"2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 328 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер

      2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3 және 11-баптарын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

"ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСТІК ЖАРНАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

      Үндістан Республикасы – 5,9%

      Иран Ислам Республикасы – 5,8%

      Қазақстан Республикасы – 16,4%

      Қытай Халық Республикасы – 19,1%

      Қырғыз Республикасы – 8,2%

      Пәкістан Ислам Республикасы – 5,9%

      Ресей Федерациясы – 19,1%

      Тәжікстан Республикасы – 6%

      Өзбекстан Республикасы – 13,6%".

2-бап

      Осы Хаттама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы олардың төртінші жазбаша хабарламасын депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған мемлекеттер үшін осы Хаттама мұндай рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

3-бап

      ШЫҰ Хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      2023 жылғы 26 қазанда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Үндістан Республикасы үшін Иран Ислам Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Қытай Халық Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін Пәкістан Ислам Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
      Өзбекстан Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады