Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жекеше бастама негізінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 500 қаулысы.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған "Түркістан облысының елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету үшін Өгем өзенінде су электр станцияларының каскады бар топтық су құбырын салу" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін "OCEAN ENERGY COMPANY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жекеше бастамасы негізінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы ұсынысымен келісілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Ұлттық экономика, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика, Көлік министрліктерімен және Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады