Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 427 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар

      Кіріспе

      Бүкіл әлемде тұқыммен қамтамасыз ету елдің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Қазақстанды өз тұқымымызбен қамтамасыз ету – басым міндеттердің бірі. Бүгінде Қазақстанның тұқым шаруашылығы жүйесі бұзылған, осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындар бытыраңқы.

      Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары бойынша импортқа тәуелділігі жоғары ел және бұл факт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуде. Жеміс-жидек дақылдары, жаңғақ, көкөніс, бақша, картоп және қант қызылшасы сияқты дақылдар бойынша отандық селекция тұқымымен қамтамасыз етілу 10 %-дан төмен.

      Климаттық жағдай жылдам құбылатын қазіргі уақытта отандық селекция мен тұқым шаруашылығы жүйесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ауру мен стрестік жағдайларға төзімді, тұрақты сорттармен қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты елдегі егіс алаңдарының жалпы көлеміндегі элиталық тұқымның үлес салмағы 7,1 %-ды құрайды, бұл Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне қарағанда 2 есеге аз, оларда бұл көрсеткіш 15-18 %-ды құрайды.

      Анықтама: тұқымдардың дақыл топтары бойынша жыл сайынғы қажеттілік: дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақты дақылдар бойынша – 2,0 млн тонна, майлы дақылдар бойынша – 87 мың тонна, жемшөп дақылдары бойынша – 23 мың тонна, картоп бойынша – 289 мың тонна. Қазақстанда аттестатталған бірегей және элиталық 284 тұқым өндіруші жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінде пайдалануға ұсынылған ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық селекцияның 868 сорты тіркелген. Республикада ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялаумен 27 селекциялық мекеме айналысады. Осылайша, соңғы 5 жылда (2018 – 2022 жылдар) ғылыми және селекциялық жұмыстарды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде отандық селекционер-ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының 100-ден астам сорттары мен гибридтерін жасап шығарып, Мемлекеттік сорттық сынақтан өткізуге тапсырды.

      Елімізде селекция және тұқым шаруашылығы бойынша кадрларды даярлау мен олардың жаңару деңгейі өте төмен. Селекция және тұқым шаруашылығы жүйесіне жас кадрлар мүлдем келмейді десе де болады, селекционерлердің орташа жасы 61 жасты құрайды.

      Сонымен қатар селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанның мүмкіндігі зор. Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар, суармалы жерлердің болуы, ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының экспорттық нарықтарының жақын болуы еліміздің табиғи бәсекелестің артықшылықтары болып табылады.

      Мемлекет басшысы бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту, селекция және тұқым шаруашылығы субъектілерінің жабдықтарын жаңарту, аграрлық ғылымды ынталандыру және дамыту, оны ауыл шаруашылығында практикалық қолдану жөнінде шаралар қабылдауды және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын тігінен сатылас интеграцияланған aгротехнологиялық хабқа айналдыруды тапсырды.

      Осы тапсырманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2024 2028 жылдарға арналған осы кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді.

      Кешенді жоспарды іске асыру селекция мен тұқым шаруашылығының заңнамалық және нормативтік базасын одан әрі жетілдіруге, селекция мен тұқым шаруашылығы субъектілерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, осы салаға жас кадрлардың келуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, тұқым шаруашылығының үйлесімді жүйесін құруға, сондай-ақ тұқымдарды қадағалаудың цифрлық жүйесін әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, селекция мен тұқым шаруашылығының жетекші әлемдік ғылыми орталықтарымен ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жасау және өсімдіктердің үздік шетелдік сорттарын біздегі жағдайға бейімдеу бойынша бірлескен жұмысты дамыту көзделген.

      Кешенді жоспарды іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 63,4 млрд теңгені құрайды.

      Нәтижесінде аграрлық сектор отандық селекцияның бәсекеге қабілетті тұқымдары мен отырғызу материалының қажетті көлемімен қамтамасыз етіліп, шетелдік тұқымдар импортына тәуелділікті төмендетеді.

      Кешенді жоспарды іске асыру 2028 жылға қарай: ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сорты мен гибридін, оның ішінде:

      дәнді дақылдардың 33 сорты мен гибридін, оның ішінде: бидайдың 16 сортын (жаздық, қысқы; жұмсақ, қатты), тритикаленің 1 сортын, арпаның 8 сортын, сұлының 2 сортын, күріштің 2 сорты, құмайдың 2 сорты мен жүгерінің
2 гибридін;

      дәнді бұршақ дақылдарының 10 түрін, оның ішінде 3 ноқат сортын, 3 жасымық сортын, 3 бұршақ сортын, 1 үрме бұршақ сортын;

      техникалық дақылдардың 3 сорты мен гибридін, оның ішінде қант қызылшасының 2 гибридін, 1 мақта сортын;

      майлы және жарма дақылдарының 16 сорты мен гибридін, оның ішінде 3 соя сортын, 2 күнбағыс гибридін, 2 зығыр сортын, 4 мақсары сортын, 1 көктемгі рапс сортын, 3 тары сортын, 1 қарақұмық сортын;

      картоп пен көкөніс дақылдарының 17 сорты мен гибридін, оның ішінде 3 картоп сортын, шалот пиязы, қысқы сарымсақ сортын, қызанақ сортын, қияр сортын, қырыққабат сортын, тәтті бұрыш сортын, қарбыз сортын, 3 қауын сортын, сәбіз сортын, асхана қызылшасы сортын, ақжелкен сортын, кориандр сортын;

      жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 8 сортын;

      жемшөп дақылдарының 21 сорты мен гибридінің, оның ішінде жоңышқа, эспарцет, еркекшөп, тәтті беде, сұр бидай шөбі, изен, бөтеге, жүгері, сүрлемдік, судан шөбінің сортын шығарып, сынақтан өткізуге;

      элиталық тұқымдарды пайдалану үлесін 7,1 %-дан 14,4 %-ға дейін арттыруға;

      біздегі табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген отандық селекция тұқымы себілген егіс алқаптарының үлесін 2028 жылға қарай 51,3 %-дан 78,2 %-ға дейін ұлғайтуға;

      кем дегенде 3 жетекші әлемдік селекция және тұқым шаруашылығы ғылыми орталықтарымен бірлескен жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарының үлесі (%)


Область

2023 ж.

2024 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2027 ж.

2028 ж.

Абай

7,5

8,3

9,6

11,1

13,1

15,3

Ақмола

6,3

10,0

11,2

12,5

13,7

15,1

Ақтөбе

4,6

5,9

6,6

7,4

8,3

9,0

Алматы

1,6

3,5

4,8

6,3

8,3

10,9

Шығыс Қазақстан

12,7

12,9

14,2

15,7

17,7

19,9

Жамбыл

0,7

5,9

7,2

8,7

10,7

13,0

Жетісу

2,5

2,6

2,9

3,1

3,3

3,5

Батыс Қазақстан

0,4

3,4

4,7

6,2

8,2

10,4

Карағанды

10,2

10,0

11,3

12,8

14,8

17,1

Қостанай

5,6

10,0

11,2

12,5

13,7

15,0

Кызылорда

1,7

2,5

3,8

5,3

7,3

9,7

Павлодар

15,9

16,2

16,4

16,8

17,0

17,8

Солтүстік Қазақстан

9,8

10,0

11,2

12,5

13,7

15,0

Түркістан

6,9

7,3

8,6

10,1

12,1

14,5

Ұлытау

5,7

10,0

11,3

12,8

14,8

17,1

Жиыны

7,1

9,4

12,7

15,9

15,1

14,7


Р/с

Іс-шара атауы
 

Аяқтау нысаны
 

Орындау мерзімі
 

Жауапты орындаушылар
 

Қаржыландыру
көлемі
 

Қаржыландыру көздері
 

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтиже:
1. Біздегі табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген отандық селекция тұқымы себілген еліміздегі егіс алқаптарының үлесін арттыру (%):

2023 ж.

2024 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2027 ж.

2028 ж.

51,7 %

53,2 %

62,2 %

69,8 %

77,3 %

78,2 %

 
2. Отандық селекцияның басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін арттыру (ц/га):

Дақылдар атауы

2024 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2027 ж.

2028 ж.

1

Бидай

12,6

13,8

15,0

16,2

20,0

2

Арпа

15,1

15,9

16,7

18,3

21,0

3

Күнбағыс

12,1

12,6

13,2

14,6

16,8

4

Картоп

206,0

215,6

226,4

249,0

286,4

5

Қант қызылшасы

358,3

376,2

395,0

434,6

499,7

6

Жоңышқа

20,3

21,3

22,4

24,6

28,3

7

Пияз

298,6

313,6

329,2

362,1

416,4

8

Сәбіз

290,2

304,1

319,9

351,9

404,7

9

Ақбас қырыққабат

274,5

288,2

302,6

312,7

359,6

10

Алма

82,8

86,9

91,3

100,4

115,5

 

1. Селекция мен тұқым шаруашылығының заңнамалық базасын жетілдіру

1

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" және "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

АШМ

талап етілмейді



Аграрлық ғылым жүйесін зерттеу қызметінің заманауи әдістеріне көшіру және білім беру бағдарламаларын жаңарту

2.

Жарғылық капиталын МИЖ арқылы ұлғайту жолымен "ҰАҒББО" КеАҚ ЕҰ (ҒЗИ, ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары, селекция және тұқым шаруашылығы бойынша қызметті жүзеге асыратын тәжірибелік шаруашылықтар) материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту
 

ғылыми ұйымдарды ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықпен жарақтандыру

жыл сайын

АШМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, Қаржымині

51709161 мың теңге, оның ішінде:
2025 ж.– 13395543 мың теңге
2026 ж. – 15116859 мың теңге
2027 ж. – 15016904 мың теңге
2028 ж. – 8179855 мың теңге

РБ

3

Жетекші шетелдік ғылыми ұйымдардың базасында селекция саласындағы ғылыми кадрларды жыл сайын даярлау бойынша ұсыныс әзірлеу және дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

жыл сайын

АШМ

талап етілмейді


4

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін селекциялау және тұқым шаруашылығы бойынша білім беру бағдарламаларын ұдайы жаңартып тұру

ҒЖБМ тізіліміне енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламалары

жыл сайын

АШМ, ҒЖБМ

талап етілмейді


5

ҒТБ іске асыруға қатысу арқылы селекция саласына жас мамандарды тарту

ҒТБ зерттеу тобының жалпы штат санының
кемінде 50 %-ы 35 жастан аспаған жас ғалым-селекционерлер

жыл сайын

АШМ, ҒЖБМ, ЖАО

2024 – 2026 жылдары БНҚ іске асыру шеңберінде

РБ

6

"ҰАҒББО" КеАҚ ЕҰ-ның шетелдік ҒЗҰ және әлемдік ғылыми орталықтармен шаруашылық-құнды белгілері жақсартылған негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен гибридін шығару бойынша бірлескен жұмысы

мемлекеттік сорттық сынақтан өткізуге берілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа 108 сорты мен гибриді

2025 – 2028 жылдар

АШМ, "ҰАҒББО" ҚеАҚ, (келісу бойынша)

көзделген қаражат шеңберінде

"ҰАҒББО" ҚеАҚ
ЕҰ-ның меншікті қаражаты

7

Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен біржылдық және көпжылдық гибридін жасау және мемлекеттік сорттық сынақтан өткізуге беру бойынша ҒТБ-ны іске асыру

жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының кемінде 36 сорты мен гибриді

2024 – 2026 жылдар

АШМ

*7 740 000 мың теңге, оның ішінде:
2024 ж. – 2 580 000 мың теңге
2025 ж. – 2 580 000 мың теңге
2026 ж. – 2 580 000 мың теңге

РБ


3. Аграрлық ғылым және селекция мен тұқым шаруашылығы субъектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар

8

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ұлттық гендік қоры" РММ құру және ұстау жөніндегі ұсынысты пысықтау және дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

2025 жылғы қаңтар
 

АШМ

талап етілмейді


9

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту

мақұлданған бюджеттік өтінім

2025 – 2028 жылдар (жыл сайын)

АШМ, Қаржымині

*4 000 000 мың теңге, оның ішінде:
2025 ж. – 1 000 000 мың теңге
2026 ж. – 1000 000 мың. теңге
2027 ж. – 1 000 000 мың теңге
2028 ж. – 1 000 000 мың теңге

РБ


4. Тұқым шаруашылығының тиімді жүйесін құру

10

Тұқымдар мен отырғызу материалдарын
бақылаудың цифрлық платформасын құру

тұқымдарды бақылаудың ақпараттық жүйесін пайдалануға беру актісі

2028 жылғы қаңтар

АШМ, ЦДИАӨМ,
"ҰАҒББО" ҚеАҚ келісу бойынша), ЭСТО (келісу бойынша)

талап етілмейді


11

Қазақстанның Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) кіруі

Өсімдіктердің жана сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа мүшелік (UPOV)

2026 жыл

АШМ

талап етілмейді


12

Табысты әлемдік тәжірибе негізінде тұқым кластерін қалыптастырудың ынталандыру тетігін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

2025 жылғы қаңтар
 

АШМ, Қаржымині

талап етілмейді


13

Салалық қауымдастықтар мен одақтардың тұқым шаруашылығын дамыту мәселелеріне қатысты рөлін күшейту

бірлестіктер мен ұйымдарды аккредитациялау туралы АШМ бұйрығы

2025 жыл

АШМ

талап етілмейді


      * қаражат 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет лимитінде көзделген (өсімдік шаруашылығы бойынша ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 7 ғылыми-техникалық тапсырма 2023 жылғы 10 сәуір – 4 мамырда "Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" Ғылымының басым бағыты жөніндегі ұлттық ғылыми кеңесте және 2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда мақұлданды).

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

БНҚ

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҒТБ

ғылыми-техникалық бағдарлама

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МИЖ

мемлекеттік инвестициялық жоба

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

РБ

республикалық бюджет

"ҰАҒББО" КеАҚ

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ЭСТО

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады