Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 және "Рентабельдігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, "Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген кен орындарының санатына жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібінде:

      21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген, кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) сәйкес келетін бір немесе бірнеше өлшемшарт қамтылады.";

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өтініште көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық шешімдерге (құжаттарға) сәйкес кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) қайтарымын ұлғайтуға бағытталған шаралар қабылдаудың нәтижесінде кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген санатқа жатқызу туралы шешім қабылданғаннан кейін орын алған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деректемелерінің, кен орны (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) параметрлерінің өзгеруі бұрын қабылданған шешімді қайта қарауға негіз болып табылмайды.";

      2) "Рентабельдігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, "Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Қарағанды облысындағы Құмкөл мұнай-газ конденсатты кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігі

Қарағанды облысындағы Құмкөл мұнай-газ конденсатты кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігінде көмірсутектерді өндіруге арналған 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 4886-УВС келісімшарты

Алып тасталды

"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орнының су басуы 97,9 %-ды құрайды

Су басқан

0,35

1. 46°26'05" с.е.
65°30'55" ш.б.

2. 46°26'24" с.е.
65°33'18" ш.б.

3. 46°27'57" с.е.
65°35'00" ш.б.

4. 46°27'25" с.е.
65°36'28" ш.б.

5. 46°28'32" с.е.
65°38'31" ш.б.

6. 46°28'28" с.е.
65°40'28" ш.б.

7. 46°27'33" с.е.
65°39'59" ш.б.

8. 46°26'30" с.е.
65°40'00" ш.б.

9. 46°24'30" с.е.
65°40'30" ш.б.

10. 46°23'05" с.е. 65°41'27" ш.б.

11. 46°23'10" с.е. 65°37'45" ш.б.

  ";

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындары

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1996 жылғы 31 мамырдағы № 40 келісімшарт

Алып тасталды

"Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орындарында мұнайды су басу мынаны құрайды:
Өзен – 89,3 %;
Қарамандыбас – 86,8 %

Су басқан

2,6

1. 43°32'00" с.е. 52°31'30" ш.б.

2. 43°32'15" с.е. 52°31'59" ш.б.

3. 43°30'40" с.е. 52°37'40" ш.б.

4. 43°30'48" с.е. 52°40'34" ш.б.

5. 43°30'43" с.е. 52°42'50" ш.б.

6. 43°29'46" с.е. 52°46'33" ш.б.

7. 43°29'45" с.е. 52°49'16" ш.б.

8. 43°28'51" с.е. 52°52'54" ш.б.

9. 43°28'23" с.е. 52°55'47" ш.б.

10. 43°27'15" с.е. 53°00'32" ш.б.

11. 43°22'40" с.е. 53°03'58" ш.б.

12. 43°21'15" с.е. 53°04'33" ш.б.

13. 43°20'30" с.е. 53°01'51" ш.б.

14. 43°20'43" с.е. 52°58'28" ш.б.

15. 43°21'30" с.е. 52°54'50" ш.б.

16. 43°22'25" с.е. 52°52'46" ш.б.

17. 43°24'41" с.е. 52°46'11" ш.б.

18. 43°27'28" с.е. 52°39'33" ш.б.

19. 43°28'00" с.е. 52°37'20" ш.б.

20. 43°30'33" с.е. 52°30'53" ш.б.

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады