"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шiлдедегi № 569 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.


Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы




Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға


17 АЕК

Көрсетілген қосымша ақы базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметін жүзеге асыратын педагогтерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті дипломы немесе білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі


Ғылым докторларына


34 АЕК


Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге)


25 АЕК


Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге)


42 АЕК


Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға


50 АЕК

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады