"Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 507 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдарда:

      реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "




4. Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.


5. Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.


      ";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "




6. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну.


      ".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады