"Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 406 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) объектіні тексеру – объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан объектіні зерделеу жөніндегі іс-шаралар кешені;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін әзірлеу, бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған кезде, қажет болса:

      1) өтінімдерге сәйкес объектілер туралы қосымша ақпарат сұрата алады;

      2) өтінім жоқ объектілерде олардың өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізе алады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Объектіні тексеруді терроризмге қарсы комиссия аппараты (бөлімі) ұйымдастырады.

      Объектіні тексеру жөніндегі комиссия құрамына тексерілетін объектінің мақсатына орай мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушы органдардың, ұйымдардың (келісу бойынша) өкілдері жұмылдырылуы мүмкін.

      Объектіні тексеру оның өлшемшарттарға сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін белгілеу мақсатында объектіге бару және (немесе) объект туралы ақпарат сұрату (объектілердің меншік иелерінен, иеленушілерінен, басшыларынан не олардың өкілдерінен сұратылады) арқылы жүзеге асырылады. Тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысанда объектіні өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру актісі жасалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өлшемшарттардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір концентрацияда адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

      2) есептік алаң – онда орналасатын барлық үй-жайлар алаңының жиыны, бұған дәліздер, тамбурлар, өтпелер, саты өткелдері, лифт шахталары, ішкі ашық сатылар, сондай-ақ инженерлік жабдықтар мен инженерлік желілерді орналастыруға арналған үй-жайлар кірмейді;

      3) көпшілікке арналған құрлысжайлар – адамдардың болуына және (немесе) олардың әртүрлі сұранысын қанағаттандыруға арналған әрі тізбесі жеке-дара айқындалмаған тұлғалар еркін кіріп-шыға алатын ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар не олардың бөліктері;

      4) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының объектілері – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның объектілері;

      5) сауда алаңы – сауда объектісінің тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және тауарлар сатқан кезде сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуіне арналған арнайы жабдық қойылған алаңы;

      6) спорттық атыс бойынша спорт клубтары – жабық (жабылған) тирлер, жартылай ашық тирлер, ашық тирлер (атыс орындары), стендтер.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, олардың ведомстволарының, құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;";

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының объектілері;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қирауы (қызметінің бұзылуы) жаһандық, өңірлік немесе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін су шаруашылығы объектілері (гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын гидротораптар, шлюздер, бөгеттер, су алу құрлысжайлары);";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) байланыс, телекоммуникация, телерадио хабарларын тарату объектілері (Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату дирекциясының техникалық орталықтары, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан радиотелевизиялық станциялар);";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілері;"

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп сауда объектілері. Сауда алаңына қарамай аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі саудасы жүзеге асырылатын объектілер;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бір уақытта 500 (бес жүз) және одан көп адам болады (сыяды) деп есептелген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрлысжайлары. Сыйымдылығына қарамай спорттық атыс бойынша спорт клубтары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер Министірі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 406 қаулысына
1-қосымша
Объектілерді террористік
тұрғыдан осал объектілерге
жатқызу қағидаларына
1-қосымша

Объектіні (объектілерді) ___________ (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне (тізбесінен) қосу және (немесе) шығару туралы өтінімі

      1. "Аумақтық тізбеге қосу ұсынылатын объектілер туралы ақпарат" бөлімі (қажетіне қарай толтырылады)

      ________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер орналасқан:

Р/с №

Объектінің атауы (толық және қысқартылған (бар болса), ұйымдық-құқықтық нысаны

Заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе заңды негізде объектіге иелік ететін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері

Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат

Объект қызметінің жалпы бағыты

Ведомстволық тиесілігі (мемлекет меншігіндегі объектілер үшін) немесе салалық тиесілігі (жеке меншіктегі объектілер үшін) туралы ақпарат

Байланыс деректері (объектінің, оның басшылығының электрондық пошта жәшігінің ресми мекенжайы, ұялы телефондардың, қалалық телефон желісі телефондарының нөмірлері)

Ескертпе (объектінің ерекшелігі, оның ішінде адамдар көп жиналатын объектілер үшін объектінің сыйымдылығы, объект тобы (бар болса), басқа)

Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт

1









..









      2. "Аумақтық тізбеден шығару ұсынылатын объектілер туралы ақпарат" бөлімі (қажетіне қарай толтырылады)

      ________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында аумақтық тізбеден шығару ұсынылатын объектілер орналасқан:

Р/с №

Объектінің атауы (толық және қысқартылған (бар болса), ұйымдық-құқықтық нысаны

Заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе заңды негізде объектіге иелік ететін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері

Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат

Байланыс деректері (объектінің, оның басшылығының электрондық пошта жәшігінің ресми мекенжайы, ұялы телефондардың, қалалық телефон желісі телефондарының нөмірлері)

Шығару себебі (объектіні пайдалануды тоқтату және (немесе) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, оның өлшемшарттарға сәйкестігінің жоғалуына әкелуі, басқалар)

Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт

1






..






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 406 қаулысына
2-қосымша
Объектілерді террористік
тұрғыдан осал объектілерге
жатқызу қағидаларына
  1-1-қосымша

______________ (объект атауы) террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға оның сәйкестігі тұрғысынан объектіні тексеру актісі

      ______________________ мекенжайында (нақты мекенжайын көрсету) орналасқан

      __________________ объектісі (объектінің толық және қысқартылған атауы) Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген

      террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі –

      өлшемшарттар) сәйкестігі тұрғысынан тексерілді.

      Тексеру барысында _________________________________________________________

      (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық

      маңызы бар қаланың) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық

      маңызы бар қала) әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның мына

      құрамындағы өкілдері:___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      объект: _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ___________________________________ (өлшемшартқа сәйкес объектіні террористік

      тұрғыдан осалға жатқызу туралы шешім қабылдау үшін маңызы бар ерекшелігі

      көрсетіледі: қарамағында объект бар мемлекеттік органның атауы (мемлекеттік

      объектілер үшін); қызмет саласы (қажет болса); объект алаңы; сыйымдылығы және

      басқа) анықтады.

      Комиссия мүшелері:

      __________________________ (қолы) _____________ Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________ (қолы) _____________ Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________ (қолы) _____________ Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________ (қолы) _____________ Т.А.Ә. (бар болса)

      _____ жылғы "____" ___________ (тексеру жүргізілген күн).

      Объектінің меншік иесі, иеленушісі немесе оның заңды өкілі:

      _________ (қолы) __________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 406 қаулысына
3-қосымша
Объектілерді террористік
тұрғыдан осал объектілерге
жатқызу қағидаларына
  2-қосымша

_________________________________________________(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі1

Р/с №

Объектінің атауы (заңды/жеке тұлғалар)

Объектінің заңды мекенжайы

Объектінің нақты мекенжайы

Мемлекеттік органға ведомстволық / салалық тиесілігі
(бар болса)

Ескертпе (объекті тобы (бар болса) адамдар көп жиналатын объектілер үшін сыйымдылығы және басқалары)

1

2

3

4

5


1. Аса маңызды мемлекеттік объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары

1






2






1-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.


2.Стратегиялық объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері

Жатқызылу өлшемшарттары

3






4






2-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

3. Қауіпті өндірістік объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары













3-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

4. Адамдар көп жиналатын объектілер

Жатқызылу өлшемшарттары
































4-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______.

Объектілердің жалпы саны _______.

      __________________________________

      1 Тізбе қосымшаға сәйкес кесте нысанында мемлекеттік тілде және орыс тілінде бекітіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесінің нөмірленуі тізбе шегінде рет-ретімен болуға тиіс.

      Ескертпе:

      1. Объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған кезде:

      1) құқық иесі объектілерді пайдаланатын бір орган немесе ұйым болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге бір объект ретінде енгізілуге тиіс;

      2) құқық иеленушілері объектілерді пайдаланатын әртүрлі органдар немесе ұйымдар болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;

      3) құқық иесі бір орган немесе ұйым не объектілерді пайдаланатын тұлға болып табылатын, аумақтық тұрғыдан қашық және (немесе) технологиялық және техникалық жағынан өзара байланысты емес алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;

      4) егер ұйым өлшемшартқа сәйкес келсе және бұл ретте пайдаланылатын объектінің меншік иесі немесе өзге де заңды құқық иеленушісі болып табылмаса, онда ұйым және пайдаланылатын объект (оның орналасқан жері) террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне бір объект ретінде енгізіледі.

      2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелері толтырылғаннан кейін, егер оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құпиялылық белгісі берілмесе, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар болып табылады және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болады.

      3. Аумақтық тізбе бекітілгеннен, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне құқықтық актінің бір-бір данасы жіберіледі;

      2) тиісті үзінді берілген өтінімдерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне жіберіледі.

      4. Объектінің тобы қарамағында объект бар не қызмет саласында объект қызмет ететін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін ведомстволық/салалық Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады