"Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шiлдедегi № 568 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларында:

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілер арасында қару-жарақ пен әскери техниканы беру бірлескен шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады, оны қабылдаушы тарап әзірлейді және тапсырушы тараппен келісіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады