"Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 469 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 593 бірлік болып бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 469 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті

Атауы

Штат санының лимиті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде:

593

Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі

336


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады