"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 544 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының жарғысында:

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеуді және Қор тобында ендіруді ынталандыру, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу;";

      49-тармақтың 15-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылатын жобалар шеңберінде Қор тобына кірмейтін заңды тұлғаларға қамтамасыз етілмейтін кредит (қарыз) және (немесе) кепілдік беру туралы шешімдер қабылдау;".

      2. 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады