Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 және "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 370 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 405-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "405-5. "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      2) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) балаларды алты жастан бастап тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданбай қабылдау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 133-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "133-1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 235-37) тармақшамен толықтырылсын:

      "235-37) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басқару, әкімшілік және көмекші персоналының штат санын және штат кестесін өзгерту тәртібін айқындау;";

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады