаңбасымен куәландырылған зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәлік көшірмесі;

      3) шот нөмірі туралы мәліметтер.

      6. Уәкілетті орган өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналында (бұдан әрі – есепке алу журналы) қағаз және электрондық жеткізгіште тіркейді.

      Тиісті құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс ресімделмеген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келтіруді ұсынады.

      Егер өтініш беруші өтінішті осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде талаптарға сәйкес келтірмесе, уәкілетті орган оны қайтарады.

      7. Уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алуға үміткер әрбір өтініш берушіге мынадай құжаттардан іс қалыптастырады:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың өтініш беруші ұсынатын, уәкілетті органның мөртаңбасымен расталған көшірмесі;

      3) зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын тұлғалар үшін зейнетақы төлемін алушының мәртебесін растайтын куәліктің түпнұсқасымен салыстырылған, уәкілетті органның мөртаңбасымен расталған көшірмесі;

      4) шот нөмірі туралы мәліметтер;

      5) уәкілетті орган ұсынатын, өтініш берушінің өкілеттіктері тоқтатылғанын растайтын құжат;

      6) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын, судьяның есептелетін өмір бойғы қамтылымы мөлшерінің есебі.

      8. Уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берілген күнге өмір бойғы ай сайынғы қамтылым мөлшерін көрсетіп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды шығарады.

      Қорытынды, қалыптастырылған іс және өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау/тағайындаудан бас тарту туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның басшысына беріледі, ол үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      9. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындаудан бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіге бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда хабарлайды.

      10. Уәкілетті орган өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.04.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Конституциялық Сот судьясы ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қатар ала алмайды.

      12. Конституциялық Сот судьясының жеке зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2023 № 1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Тегі, аты немесе әкесінің аты, шот нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы көрсетілген өзгерістер болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде растайтын құжаттар бар өтінішті уәкілетті органға іс материалдарына қоса тіркеу үшін тапсырады.

3-тарау. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді жүзеге асыру

      14. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алушы уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын тұлғалар үшін өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді уәкілетті орган мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемі және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырады.

      15. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді уәкілетті орган өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрық негізінде өтініш берушінің банк шотына не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы өтініш берушінің шотына жүзеге асырады.

      16. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым мөлшері тағайындалған және өзгерген кезде тиынмен есептелген барлық сома тиын сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.

4-тарау. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеуді тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату

      17. Конституциялық Сот судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға байланысты лауазымды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқарған жағдайда тоқтатыла тұрады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқару тоқтатылған жағдайда Конституциялық Сот судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу қайта басталады.

      18. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату уәкілетті органның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      19. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу қайтыс болған ай қоса есептеліп жүзеге асырылады.

      20. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 39-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылдайды.

      21. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу тоқтатыла тұрған, қайта басталған және тоқтатылған жағдайларда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, қайта басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.04.2024 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу туралы мәліметтердің есебін жүргізу

      22. Уәкілетті орган өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату, сондай-ақ уәкілетті орган қабылдаған шешімдер туралы мәліметтердің есебін қағаз және электрондық жеткізгіште есепке алу журналында жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясына өмір бойғы
ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Соты
Аппаратының басшысына
__________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен ____________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
мекенжайы: ______________
_________________________

ӨТІНІШ

      Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы ретінде маған өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындауды (тоқтата тұруды/қайта бастауды) сұраймын.

      Көрсетілген лауазымнан:

      Қазақстан Республикасы Президентінің 20__ жылғы "__" ______ № ___ Жарлығы;

      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының 20_ жылғы "_" ____ № __ қаулысы;

      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің 20__ жылғы "__" __ № ___ қаулысы негізінде босатылдым.

      (керектісін толтырыңыз)

      Өтінішке:

      1. ______________________________________________________

      2. ______________________________________________________

      3. _______________________________________________________

      4. _______________________________________________________ қоса беремін.

      Өзім ұсынған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілік аламын.

      Барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.

      Бұрын басқа ведомстводан зейнетақы төлемі тағайындалғанын/ тағайындалмағанын хабарлаймын.

      (керектісінің астын сызыңыз)

      Менің жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы ____ 20 __ ж. "__"________

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясына өмір бойғы
ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
2-қосымша

Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату туралы мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналы

      ____жылғы "___" ___ аяқталды. ____жылғы "___"________басталды

Р/ с№

Өтініш берілген күн

Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Өтініш берушінің туған күні

ЖСН

Тұрғылықты жері

Конституция-лық Сот судьясының өкілеттіктері тоқтатылған күн

Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым мөлшері

Төлеу тоқтатып қойылған/ қайта басталған күн

Төлем тоқтатылған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Журналда ______________________________ парақ нөмірленді және тігілді.
(цифрмен және жазумен)

      Уәкілетті органның басшысы ___________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясына өмір бойғы
ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
3-қосымша

Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру, қайта бастау), тоқтату не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды

      20__ жылғы "__" _______ №________

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан

      Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес

      _________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу

      мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Сотының судьясы ретінде 20 __ жылғы "__" ____ бастап ____ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындалсын.

      2. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындаудан _____

      __________________________________ бас тартылсын.
(бас тарту негізі)

      3. 20 __ жылғы "__" _________ бастап _____ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу_________________

      ________________________________________ тоқтатыла тұрсын.
(тоқтатыла тұру негізі)

      4. 20 __ жылғы "___" _________ бастап ___ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу ____________

      ____________________________ қайта басталсын.

      (қайта бастау негізі)

      5. 20__ жылғы "___" ________ бастап ай сайынғы өмір бойғы қамтылым

      төлеу ______________________________________ тоқтатылсын.
(тоқтату негізі)

      Уәкілетті органның басшысы ___________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьясына өмір бойғы
ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру/қайта бастау), төлеуді тоқтату туралы хабарлама

      Тегі ___________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)__________________________________________

      Тұрғылықты (нақты) мекенжайы ___________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:

      № _____________________________________________________________

      Қашан және кім берген 20__ ж. _______ "___" _____________

      ЖСН _________________________________________________

      Уәкілетті органның 20__ ж. "___" _______ № ____ бұйрығы

      20__ жылғы "___" ______ бастап Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Конституциялық Соттың судьясына ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төлеу тағайындалды (тоқтатып қойылды/қайта басталды), тоқтатылды.

      ____________________________________________________________________

      Банктің (ұйымның) деректемелері және алушының шот нөмірі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Банктің (ұйымның) БСН __________________________________________.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы

      төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тоқтату

      немесе тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Уәкілетті органның басшысы _____________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады