Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 407 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте көздеген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 80-1 және 80-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "80-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.

      80-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.";

      206-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 227-1-тармақпен толықтырылсын:

      "227-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 224-1 және 224-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "224-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      224-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 269-1 және 269-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "269-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      269-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 407 қаулысына
1-қосымша

Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Катонқарағай аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Күршім аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша қазынашылық департаментінің Үржар аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің Түрксіб аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 407 қаулысына
2-қосымша

Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қатонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады