Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 және "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 435 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларында:

      4-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

      Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы болып табылатын, уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысжайда тұратын азаматтар жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) болуы туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген анықтаманы қосымша ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) зардап шеккен азаматтарда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының мәліметтері, сондай-ақ мына: әлеуметтік қорғау органдары; ішкі істер органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; денсаулық сақтау және білім беру мекемелері мәліметтерінің; коммуналдық төлемдерді төлеу туралы мәліметтердің бірі көрсетілген тұрғын үйге иелік етуді растау болып табылады.";

      7-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бірнеше құрылысжай болған жағдайда бір тұрғынжай ғана беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстың меншік иесінде белгіленген құрылыс нормалары мен қағидаларына, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келмейтін жатақханадағы бөлме түріндегі тұрғынжайдың немесе басқа тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы тұрғынжай алуға кедергі болып табылмайды.";

      2) "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жекелеген жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған қираған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншік құқығында басқа тұрғынжайы жоқ меншік иелері және олардың отбасылары үшін тұруға жарамсыз болып қалған құрылыс жатады.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген бірнеше құрылысжай болған жағдайда құрылысжайлардың біреуі ғана өтелуге тиіс.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайға ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің бірін мыналар арқылы айқындайды:

      1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту;

      2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады