"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 506 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) білім берудің білім беру-сауықтыру ұйымдары мен олардың тиісті түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      97) және 98) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "113-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 166-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "166-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіптік шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 210-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "210-1) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      212) тармақша алып тасталсын;

      213) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "213) меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      215) және 216) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 216-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "216-1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылық жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады