Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1016 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |