2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 393 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі  комитетін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 393 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі  комитетін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

      2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетін құру туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабы 2-тармағының және 7-бабының негізінде

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:

1-бап

      1. Келісімнің кіріспесінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі мемлекет халықтарының игілігі үшін Тараптардың түрлі салалардағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін ілгерілету мақсатында,".

      2. Келісімнің 4-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар Комитет шеңберiнде мынадай Кiшi комитеттер (бұдан әрi "Кiшi комитеттер" деп аталады) құрады:

      1) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Сауда және интеграция министрлiгi; Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Коммерция министрлiгi.

      2) Көлiктiк ынтымақтастық жөнiндегi кіші комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Көлiк министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Көлiк министрлiгi.

      3) Өткiзу пункттерi арасындағы және кеден iсi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Бас кеден басқармасы.

      4) Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ғылым және жоғары білім министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Ғылым және технологиялар министрлiгi.

      5) Қаржылық ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ұлттық Банк; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Қытай Халық банкi.

      6) Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Энергетика министрлігі; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Мемлекеттік Энергетика басқармасы;

      7) Геология және жер қойнауы саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Табиғи ресурстар министрлігi.

      8) Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Мәдениет және ақпарат министрлігі; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Мәдениет және туризм министрлiгi.

      9) Қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Сыртқы iстер министрлігі; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Сыртқы iстер министрлiгi.

      10) Теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Көлiк министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Бас теміржол басқармасы.

      11) Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ауыл шаруашылығы министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі.

      12) Инновациялар саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Ғылым және технологиялар министрлiгi.".


2-бап

      1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Хаттаманың қолданысы Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатылады.

      2024 жылғы "___" ________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады